Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
Комитетінің
2008 жылғы «20» тамыздағы
№ 33 бұйрығымен келісілген
Жарылыстан қорғалған электр құралын жөндеу жөніндегі
әдістемелік ұсыныстар
1-тарау. Жөндеу түрлері, көлемі және кезеңдігі
1. Осы әдістемелік ұсыныс жарылыстан қорғалған электр құралын жөндеуде кеңес берудің техникалық нормаларын қамтамасыз етеді. Электр жабдығы мен оның құрамдас бөліктерінің бүліну мен тозу дәрежесіне, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының қиындығына байланысты электр құралын жөндеудің келесі түрлері белгіленеді: МЕМСТ 2.602 талаптарына сәйкес ағымдық және күрделі жөндеу.
2. Жөндеу көлемі мен кезеңдігі, сондай-ақ жөндеудің қандай да бір түрін жүргізу қажеттігі нақты электр құралын пайдалану шарттары мен электр құралын шығарушы ұйымдардың нұсқаулығы ескеріліп, жоспарлы-алдын алу жөндеулердің талаптарына сәйкес белгіленеді.
3. Күрделі жөндеудің қажеттігі мен мерзімін электр құралын пайдаланушы ұйымның бас энергетигі оның техникалық жағдайын талдау негізінде ЭҚТ (Электр қондырғыларының құрылу талабы), Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талабына (әрі қарай – ТЭПТ) сәйкес анықтайды.
2-тарау. Жөндеуді ұйымдастыру
4. Қалпына келтірумен немесе жарылыстан қорғауды қамтамасыз ететін оның құрамдас бөліктерін жасаумен байланысты электр құралына жөндеу жүргізу Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, лицензиясы бар жөндеу ұйымдары орындайды.
5. Электр құралын сапалы жөндеуді қамтамасыз ететін ұйымның техникалық даярлығы:
1) жөнделетін электр құралының жөндеу құжаттамасы немесе шығарушы ұйымның құжаттамасының болуымен;
2) қажетті жабдықтың, құралдардың және инструменттің болуымен;
3) кадрларды оқыту.
6. Жөндеу ұйымы:
1) жарылыстан қорғау параметрлерін бақылауға мүмкіндік беретін өлшеуіш инструменттер жинағымен (инструменттің үлгілік тізімі 1-қосымшада берілген);
2) сапалы бұзуды және соның арқасында бөлшектер мен жинаушы бірліктерінің қосымша бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін арнайы тетіктермен және көтеруші-көлік құралдарымен;
3) пісіру, балқыту, механикалық өңдеу, жөндеу бөлшектерін және тағы басқа орнату әдістерімен жарылыстан қорғау элементтерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін механикалық, пісіру және өзге жабдықтармен;
4) жөнделетін электр құралының жекелеушісінің қызуға-өзімділік класына сәйкес орамдарды жөндеуге мүмкіндік беретін технологиялық жабдық пен материалдар жинағымен;
5) жарылысқа төтейтін қабықтың бөлшектері мен жинақтаушы бірліктеріне гидравликалық сынақ жүргізуге арналған тетіктер жинағы бар стендпен;
6) электр сынағын жүргізуге арналған стенд пен құралдармен;
7) электр құралының жарылыстан қорғайтын элементтерін тасымалдау және сақтау барысында бүлінуін болдырмайтын ыдыс пен стеллаждармен жабдықталады.
Электр құралын жөндеуді ұйымдастырғанда, қосымша орнату үшін ұсынылатын жабдықтың үлгілік тізімі 2-қосымшада берілген.
7. Жарылыстан қорғаудың барлық түрі бар электр құралын жөндеу келесі негізгі операциялардан тұрады:
1) электр құралын қабылдау және барлық жинақтаушы бірліктер мен бөлшектердің жинағын тексеру;
2) бұзу;
3) жинақтаушы бірліктер мен бөлшектерді шаю;
4) жөндеу жұмысының көлемін анықтау үшін жинақтаушы бірліктер мен бөлшектерді дефектациялау;
5) бөлшектерді қалпына келтіру және (немесе) жаңадан жасау;
6) егер шығарушы ұйымның құжаттамасы немесе жөндеу құжаттамасында көзделсе, жарылысқа төтейтін қабықтың бөлшектерін гидравликалық сынау;
7) жарылыстан қорғауды қамтамасыз ететін барлық параметрлерді жөндеу және жинау барысында олардың шығарушы ұйымның құжаттамасы немесе жөндеу құжаттамасы талаптарына сәйкестігін тексеру;
8) жинау;
9) электр сынағы;
10) электр құралын бояу;
11) жөнделген электр құралының шығарушы ұйымның құжаттамасы немесе жөндеу құжаттамасы талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттаманы ресімдеу;
12) жөнделген электр құралын беру.
8. Электр құралын ағымдық жөндеуді кәсіпорындардың пайдаланушы қызметтері шығарушы кәсіпорын нұсқаулығына сәйкес электр құралын пайдалануға жауапты дайындаушы ұйымның жетекшілігімен жүргізеді.
9. Пайдалану орнында ағымдық жөндеу кезінде жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлшектердің ішінен өтпелі байланыс қысқыштарын, жекелегiш қалыптарды, тығыздағыш сақиналарды, кабель муфталарын, қысқыш құрылғыларын, кабельдердiң кiрiс жалғанысын, электр құралдары қабығының бекiту болттарын ауыстыруға болады.
10. Жарылыстан қорғалған жоғары вольтты ірі электр машиналарын тұрған (пайдаланылатын) жерінде жөндеуді жарылыстан қорғалған электр құралын жөндеу құқығына лицензия алған ұйымның жылжымалы бригадалары жүргізеді.
11. Жарылыстан қорғалған электр машиналарын тұрған (пайдаланылатын) жерінде жөндеуді шығарушы ұйымның құжаттамасына немесе 7 бөлімге сәйкес өңгелген жөндеу құжаттамасы бойынша жүргізеді.
3-тарау. Жөндеу құжаттамасы
12. Электр құралын жөндеу үшін зауыт немесе мамандандырылған жобалау - құрастырушы және технологиялық ұйымдар әзірлеген жөндеу құжаттамасы қолданылады.
Электр құралын жөндеу үшін шығарушы ұйым осы құралды жасауға берген жұмысшы құрастырмалық құжаттаманы (техникалық шарттар, жұмыс сызбалары және тағы басқалар) қолдануға болады.
13. Жөндеу құжаттарының жинағының толықтығы мен номенклатурасы МЕМСТ 2.602 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
14. Жөндеуші ұйымның жөндеу құжаттамасы мен шығарушы ұйымның құжаттамасына жарылыстан қорғауға әсер ететін өзгертулер енгізу жөніндегі ұсыныстары сынаушы ұйыммен және өнеркәсіп қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
15. Электр құралын шығарушы ұйымның құжаттамаға енгізетін өзгертулері сынаушы ұйыммен қосымша келісуді қажет етпейді.
Қалған жағдайларда жөндеу құжаттамасына өзгертулер енгізу МЕМСТ 12.2.021 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
16. Электр құралының жарылыстан қорғауына әсер етпейтін және жөнделген электр құралының сапасын нашарлатпайтын материалдар мен жөндеу технологиясын қолдану бөлігінде жөндеу құжаттамасынан немесе шығарушы ұйымның құжаттамасынан уақытша ауытқуға болады. Бұл ауытқу жөндеуші ұйымның техникалық басшысы бекітетін ауытқулар картасымен ресімделеді.
4-тарау. Жөндеуге қабылдау және жөндеуден кейін беру
17. Электр құралын жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін беру тәртібі ҚР ФС 301200016659 ОАО-003 сәйкес жүргізіледі.
Электр құралын жөндеуге тапсыру актінде электр құралының үлгісі, паспорттық мәліметтері, электр құралы жөндеуден кейін жұмыс істейтін ток шамасы, жөндеу түрі көрсетіледі.
Актіде келесі мәліметтерді көрсету ұсынылады:
1) пайдалануға енгізілген мерзім;
2) жөндеуге берілген мерзім;
3) электр құралы пайдаланылған жұмысшы механизмінің үлгісі;
4) жөндеуге беру себебі (жұмыс істемей қалған соң, жоспарлы тәртіпте және тағы басқа);
5) техникалық жағдайы (жөнделетін немесе ауыстырылатын құрамдас бөліктердің атауы, тоқтау сипаты);
6) алдыңғы жөндеулер жөнінде мәлімет.
18. Жөндеуге берілген электр құралын тапсырушы кірден тазартады, улы және қоздырғыш заттардан зарарсыздандырады.
19. Электр құралының жинағында барлық бөлшектері мен жинақтау бірліктері, оның ішінде жарылыстан қорғау деңгейі мен түрі көрсетілген зауыт тақтайшалары мен маркалау белгілері қоса беріледі.
Егер барлық паспорттық мәліметтер актіде немесе жөндеу құжаттамасында берілсе, электр құралы жөндеуге зауыт тақтайшаларынсыз қабылданады.
Иесі көрсетілген жөндеуде электр құралын енгізу құрылғыларының бөлшектерін демонтаждау қоректендіру кабелін қайтадан бөлуді қажет ететін болса, оны жөндеуге бұл бөлшектерсіз тапсыруға болады. Мұндайда пайдалану жерінде қалған электр құралының енгізу құрылғылары бөлшектерінің жарылыстан қорғау құралдары тексеріледі, сондай-ақ электр құралы мен оның бөлшектерінің жарылыстан қорғайтын ашық беттерінің бүліну мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады. Техникалық даярлық актіде (3-қосымша) бұл бөлшектер аталады.
20. Электр құралын сыртынан қарау нәтижесі бойынша жөнделеді. Электр құралын жөндеуші ұйым дефектациялап, жөндеу жұмысының көлемін белгілеген соң оны жөндеу мүмкіндігін біржола анықтайды.
Егер электр құралын дефектациялау нәтижесінде оны жөндеудің мүмкін еместігі немесе тиімді еместігі анықталса, біржақты акт жасалып, тапсырушыға жолданады.
21. Электр құралын жөндеуді қабылдау білікті қабылдаушылармен жүргізіледі.
22. Қабылдаушы жөндеуге түскен электр құралына жөндеу нөмірін береді және оны қабылдау журналына енгізеді, иесі болмаған жөндеуде нөмір берілмейді.
23. Жөнделген электр құралы техникалық шарттар немесе оны алмастырушы өзге құжат талаптарына сәйкестікке, белгілі бір класты, шағын класты немесе электр құралының нақты үлгісін жөндеуге (жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына, күрделі жөндеу бойынша басшылыққа) тексеріледі.
24. Жөнделген электр құралы техникалық даярлық актісімен бірге беріледі, оның нұсқасы 6-қосымшада берілген.
5-тарау. Электр құралын бұзу және дефектациялауды ұйымдастыру
25. Жарылыстан қорғау және отырғызу беттерін бүлінуден сақтау үшін электр құралын бұзу, бөлшектері мен жинақтаушы бірліктерін алу арнайы тетіктердің көмегімен, қажет болғанда жергілікті қыздыруды қолдану арқылы жүргізіледі. Ұрғыш инструмент жұмсақ балқымадан, пластмассадан, ағаштан, резеңкеден жасалған насадкалармен жабдықталады.
26. Бөлшектер мен жинақтаушы бірліктер дефектацияға шайылып, кептірілгеннен кейін түседі.
27. Электр құралын дефектациялау жөндеу құжаттамасы немесе оны жасауға берген жұмысшы құжаттама бойынша жүргізіледі.
28. Электр құралын дефектациялау техникалық бақылау персоналымен жүргізіледі.
29. Дефектация жүргізілетін жұмыс орны жақсы жарықтанады (500 лк – тен кем емес) және әмбебап және арнайы өлшеуіш инструментімен, тетіктер мен стеллаждармен жабдықталады.
30. Бөлшектер мен жинақтаушы бірліктерді дефектациялау нәтижесі дефектация журналына енгізіледі. Журнал нысаны 7-қосымшада берілген. Иесі аталмаған жөндеуде дефектация журналын жүргізу міндетті емес.
31. Егер дефектация кезінде құжаттаманың барлық талаптарын қамтамасыз ету мүмкін еместігі анықталса, тапсырушының келісімі бойынша жөндеуден жалпы мақсаттағы немесе кеніштік қалыпты электр құралы шығарылады. Мұндай электр құралынан жарылыстан қорғау деңгейі мен түрі көрсетілген маркалау белгісі алынады, І топты электр құралы үшін орнына «РН1» немесе «РН2» белгілері (кеніштік қалыпты МЕМСТ 24754) орнатылады.
6-тарау. Жарылыстан қорғаудың әр түріндегі электр құралын жөндеу ерекшеліктері
1-параграф. Жарылыстан қорғаудың «жарылысқа төтейтін қабық» түріндегі электр құралы (МЕМСТ 22782.6, МЕМСТ 12.1.010)
32. Осы түрдегі электр құралының жарылыстан қорғауы:
1) қабықтың құрамдас бөліктерінің жоғары механикалық төзімділігі;
2) қабықтың жарылысқа төтеуші жалғастары параметрлерінің сақталуы;
3) сымдар мен кабельдердің ену ұштарын эластикалық тығыздағыш жүзіктермен немесе қатқыш массамен тығыздау;
4) қабық бөлшектерінің, оның бөліктерінің, ток жүретін және жерлестіретін қысқыштарды бекіту бөлшектерінің өздігінен ашылып кетуін болдырмау үшін серіппелі шайбаларды және арнайы өзге құрылғыларды қолдану;
5) қабық бөліктерін бекітіп тұрған бекітуші болттар мен гайкалардың бастары үшін қорғау жүзіктерін немесе қазындыларды қолдану, бұл электр құралын арнайы инструменттің көмегінсіз бұзудың мүмкін еместігін қамтамасыз етеді;
6) жерлестендіру мен блоктаудың арнайы қысқыштарын қолдану;
7) қабықтың сыртқы бөліктері қызатын температураны шектеу;
8) жарылыстан қорғайтын беттерді коррозияға төзімді маймен сылауды қолдану, бұл олардың бүлінуден ұзағырақ сақталуын, тиісінше, жарылысқа төтейтін жалғастардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) жарылыстан қорғайтын беттердің бұдырлық параметрінің нормаланған мәндері;
10) І топты электр құралы үшін трекингке төзімді электр жекелеу материалдарын қолдану;
11) жөндеу, пайдалану құжаттамасы мен шығарушы ұйымның нақты электр құралына берілген құжаттамасында аталған өзге талаптарды орындау есебінен қамтамасыз етіледі.
33. Жарылысқа төтейтін қабықтың бөлшектері мен жинақтаушы бірліктері қандай жағдайда екеніне қарамай (жөнделген, жөндеуге берілмеген, жаңадан жасалған, кооперация бойынша алынған және тағы басқа) гидравликалық сынаққа түседі.
Жөндеуден кейін электр құралының жарылыс қауіпсіздігін бұзуға болмайды.
Жөндеуші ұйымның техникалық басшысының немесе электр құралын жөндеумен айналысатын лауазымды тұлғаның ұйғаруы бойынша электр құралының жөндеуге түспеген және бүліну іздері жоқ, болаттан жасалған, оның ішінде пісіру әдісімен жасалған, қабығының қалыңдығы 6 мм және одан да артық бөлшектер мен жинақтаушы бірліктерге гидравликалық сынақ жүргізбеуге болады.
34. Гидравликалық сынақтар МЕМСТ 22782.6 мен ҚР ФС 301200016659 ОАО-003 берілген әдістеме бойынша жөндеу құжаттамасында немесе шығарушы ұйымның құжаттамасында көрсетілген нормалар мен сызбалар бойынша жүргізіледі.
35. Алынған металлдың қалыңдығы 1,5 мм артпаса, гидравликалық сынақтардан кейін қайталама гидравликалық сынақтар жасамай-ақ бөлшектердің нормаланған мөлшерін сақтай отырып, қабық бөліктерін қосымша механикалық өңдеуге болады.
36. Электр құралының жарылысқа төтейтін жалғастарының параметрлері жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына сәйкес болады.
37. Жарылысқа төтейтін қабықтың жарылыстан қорғайтын жекелеген бөліктерінің бұдырлығы жөндеу сызбаларына немесе шығарушы ұйымның сызбаларына сәйкес және 1-кестеде көрсетілгеннен төмен болмайды.
1–кесте
Қозғалмайтын жалғастар
|
Қозғалатын жалғастар үлгісі
|
білік
|
төлке
|
12,5 мкм
|
6,3 мкм
|
6,3 мкм
|
Ескертпе – пластмасса бөлшектердің тегіс және цилиндр тәріздес беттерін жасап болған соң жарылысқа төтейтін қабықтың жарылыстан қорғанысын қамтамасыз ететін көлемге дейін тікелей сығымдау немесе құю әдісімен осы бөлшектерді механикалық өңдеуге болады.
|
38. Бұрандасының диамері мен бекіткіш элементтерінің материалы жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына сәйкес болады.
Материалды жөндеу құжаттамасында немесе шығарушы ұйымның құжаттамасында көрсетілген төзімділік сипаттамасымен (жыртылуға уақытша қарсылық, ағындылық шегі, салыстырмалы ұзару және тағы басқа) салыстырғанда одан жоғары материалмен сызбалық көлемі мен пішіндерін толық сақтаумен ауыстыруға болады.
39. Жарылысқа төтейтін тегіс жалғастың жарылыстан қорғайтын беттерінің жалпы тегіссіздігі жарылысқа төтейтін қуыстың нормативтік енінен аспайды.
40. Жарылыстан қорғайтын беттерде ойылу, ұрылу, жаншылу, тоттану, қараю, бояу іздерінің болуы мен өзге кемістіктерге жол берілмейді.
41. Жарылысқа төтейтін қабықтың жарылыстан қорғайтын бөліктерінде өңделгеннен кейін диаметрі 1 мм аспайтын, ретсіз орналасқан, саны 1 см2 бетте 20 артық емес тесікшелердің болуы мүмкін, оның 6 тесікшесінің диаметрі 0,5 мм - 1 мм дейін болады.
Соңғы өңдеу аяқталған соң жарылыстан қорғайтын бетте құюдың көлемі жағынан елеусіз кемістіктерін (ойықтар, қаралық және тағы сол сияқты), пісірудің елеусіз ойықтарын, сондай-ақ механикалық бүліну іздерін (ұрылу, жаншылу тағы сол сияқты) болат бөлшектер үшін - жұмсақ бітемелер жапсыру арқылы (ПОС-40 немесе ПОС-61), шойын үшін – мыс пен латуньмен жапсыру арқылы жоюға болады. Аталған кемістіктерді жою композициялық материалдармен бітеу арқылы жасалады. Кемістіктерді түзететін материалдарға талаптар 5-қосымшаға сәйкес қойылады.
42. Кемістіктерді түзеткенде 1-сурет, 2-кесте және келесі талаптар басшылыққа алынады:
1) кемістік беті бүлінбеген металлға дейін бөлінеді;
2) кез келген екі бөліндінің арасындағы бүлінбеген қысқа жол 2-кестеде берілген мәндерден кем болмайды;
3) құю кемістігінің Вн аймағында орналасқан бөлінген беті d диаметрлі шеңберге енеді, егер бөлінген бөлік Вн аймағынан шықса, бұл бөліктің көлемдері нормаланбайды;
4) Вн ұзындығы анықталатын мөлшерлік жолаққа Вн аймағында орналасқан механикалық бүліну іздерін бөлу проекциясы бөлу тереңдігі Һ аспайтын (2-кесте) көлемі d-дан артпайды, егер бөлінген бөлік Вн аймағынан шықса, бұл бөліктің көлемдері нормаланбайды;
5) Н= аф-ан сақиналық аймақта бұранданың немесе өзге бекіту бөлшектері тесігінің маңындағы кемістікті бітеуге болады, яғни, нақты жарылысқа төтейтін жолдың арту аймағында тесіктің жиегінен қабықтың ішкі жиегіне дейін немесе электр құралын жасаған кезде қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттама бойынша нормаланған ең таяу бөлініске дейін;
6) а н аймағы шегінде кемістікті бітеуге болмайды;
7) Н аймағы мен ВН тыс бетте бөліністердің көлемі мен орналасуы нормаланбайды;
8) бітеу материалы жақсы адгезиялы;
9) бітеу беті негізгі беттің астында орналасады және бұдырлық параметрі де сондай болады;
10) сабақтас беттер арасындағы қуысты ұлғайтатын жергілікті ұрулар немесе шоқыларға жол берілмейді.
1 – сурет
В к - жарылысқа төтейтін қосылыс (қуыс) бөлігінің құрастырмалық көлемі;
В с - жарылысқа төтейтін қосылыстың (қуыстың) нақты ұзындығы;
В н - электр құралын жасаған кезде қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттама бойынша жарылысқа төтейтін қосылыстың (қуыстың) ұзындығы.
2-кесте
Параметрлер
|
Жарылысқа төтейтін қосылыстың (қуыстың) ұзындығы, мм
|
25
|
15 және 12,5
|
8
|
Электр құралын жасаған кезде қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттама бойынша болт тесігінің жиегінен қабық жиегіне дейінгі рұқсат етілетін қуыстың ұзындығы, d Н,- тен кем емес
|
9,0
|
8,0
|
5,0
|
Бүлінбеген бет бойынша бөліністер арасындағы ең қысқа жол (ВН шегінде), l, кем емес
|
9,0
|
8,0
|
5,0
|
Бөлініс бойы шеңберінің диаметрі құю кемістігі үшін немесе бөліністің жолаққа проекциясы, ол бойынша ВН анықталады, d, кем емес
|
5,0
|
3,0
|
2,0
|
Механикалық бүлінуде бөліністің ені, в, кем емес
|
2,0
|
1,5
|
1,0
|
Бөлініс тереңдігі, Һ, кем емес
|
4,0
|
3,0
|
2,0
|
43. Жарылысқа төтейтін қосылыстың ұзындығы нормаланған В Н = 5 мм жарылыстан қорғайтын беттегі кез келген кемістікті жою тек пісіру жолымен ғана жүргізіледі. Кемістіктерді мырышпен бітеуге болмайды.
44. Басқару біліктері немесе электр қозғағыштарының біліктері үшін төлке қайрауындағы кемістіктіктердің кез келгенін бітеуге болмайды. Мұндай кемістіктері бар бөлшектер кейін қайралып, төлкені жөндеу барысында орнатылады. Кемістігі бар төлкелер ауыстырылады.
45. Бітеу және ашық тесіктердегі, қабық қабырғасындағы немесе фланецтердің бетіндегі ойықтарды тесікті егеу немесе қайрау және оған бітеу тығынды немесе Н8/u8 отырғызу (2-сурет) бойынша төлкені тығыздау арқылы түзетуге болады.
Төлкенің немесе тығындардың қалыңдығы әр жағдайда қабық құрастырмасына байланысты алынады.
Пісіру МЕМСТ 5264-80 бойынша
Төлкелерді отырғызу Н8/u8
2-сурет
Аса жүктелген болттар үшін тығындар бұрандаға орнатылады.
Тығындар мен төлкелер бір немесе екі жанынан пісіріледі. Пісірген соң жарылыстан қорғайтын бет қажетті бұдырлығы сақталып өңделеді.
46. Егер түзетулер электр құралының жарылысқа төтейтін қабығының бөлшектері сынақтан өткен соң жүргізілсе, мұндай бөлшектер қайталап сыналады.
47. Білікке немесе подшипник қалқанына орнатылған төлкелер шойыннан, мыстан, бронзадан, латуньнен сығымдалып Н8/u8 отырғызу күшті буртпен және төлкенің екінші жағын жалпайту арқылы (3-сурет) немесе винтпен (4-сурет) жүргізіледі.
Басқару білігінің сығымдалған төлкемен қосылысы
Төлке тегіс
Төлке буртпен
3-сурет
D-d - артық емес, ал L 1 - электр құралын жасаған кезде қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттамадағы мәндерден кем емес.
Қалқанды қозғағыш білігінің винтпен бекітілген сығымдалған төлкемен қосылысы
4-сурет
D-d - артық емес, ал L 1 мен L 2 – электр құралын жасаған кезде қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттамадағы мәндерден кем емес.
Күшті бурт немесе винттер әдетте, жарылысқа төтейтін қабықтың ішкі жағынан орналасады.
48. Жарылысқа төтейтін қабықтың жарылыстан қорғайтын бетін жөндеу гальваникалық болаттау әдісімен немесе қалпына келтірілген жарылыстан қорғайтын беттердің мықтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін өзге әдістермен жүргізіледі.
Әр жағдайда жөндеуші ұйым жарылыстан қорғайтын беттерді қалпына келтірудің қолданылған әдісі бұйымды келесі жөндеуге дейін қолдану мерзімі ішінде сенімді болатынына кепілдік береді.
2-параграф. Жарылыстан қорғаудың «е» түріндегі электр құралы (МЕМСТ 22782.7)
49. «е» түріндегі электр құралының жарылыстан қорғауы:
1) электр құралы бөлшектерін сапалы жасаумен;
2) жоғары сапалы электр жекелеу материалдарымен;
3) түрлі қуатты ток өткізетін бөліктер арасында жекелеудің үстіңгі беттен тесілуі мен ұшқындаудың немесе элекр доғасының туындау мүмкіндігін болдырмайтын ағып кету жолдары мен электр тесіктерімен;
4) ток өткізетін бөліктердің ұшқынсыз және рұқсат етілетін нормадан артық қызуынсыз сенімді байланысын ұзақ сақтайын жалғасуымен;
5) электр құралының кез келген бөлігінің қызу температурасының жанғыш газ, бу және шаңды ауа қоспасының тұтану температурасы мен электр құралы бөлшектеріне қонған шаңның бықсу температурасынан төмен шекті қамтамасыз ететін қорғау құрылғыларымен;
6) ток өткізетін бөліктеріне, сондай-ақ олардың су мен шаңнан электр жекелеуіне жанасуға және енуге бөгет болатын қорғау құрылғыларымен;
7) жөндеу, пайдалану құжаттамасы мен шығарушы ұйымның нақты электр құралына берілген құжаттамасында аталған өзге талаптарды орындау есебінен қамтамасыз етіледі.
50. «е» түріндегі электр құралын жөндеуде жөндеудің технологиялық процестері және жеке бөлшектер мен жинақтау бірліктерін, әсіресе орамдарды жасау жөндеудің жоғары сапасы мен электр құралының барлық паспорттық техникалық мәліметтерінің өзгермеуін қамтамасыз етеді.
51. Осындай электр құралының бөлшектері мен жинақтау бірліктерін жөндеуде жөндеу құжаттамасының немесе шығарушы ұйымның құжаттамасының жөндеуде қолданылатын сымдар мен жекелеу материалдарына, ағып кету жолдары мен электр тесіктеріне, байланыс жалғастарының, тығыздағыштардың сапасына, электр құралының жөндеуден кейінгі сынақ процесінде жылу түзіміне және тағы басқаға қатысты қойылатын талаптарының қатаң сақталуына ерекше назар аударылады.
52. Электр машиналары үшін тек иесі аталған жөндеу жүргізіледі.
3-параграф. Жарылыстан қорғаудың «артық қысым астында қабықты толтыру немесе үрлеу» түріндегі электр құралы
(МЕМСТ 22782.4)
53. Осы түрдегі жарылыстан қорғау электр құралының ток өткізуші немесе қысым астындағы бөліктерін қорғау газымен артық қысым астында толтырылған немесе үрленетін қабыққа орналастыру есебінен қамтамасыз етіледі.
54. «Артық қысым астында қабықты толтыру немесе үрлеу» түріндегі қорғауы бар электр құралын жөндегенде мыналарға ерекше назар аударылады:
1) электр құралының үрленетін қабығының, ауа түтіктерінің, ауа салқындатқыштарының, артық қысым астында үрлеу және қоректендіру жүйелерінің тұтастығы және механикалық беріктігі;
2) электр құралы қабығы мен ауа түтіктерінің ішінде қысымды және қорғау газының шығынын бақылау;
3) блоктау және дабылдау жүйелерінің жұмысы;
4) электр машиналарын қоздыру және іске қосу жүйелерінің жұмысы;
5) МЕМСТ 22782.4 жөндеуге қатысты өзге талаптарын орындау.
55. Электр құралының үрленетін қабығының және ауа түтіктерінің жеке бөліктерін жалғастыруды тығыздау қорғау газының шығып кетуіне жол бермейді.
56. Электр құралы мен ауа түтіктерінің қабықтары қорғау газының бір жарым есе артық жұмысшы қысымын, алайда 200 Па кем емес қысымды деформациясыз көтереді.
57. Электр құралы қабығының ішінде де, жарылыс қаупі бар жайдың шегінде өтетін ауа түтіктерінің бойында да қорғау газының артық жұмысшы қысымы пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес болады.
58. Барлық іске қосу жұмыстары (қоздыру, үрлеу жүйесін іске қосу және тағы сол сияқты) пайдалану құжаттамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
59. Электр машиналарының параметрлерін өзгерпей, орамдарын жартылай немесе толық ауыстырумен байланысты жөндеу осы машиналар үшін көзделген жарылыстан қорғау құралдарын сөзсіз сақтап, жалпы мақсаттағы электр машиналарын жөндеу ережелері бойынша жүргізіледі.
4-параграф. Жарылыстан қорғаудың «қабықты маймен толтыру» түріндегі электр құралы (МЕМСТ 22782.1)
60. Жарылыстан қорғаудың осы түрі:
1) пайдалану құжаттамасында берілген тоқ өткізетін бөліктердің үстіндегі сұйық диэлектрик (май) қабатының қалыңдығымен;
2) сұйық диэлектриктің электр беріктігімен;
3) қабықтың (сұйық диэлектрик бар бактың) механикалық беріктігімен;
4) қабық бөліктерінің және сұйық диэлектриктің рұқсат етілетін қызу температурасын шектеумен;
5) бір мезетте барлық фаза байланыстарын қосып-алумен;
6) байланыс материалдарының нашар балқуымен;
7)тиісті сападағы жекелеу және өзге материалдармен;
8) нақты электр құралына берілген пайдалану құжаттамасында аталған өзге талаптарды орындау есебінен қамтамасыз етіледі.
61. Май толған электр құралын жөндегенде жөндеу құжаттамасының немесе шығарушы ұйымның құжаттамасының келесі талаптарының сақталуына назар аударылады:
1) қолданылатын материалдар;
2) ағып кету жолдары мен электр тесіктері;
3) май қабатының қалыңдығы және қалыпты ұшқындап жатқан бөліктердің үстіндегі оның сапасы;
4) май деңгейінің көрсеткіштері;
5) байланыс жүйесі мен тағы сол сияқты.
62. Майға төзімді материалдарды (тығыздауға арналған резеңке, монтаждау сымдары, жекелеу материалдары, қарау шынылары және оларды тығыздаушылар және сол сияқты) қолдануға болады.
63. Электр құралының қарау шынылары мен қабығының өзге бөлшектері сенімді тығыздалады. Май қабықтың сыртына ақпайды.
64. Бактың қандай күйде екеніне қарамай, жөндеу, пайдалану құжаттамасының немесе шығарушы ұйым құжаттамасының талаптарына сәйкес гидравликалық сынақтан өткізіледі.
65. Байланыстар жөндеу, пайдалану құжаттамасының немесе шығарушы ұйым құжаттамасында белгіленген нормадан тыс тозса, жөндеуге берілмей, ауыстырылады.
5-параграф. Жарылыстан қорғаудың «ұшқынқауіпсіз электр жігі» түріндегі электр құралы (МЕМСТ 22782.5)
66. Жарылыстан қорғаудың осы түрі:
1) ұшқынқауіпсіз электр жіктері мен олармен байланысты жіктерді электр торабынан гальваникалық бөлу;
2) бұзылмайтын немесе компаундпен толтырылған қабықта орналасқан шектеуші элементтерді қолдану арқылы ұшқынқауіпсіз жіктерде қуатты шектеу;
3) монтаждау кезінде ұшқынқауіпсіз жіктер мен олармен байланысты алайда ұшқынқауіпсіз болып табылмайтын жіктерді бөлу;
4) пайдалану құжаттамасында немесе нақты электр құралына берілген пайдалану құжаттамасында аталған өзге талаптар арқылы қамтамасыз етіледі.
67. Жарылыстан қорғаудың «ұшқынқауіпсіз электр жігі» түріндегі электр құралын немесе жарылыстан қорғаудың бірнеше түрі, оның ішінде «ұшқынқауіпсіз электр жігі» бар электр құралын жөндегенде, осы жік элементтері, оларды монтаждау және электр параметрлері жөндеу, пайдалану құжаттамасына немесе шығарушы ұйым құжаттамасына сәйкес болады.
68. Электр құралының компаундпен толтырылған жинақтау бірліктері, сондай-ақ бұзылмайтын қабықта (күйдірілген, пісірілген және сол сияқты) орналасқан жинақтау бірліктері жөндеуге берілмейді және шығарушы ұйымның ұқсас жинақтау бірліктерімен ауыстырылады.
69. Аппараттың немесе құралдың электр сызбасында элементтерді басқа электр параметрлі элементтерімен ауыстыруға болмайды, себебі бұл ұшқынқауіпсіздігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
70. Қабықшасы бар бұйымдарды (трансформаторлар, дроссельдер, индуктивтілік катушкасы және сол сияқты) жөндегенде осы бұйымдардың орам мәліметтерінің жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына сәйкес болуына ерекше назар аударылады.
6-параграф. Жарылыстан қорғаудың «қабықты кварцпен толтыру» түріндегі электр құралы (МЕМСТ 22782.2)
71. Жарылыстан қорғаудың бұл түрі:
1) электр құралының қабықта орналасқан тоқ өткізуші бөліктерінің үстінде белгілі бір қалыңдықта құм қабатын жасау үшін қабықты белгілі бір құрамдағы арнайы өңделген кварц құмымен толтыру;
2) қабық және бөлшектер мен жинақтау бірліктерін бекіту элементтерінің тиісті механикалық беріктігі;
3) тиісті жекелеу материалдарын қолдану;
4) қабықтың сыртқы бөліктерінің рұқсат етілген қызу температурасын шектеу;
5) пайдалану құжаттамасында немесе нақты электр құралына берілген пайдалану құжаттамасында аталған өзге талаптар арқылы қамтамасыз етіледі.
72. Жарылыстан қорғаудың «қабықты кварцпен толтыру» түріндегі электр құралын жөндегенде жөндеу құжаттамасының немесе шығарушы ұйымның құжаттамасының қолданылатын материалдарға, электр тесіктеріне, минималды жарылыстан қорғайтын экрандалған немесе экрандалмаған тығыздаушы құм қабатына, оның сапасы мен құрамына (байытылған құмда қоспалардың құрамы, грануломериялық құрам, кварцтың судан қорқатын қызуға төзімді жабындысы, ылғалдылық және сол сияқты), сондай-ақ қабықтың беріктігі мен герметикалығына қатысты қойылатын талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.
73. Электр құралын жөндегенде жөндеу құжаттамасында немесе шығарушы ұйымның құжаттамасында көрсетілген кварц құмынан өзге құрамын, сондай-ақ өзге сусымалы толтырманы қолдану сынаушы ұйыммен келіскенде ғана мүмкін болады.
7-параграф. Жарылыстан қорғаудың арнайы түрі бар
электр құралы (МЕМСТ 22782.3)
74. Жарылыстан қорғаудың арнайы түрі бар электр құралын жөндеу жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына қатаң сәйкестікте жүргізіледі, онымен қатар істен шыққан, эпоскидті смола құйылған бөлшектері мен жинақтау бірліктері жөндеуге берілмейді және жаңасына ауыстырылады.
7-тарау. Электр құралын жинау
75. Электр құралының жинау алдында жинақталған құрамдас бөліктерін техникалық бақылау қызметі жөндеу құжаттамасына немесе шығарушы ұйымның құжаттамасына сәйкестікке тексереді.
76. Жарылысқа төтейтін қабықтың бөлшектері мен жинақтау бірліктері жөндеу жүргізілгеніне немесе жүргізілмегеніне қарамай, техникалық бақылау ені немесе олардың сапасын куәландыратын қабылдаушы мастердің белгісі болады, ал гидравликалық сынақтан өткен бөлшектер мен жинақтау бірліктерінде оларды шығарған адамның белгісі болады.
Жарылысқа төтейтін қабықтың бөлшектері мен жинақтау бірліктеріндегі белгісі рельефті болады, белгі салу тереңдігі 0,1 мм.
Белгі көрінетін бөлшектің немесе жинақтау бірлігінің сызбада көрсетілген жеріне қойылады.
Бөлшектің немесе жинақтау бірлігінің жарылыстан қорғайтын бетіне және оған тікелей жанасып тұрған және оның жалғасы болып табылатын бетке белгі қоюға болмайды. Жарылыстан қорғайтын бетпен сабақтас бетіне ен қойылатын барлық жағдайда жарылыстан қорғайтын бетте металлдың ісінуін болдырмайды.
Жарылысқа төтейтін қабықтың ұсақ ішкі бөлшектеріне белгі оңай сүртілмейтін бояумен қойылады.
77. Жинау кезінде барлық жарылыстан қорғайтын және осы бетке отырғызылатын және жалғасатын беттер сызбаға сәйкес майланады.
78. Электр құралын жинаған соң тексеріледі:
1) бекіткіш бөлшектерінің және әсіресе жарылысқа төтейтін қабықтың жалғастарының тартылу тығыздығы мен сенімділігі, сондай-ақ серіппелі және стопорлық шайбалардың немесе бекітілген бөлшектердің өздігінен бұралып кетуін болдырмайтын өзге құрылғылардың болуы;
2) енгізу құрылғысында байланыс жалғастарының сенімділігі (люфттердің болмауы, болттар мен сымшалардың айналып кетпеуі, қажетті бекітудің болуы, оның ішінде МЕМСТ 22782.0 талаптарын ескере отырып);
3) жарылысқа төтейтін тегіс жалғастардың қуысының мөлшері;
4) жөндеу тақтайшасының болуы және дұрыс толтырылуы;
5) жөндеу құжаттамасының немесе шығарушы ұйымның құжаттамасының талаптарына сәйкестік.
8-тарау. Сынау
79. Электр құралын сынау белгіленген тәртіпте аттестацияланған сынау стендерінде белгілі бір класты, шағын класты электр құралын күрделі жөндеудің жалпы техникалық шарттарына немесе электр құралының нақты түрін күрделі жөндеу жөніндегі жетекші құралға сәйкес жүргізіледі.
Тапсырушы талап етсе, сынау нәтижелері бұйымға тіркеме құжаттарында көрсетіледі.
9 тарау. Электр құралын жөндеу кезінде жаңаландыру, модификациялау немесе жетілдіру
80. Электр құралын жаңаландыру, модификациялау немесе жетілдіруге техникалық құжаттама жөндеу кезінде сынау ұйымымен келісіледі. Сынау ұйымы электр құралының үлгісін сынауға сұратып алуға құқылы.
81. Жаңаландырылған, модификацияланған немесе жетілдендірілген электр құралын өндіру және пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
82. Жаңаландырылған, модификацияланған немесе жетілдендірілген электр құралын сынау 9-бөлімге сәйкес жүргізіледі.
10-тарау. Шетелдік электр құралын жөндеу
83. Шетелдік электр құралын жөндеу отандық электр құралын жөндеуге ұқсас жүргізіледі.
84. Шетелдік электр құралын жөндеуге тапсырғанда, онда фирмалық тақтайша орнатылады және электр құралының қай класты жайда және қандай жарылыс қаупі бар ортада қолданылғанын көрсетеді, сонымен қатар, электр құралының сертификат көшірмесін және осы электр құралын пайдаланатын кәсіпорында бар өзге құжаттарды береді. Сертификат болмаса электр құралының фирмалық тақтайшасында көрсетілген жарылыстан қорғау маркасын басшылыққа алады.
85. Шығарған фирманың жұмысшы құжаттамасы болмаған жағдайда, жөндеуші ұйым жөндеуге тапсырылған шетелдік электр құралы мен Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар негізінде жөндеу құжаттамасын әзірлейді.
Шетелдік электр құралының жарылыстан қорғауды қамтамасыз ететін бөлшектерін қалпына келтіру немесе жасауға жөндеу құжаттамасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |