Жаратылыстану



Дата20.05.2022
өлшемі0.8 Mb.
#458081
Телеубай Назерке сценарий


Сынып

1

Пәні

Жаратылыстану



Бөлім

«Адам»

Тақырыбы

«Адамның дене мүшелері»

Мақсаты:

Адамның дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау.



Сәлеметсіңдерме, балалар! Бүгін біз дене мүшелерін атап және олардың қызметтерін айтып, жәнеде түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз.

-Қане, ендеше балалар біз бірінші бас мүшелерін бастап атап шығайықшы.


-Шаш
-Құлақ
-Мұрын
-Мойын
Қас
-Көз
-Ауыз

-Балалар, әрі қарай қол иық белдеулерін атаймыз!
-Иық
-Шынтақ
-Білек

-Балалар, әрі қарай аяқ – жамбас белдеулерін атаймыз!


-Сан
-Тізе
-Жіліншік
-Табан
-Башпайлар
-Жәрайсыңдар, балалар! Барлығымыз түсінген болсақ, келесі тапсырма орындасақ.

1-тапсырма
А)Адамның дене мүшелері қандай бөліктерге бөлінетінін атаймыз.
1-ші :бас мүшелері
2-ші : Қол – иық белдеулері
3-ші: Аяқ – жамбас белдеулері


Ә)Адам дене мүшелерінің қызметін сипаттаймыз.
-Балалар келесі 1- тапсырмамыздың жартысы ол біз атаған дене мүшелеріміздің қандай қызметтер атқаратынын айту.
Мысалы: Көз- көз арқылы біз көреміз. Көз арқылы айналамызда не боп жатқанын байқай аламыз.
Аяқ- аяғымыз арқылы біз жүреміз. Доп тебеміз.
Ауыз- ауызымыз арқылы біз сөйлейміз. Тамақтанамыз.
Құлақ- құлағымыз арқылы естиміз, тыңдаймыз.
Мұрын – мұрнымыз арқылы иіс сеземіз, дем аламыз.


2-тапсырма


Қане, ендеше келесі тапсырма бойынша суретке мұқият қараймыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтамыз.



-Балалар суреттерде біздің қолдарымыз секілді қолдар бейнеленіпті және біз қолдарымызбен қандай қызметтер атқаратынымыз көрсетіліпті, соларды айтып өтейікші.


2- ші суретте спортшы қолдарымен ауыр зілтемір көтеріп тұр екен.
Ал, 3- ші суретте аспазшы тағам дайындау үстінде екен.
-Өте керемет, балалар.

Тапсырмаларды дұрыс орындап шықтыңдар. Барлықтарың – өте ақылдысыңдар.


Біздің тапсырмаларымыз осымен аяқталды.


Студент:Телеубай Назерке

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет