Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. - Тамыр мен сабақтан жапырақтың басты айырмашылығы - ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
- Қызметі: Жапырақ - өсімдіктерде фотосинтез жүретін, ауа алмасатын, көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын маңызды вегетативтік мүше. Сонымен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін атқарады.
- Жапырақтың морфологиялық
- құрылысы
Жапырақтың негізгі бөліктері: - Жапырақ алақаны - жапырақтың негізгі бөлігі. Жапыраққа тән қызметтер негізінде осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
- Сағақ – жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі
- Жапырақ негізі дегеніміз – жапырақ тақтасынаң сабаққа бекінетін төменгі бөлімі.
- Жапырақ қынабы – жапырақ тақтасынан сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма
- меристемасын қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
- Бөбе жапырақ - жапырақ негізінен өсіп шығатын ерекше өскіншелер - кішкентай жапырақшалар, тікенек пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбе жапырақ негізгі жапырақ тақтасынан ертерек жетіліп, бүршік ашылған кезде түсіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |