Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/6
Дата15.03.2024
өлшемі88.16 Kb.
#495780
  1   2   3   4   5   6
философия балнур (1)


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
«Математика» кафедрасы



БӨЖ

Тақырып: Антика заманының философиясы


Топ: ЖИА-211
Орындаған: Әлімхан Б.
Қабылдаған: Оналбеков А.


Түркістан – 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Антика заманының философиясы..................................................................4
1.2 Милет мектебі..................................................................................................7
2.Алғашқы материалистік ілімдер....................................................................7
3.Ертедегі Грекцияда матерализмнің одан әрі дамуы....................................8
4.Платонның объективтік идеализмі................................................................9
Қорытынды..........................................................................................................11
Тест тапсырмалары............................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................14

Кіріспе

Антика заманының философиясы біздің арамызға дейінгі VII – VI ғасырлар аралығында кіші азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келеді. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кезеңдегі ең ірі қала – Милете туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғында VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – фалес, Анаксимандар және Анаксимен өмір сүрді фалес (625 – 547 ж шамасы) дүнидегінің бәрі судан пайда болды және суға айналады деген пікірді ұсынады. Су оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізгі, өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», бастамасы деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда тұрпайы, аса қарапайым болғанымен бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фанлестің бұл ойын ревалюциялық идея деуге болады өйткені «бәрі пайда болды» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету сүйтіп, дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.


Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертерек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет