Тақырып: Топырақтың ылғалдылық қасиеттері.
Жоспар:
1. Топырақтың ылғалдылық қасиеттері
2. Топырақ суларының формалары өсімдікке сіңімді және сіңімсіз сулар
3. Топырақтың ауа режимдері
Топырақ қопсытылған су сиымдылығы бар дене болғандықтан оның құрамында азды – көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын – шашынмен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әртүрлі. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әртүрлі болып келеді. Жалпы ылғалдың бірнеше түрі бар :
-
Химиялық байланысқан су - топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақ биологиялық процесстерге қатыспайды.
-
Бу күйіндегі су – топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бұл күйінде ол өсімдікке сіңбейді, тек тамшыға айналдырған оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
-
Гидроскопиялық су – топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз.
-
Қылтүтік суы – топырақ түтіктерінде жоғары –төмен жылжи отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
-
Гравитациялық су - өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді.
-
Қатты күйіндегі су – мұз, қар жатады. Қатты күйіндегі су өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады.
-
Жер асты ыза суы – топырақтың ол көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады.
Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы. Топырақтың су қасиеттеріне су сиымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі – бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы) жатады. Оның бүкіл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күші деп аталады, су өткізгіштігі, суды жоғары көтергіштігі, гигроскопиялығы және буланғыштығы жатады.
Топырақтың су сыйымдылық шегі – оның өз бойына белгі мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиет. Ұсталған (сақталған) су түрлеріне қарай топырақтың су сыймдылығының бірнеше түрін ажыратады. Ең көп немесе толық су сыймдылық деп топырақтың табиғи кеңістегі сумен толған жағдайын айтады.
Далалық су сыйымдылық шегі – топырақтың табиғи құрылымында бос су өз салмағымен топырақ қабатына сіңіп кетеді. Осы жағдайда жер асты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға айналмайтын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін далалық су сыйымдылық шегі деп атайды.
Каппилярлық су сыйымдылық шегі – деп судың топырақ түйіршіктерінің ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады. Капиллярлық су сыйымдылық шегі жер асты суының тереңдік деңгейіне және жоғарыдан келетін табиғи су мөлшеріне байланысты. Мұндай сулар капилляр түтіктері арқылы жоғары көтеріледі және керісінше жоғарыдан – төмен қарай жылжиды. Соның нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлі тереңдікте орналасқан тамырларына, кезінде олардың өсіп –дамуына елеулі әсер етеді.
Топырақтың су өткізгіштігі – деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткізу қасиетін айтады. Ол топырақтың түйірпектілігіне, механикалық құрамына.
Топырақ ауасы. Топырақта судан басқа, өсімдік тамырларының тыныс алуы мен бактериялардың тіршілігі үшін ауа да қажет. Топырақта неғұрлым ылғал көп болса, соғұрлым ауа аз болады және керісінше. Бұл ауа мөлшері топырақтың ылғалдығына, тығыздығына, өңдеу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп - өніп тұрған өсімдіктерге т.б. жағдайларға байланысты. Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері 30 –40 % -ке тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды.
Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.
10-Лекция .
Тақырып : Топырақты құнарлылығын арттыру.
Топырақтың классификациясы және оларды бонитировкалау.
Жоспар:
1. Топырақтың құнарлылығын арттыру шаралары.
2. Топырақты бонитировкалау.
Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, ауаны және жылуды керек етеді. Мәдени өсімдіктердің осы мұқтаждарын қанағаттандыруға қабілеті бар топырақты құнарлы топырақ деп атайды.
Құнарлылық – топырақтың ең басты, әрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті, ол басқада бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті мына төмендегідей жұмыстарды тқарудан тұрады. Атап атқанда:
1). Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру
2). Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу
3). Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді қолдану шаралары.
4). Әртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыру
Топырақ сапалығы, яғни бонитировкасы деген ұғым латынша bonita – сапалығы деген сөзден шыққан.Топырақтың сапалығын бағалау дегеніміз – топырақтың сапалығын потенциалды құнарлығын өнім беру қасиетін, табиғи және мәдениеттелген фитоценоздармен салыстыру. Топырақтың бонитировкасы іс жүзінде қолданылатын ауыл шаруашылық ерекшліктеріне қарап дәрежеленуі деп қарастыруға болады. Бонитеттеудің мынадай әдістері бар.
-
Топырақтың табиғи қасиеттері (құнарлылығы) белгілі бір дақылдар өнімімен сәйкестелінеді.
-
Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың өніміне сәйкестіріп, баға беру әдісі. Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны балмен көрсетеді.Топырақтар 1- ден 100 – ге дейінгі балл болмаса, кластарға (топтарға) бөлінеді : нашар, орташа, өте жақсы бағалар арқылы.
Бонитеттік өлшеу бойынша шкаласы жағдайына сәйкесті облыс, аудан шаруашылық көлемінде жерге баға беріледі. Мысалы : Қазақстанда 5 топырақ аймақтары бар.
11-Лекция .
Тақырып : Қазақстанның топырақ аймақтары.
Жоспар :
-
Қазақстан топырақтарын аймақтарға бөлу
-
Орманды дала, далааймағы, шөл аймақ, құрғақ дала аймақтары
3. Таулы топырақтар
Қазақстан - өз территориясының аумағы бойынша елімізде Россия Федерациясынан кейін екінші орын алады. Территориясы аса үлкен және шалғай болғандықтан республика жерінде сан алуан топырақ (оған сәйкес өсімдік) аймақтары кездеседі, бұлар бір – бірінен топырақ түрлерімен ғана емес, ондағы табиғи өсімдіктер ерекшеліктерімен, климат жағдайларымен де өзгеше болып келеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай 5 үлкен аймаққа бөлінеді.
1. Республика территориясы 4 табиғи аймаққа бөлінеді:
орманды дала, дала, шөл дала, құрғақ дала.
2. Орманды дала аймағында - Солтүстік Қазақстан облысы 2 топырақ типшесіне бөлінеді. Сілтісізденген қара топырақ 0,4 млн/га және кешенді шабынды қара топырақ тараған сұр оормандық топырақтар кебірленген топырақтар қабаттасып орналасқан. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зонаның арасында жеңішке болып иреленедеп, батыстан – шығысқа қарай созылып, өтпелі зона – орманды далада, орманның сұр топырақтары жатыр.
Бұл зона егістікке жақсы игерілген зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі.
Дала аймағы 2 типше тараған кәдімгі немесе қарапайым топырақ және оңтүстің құрғақтау даланың қара топырағы. Қарапайым топырақ Қостанай, Көкшетау, павлодар, Ақтөбе т.б. Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа- райы да жайлы. Бұл жерлерде жазы жылы, қысы суық. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 300-600 мм.Бұл зонада негізінен даланың дәнді шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан т.б өсімдіктер өседі. Қара топырақтар өсімдіктерге қажетті қоректік заттарға бай келеді.Қара шірік мөлшері 4-13 % - ке жетеді. Қара топырақ негізгі 3 қабаттан тұрады:
А – қара шірік қабат
В - өтпелі қабат
С – карбонатты иллювиалды қабат
Құрғақ дала қара қоңыр топырақтар дамыған ( 3 аймақшадан тұрады )
-
Қоңыржай құрғақ дала күнгірт топырағы
-
Құрғақ даланың нағыз қара қоңыр топырағы
-
Шөл даланың нағыз қара қоныр топырағы
Қара топырақты шалғынды – дала зонасының оңтүстігінне қарай ауа – райы құрғақтана бастайды. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 200-350 мм. Бұл аймақтарда ауа- райы жылы. Қара шірік мөлшері бұл топырақтарда 2-4 % арасында болады.
Шөлді аймақ топырақтары. Шөлді аймақ 2 аймақшадан тұрады:
-
Солтүстіктің шөлді аймақтың қоңыр топырағы
-
Орталық және оңтүстік шөлдің сұр қоныр топырағы
ТМД елдерінің оңтүстігінде ылғал мөлшері өте аз, сондықтан мұнда биологиялық тіршілік аз дамыған – шөлді аймақ кездеседі. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 80-180мм. Бұл өсімдіктің қалыпты өсуіне жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген бұта, сор шөптер шығады.Суғарып, тыңайтқыштар енгізген кезде егістіктер күн сәулесінің ыстығын алу уақыт ұзақтығын пайдаланып өнім береді.Бұл жерлерде негізінен бау- бақша, жүзімдер, көкөністер, қант қызылшасы, темекі т. Б дақылдар егіледі. Бұл жерлердің көпшілігі жайылымды жерлер.
3. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында тау бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгеінен алғандағы биіктің өзгеруіне байланысты топырақ түрлері де әрқилы болады. Ол жерлер климаттың топырақтың және өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай Батыс Тянь- Шань, Солтүстік Тянь- Шань, Сауыр – Тарбағатай және Батыс алтай топырақ өңіріне бөлінеді. Батыс тянь- Шань өңірінде ( Оңтүстік облысының территориясы ) мынадай топырақ белдеулері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықта боз, кәдімгі және күнгірт боз топырақ таудың орта шеніндегі орманның шөбі мол күрең топырағы, биік таулы жердегі шалғындық топырақ кездеседі
Солтүстік Тянь- Шань Өңірінде ( қырғыз Алатауы, Іле Алатауы ) мынадай топырақ белдеулері бар. Тау етегі жазықтығындағы карбонатты шамалы боз топырақ пен ашық қара қоныр топырақ, таудың қою қара қоныр топырағы таулы жердің сілтісізденген қара топырағы орташа таулы ормандық сұр топырағы биік таулы жердің шалғындық, шалғын топырақтары. Бұдан жоғары мұз таулар және мәңгі қар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |