«Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты:
Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, жастардың орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында, 2016 жылдың сәуір айында, Астана қаласында өтетін ХХV-ші республикалық «Жас қанат» байқауында Шығыс Қазақстан облысы абыройын асқақтататын талантты жастарды іздеу, іріктеу, сонымен қатар музыкалық өнер саласында облыс имиджін көтеру, қолдау.
Байқау шарты:
-
Байқауға жеке орындаушы және вокалды топтар қатысады;
-
Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды.Әннің ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек;
-
Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;
-
Қатысушының іссапарға шығыны (жатын орны, жол ақысын, тәулік шығыны) жіберуші жақтан.
Байқаудың өту кезеңі:
-
Өтініш 2016 жылдың 27 қаңтарына дейін, келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 68, «ШҚО мемлекеттік филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, байланыс телефондары: 8-777-300-41-91 электрондық адрес: elmira_aea84@mail.ru.
-
2016 жылдың 8-9 ақпанында, Өскемен қаласы, Металлургтер мәдениет сарайында (мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы 68) өтеді.
Қазылар алқасы:
Жоғары санатты, білікті өнер шеберлерімен құрылатын қазылар алқасының құрамы ШҚО мемлекеттік филармонияның ұсынысымен талқыланып, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысымен бекітіледі. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.
Байқау бағдарламасы:
-
8 ақпан сағат 9.00 қатысушылардың тіркелуі;
-
8 ақпан сағат 14.00 байқаудың ашылуы және іріктеу кезеңі;
-
9 ақпан сағат 11.00 байқаудың 2 кезеңі;
-
9 ақпан сағат 17.00 байқаудың гала-концерті және жеңімпаздарды марапаттау.
Жеңімпазды марапаттау:
1 кезең: Облыстық «Жас қанат» байқауынан жүлделі орындарға іліккен жас орындаушыларға ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан сыйлықтар, диплом грамоталармен марапатталады.
Қосымша фонограмма (-, +) үн таспасына жаздыруға, кәсіби шығармашылық фото түсірілім ұсынылады. Жиналған материал Алматы қаласына жіберіліп, одан республикалық «Жас қанат» байқау комиссиясы іріктеу жұмыстарын жүргізеді.
2 кезең: 2016 жылдың сәуір айында өтетін XXV-ші республикалық «Жас қанат» байқауына өткен үміткерлерге ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы сахналық киіміне, фонограмма (-) және (+) өңдеулерін жазуға, іссапар шығындарына қолдау көрсетеді.
Өтініш
Аты, жөні, әкесінің аты_________________________________________
Туған күні____________________________________________________
Туған жері____________________________________________________
Электрондық адресі____________________________________________
Жұмысның немесе оқу орнының мекен жайы (жұмыс, үй, ұялы
телефондары)_________________________________________________
Қысқаша өмірбаяны ___________________________________________
Ансамбль болса атауы, жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны
_____________________________________________________________
Жеке куәлік көшірмесі
Орындайтын репертуары (әні мен сөзінің авторлары)
-
Әннің атауы ______________________
-
Сөзін жазған (толық) ______________________
-
Әнін жазған (толық) ______________________
Достарыңызбен бөлісу: |