3-бөлім. Адам Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?



Дата02.01.2022
өлшемі1.3 Mb.
#453590
түріСабақ
1 сабақ Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді

3-бөлім. Адам

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?

Оқу мақсаты: 4.2.3.1 зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну Сабақтың мақсаты: Зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау. Адамның анатомиялық моделімен жұмыс жасау.

Бүгінгі сабақта сен - адам ағзасындағы зәр шығаружүйесімен танысасың; - зәр шығару жүйесінің ағза үшін маңызын білесің Сабағымызды бастамас бұрын адамның сезім мүшелерін еске түсіріп алайық. - Адам ағзасы сыртқы орта әсерін , күн райының ыстық не суық екенін қалай сезеді?


Адамның сезім мүшелері.

Есту мүшесі Көру мүшесі

Иіс сезу мүшесі











Дәм сезумүшесі Сипап сезу мүшесі

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Адам ағзасындағы мүшелер

Пиктограмманы зерделе. Адам ағзасының ішкі мүшелерін ата. Оларды қандай жүйелерге біріктіруге болады?

Қай мүшелер ешбір жүйеге енбей қалды? Неліктен? Олар туралы не білесің? Ешбір жүйеге енбей, өздігінен жұмыс істейтін мүше болуы мүмкін бе?



Дескрипторы: Адам ағзаларының қандай топтарға бөлінетінін біледі, оларды ажырата алады;

.


Зәр шығару жүйесі.

Суретте қандай мүшелер көрсетілген? Олар қандай қызмет атқарады деп ойлайсың? Адам ағзасындағы артық су мен зиянды заттар қалай шығарылады?


бүйрек бүйрек

қуық несепағар


Адам ағзасындағы тамақ қорытылып, артық су, зиянды заттар үнемі сыртқа шығарылып отырады.Бұл жұмысты зәр шығару жүйесі реттейді. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық жатады.

Бүйрек - үшбұрышқа ұқсас жұп мүше. Оның негізгі қызметі-қанды зиянды заттардан тазартып, зәр түзу. Бүйректің сыртқы жағы дөңес, ішкі жағы ойыс болып келеді. Ойыс жағында несепағар орналасады.

Несепағар - түтікше тәрізді мүше.Бүйректе түзілген зәр осы несепағар арқылы қуыққа өтеді.

Қуықіші қуыс, бұлшық етті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады, кейін несеп өзегі арқылы сыртқа шығады.

Зерттеу жұмысы

Дескрипторы:

Зәр шығару мүшелерінің қызметін анықтайды 

Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?

Ағзаны керексіз заттардан, артық су мен тұздардан тазартуға өкпе, тері және асқорыту жүйесі де қатысады. Өкпе арқылы көмірқышқыл газбен бу түріндегі су бөлінеді. Тері арқылы су мен тұздар термен бірге шығады.

Ал тамақтың қалдығы тікішек арқылы шығарылады.


Бекіту тесті

Бекіту тесті

1. Зәр шығару мүшелерін ата.

А. Бауыр, асқазан

В. Бүйрек, несепағар,қуық

С. Құлақ, мұрын, ауыз

2. .......... - түтікше тәрізді мүше.

А. Қуық

В. Несепағар

С. Бүйрек

3. ............. – іші қуыс, бұлшықетті мүше

А. Қуық

В. Несепағар

С. Бүйрек

Сенің бүгінгі жетістігің



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет