Жануарлар әлемінде



бет2/3
Дата22.11.2023
өлшемі2.26 Mb.
#484099
1   2   3
Презентация қазақша тақырыбы "Жануарлар әлемінде"(5 сынып)

Жүзетін құстар
Галапагос пингвині
Сандер пингвиндері
Корольдік пингвині
Магеллан пингвині
Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды.
Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Ұядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразымен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің құрсағында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып тұрады. Жұмыртқасын көбіне жарғақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетеді. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері(галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.
Ұшатын құстар
Тырна
Қоқиқаз
Қаз
Бірқазан
Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар.
Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ұзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет