318
319
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
еді. ...қазақ поэзиясында Абайдан соңғы ең танымал есім. Абайдан
соңғы ең көрнекті тұлға» [1, 265 б.].
Біртуар іні, бірегей шәкірттің жеке өмір жолында да,
шығармашылық бағытында да Абай ізінің соқпағы жатқаны
белгілі. Ақын бұны өз сөзінде де растап: «әкеміздің бір шешесінен
туған – Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі
мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм алланың берген
ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден
тәлім алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана
ғылымның сәулесін сездім» [2, 46 б.], – дейді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығында махаббат
тақырыбы ерекше орын алады. Ұстазы Абайдың «Адамзаттың бәрін
сүй бауырым деп»,-дегеніндей, Шәкәрім шығармашылығындағы
махаббат мәселесі де өзгеше сипатта деуге болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен таныса
келе, ақын туындыларындағы махаббат тақырыбын бірнеше топқа
бөліп қарастырдық:
1 Шәкәрімнің Жаратушыға
деген махаббаты жырланған
өлеңдері;
2 Ақынның бүкіл адамзат баласына деген махаббаты көрініс
беретін шығармалары;
3 Екі жастың арасындағы махаббатты суреттейтін оқиғаға
құрылған сюжетті поэмалары.
Бұл шығармалардың әрқайсысының өзіндік мән-маңызы
айрықша, тағылымдық, танымдық, тәрбиелік мәні зор туындылар
екендігіне көз жеткізуге болады.
Шәкәрім өлеңдерінің бір саласы Жаратушыға, жаратылыстың
тылсым құбылыстарына арналады.
Өзінің жар туралы жазған
өлеңдерінің бірінде:
Менің жарым – қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Оны сезер сіз емес,
Көзден таса бұл сыры, – дейді де, ойын әрі қарай төмендегідей
өрбіткен:
Жарға ғашық болғаныма,
Таңданатын түк те жоқ.
Жер жаралмай тұрғанында,
Менде асықтың нұры бар.
Шәкәрімнің өлеңдерінде
кездесетін Жар ұғымы Алла,
Жаратушы деген мағынада қолданылады.
Абай мен Шәкәрім шығармашылығында адамгершілік мәселесі
бастапқы орында тұрады. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең
істің бәрі бос», – дейтін ұстазының ұстамын ұстанған Шәкәрім
Құдайбердіұлының шығармашылығында адам баласына деген
сүйіспеншілік айқын байқалады. Ол жер жүзіндегі халықты ешбір
ұлтқа бөлмейді. Өзі бірнеше шығармасын аударып, көзі тірісінде
хат жазысқан Л.Толстойға тіл тигізгендерге араша түседі:
Танбаймын,
шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.
Жанымен сүйді әділет ардың жолын,
Сондықтан ол иесі терең ойдың.
Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Шәкәрім Құдайбердіұлы – дін жолын жетік білген қажы адам.
Ел ішіндегі молдалардың дініне қарап әлемдегі барша адамды сан-
саққа бөліп тастағанын қаламайды.
Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар,
Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
Өңкей алдау,
жалғанды дiнiм дейдi,
Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар
Әлемдегi дiндердiң түп мақсұты
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай – бір, ұждан – дұрыс, қиямет – шын,
Еш дiннiң мақсұты жоқ мұнан асар.
Дiн адамды бiр бауыр қылмақ едi,
Оны бөлiп, дұспандық қару жасар.
Iнжiл, Құран –
бәрi айтып тұрса-дағы,
Мағынасынан адасып қара басар.
Сүйтiп бұзып, бүлдiрiп есiл дiндi,
Дiн десе бiлiмдiлер тұра қашар.
Ешбiр дiн үйтiп дұспан бол демейдi,
Қанеки, бұл сөзiме кiм таласар?
Осы өлеңнің мазмұнында жоғарыдағы Абай айтқан «Адамзаттың
бәрін сүй бауырым деп», – деген ойы толықтай шығады. Шәкәрім
дінге алаламай, ұлтқа бөлмей барша адам баласын сүюді дұрыс
көреді. Ол үшін адамгершілік пен ақыл-білім ғана адамдардың
арасындағы таразы болмақ.
Шәкәрім өлеңдерінде сынау бар, тіпті әжуа мен сатираға да жол
береді. Бірақ оның мағынасы біреудің мінін бетіне басып келекелеу,
мазақ қылу немесе ел алдындағы беделін түсіру емес. Ақынның