Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет216/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Деректі хиқаяттың «Бір ғылым болып іңкәрі...» атты тарауында 
Қаныштың молдаға барып оқу оқырдағы толқығаны, одан кейін 
Шорман ауылындағы орыс мектебінде білім алғаны, Семейдегі орыс 
мектебін тәмамдауы рет-ретімен көркем сипатталған.
Білім алу жолында жанын аямай қызмет еткені, оқудың, білім 
мен ғылымның байыбына жастайын-ақ қанық болғаны, оның мәнін 
терең түсінгені, аса шытырман, қиын сәттерін де көрсету арқылы 
автор қаһарман бейнесін білгірлікпен сенімді ашқан. Бұл хикаяттағы 
Қаныштың әкесі Имантай ақсақал мейлінше қамқор, әділ, еңбегі адал 
азамат ретінде суреттеледі. Жазушы Имантай ақсақалды: «Қаныш әлі 
қуаныш құшағында келеді. Дәл қазір ол мынадай денесі зор, бойы 
биік, қалқасы сенімді адамның – жетпістен асқан жасы шашы ағартып, 
қимылын баяулатқаны болмаса, дене бітімі мен ширақ жүрісіне қылау 
түспеген, ал шешек дағы тарғылдаған қоңырқай жүзіндегі кішілеу 
қой көздері нұрын жоғалтпаған әкенің соңынан келе жатқанына 
қуанды» [6, 182 б.]. Көзі қарақты, ақылы кемел, ел-жұртына қадірлі 
Имантай ақсақалдың жетпістен асқанда да ел арасында сыйлы, қадірлі 
болғанын жазушы осылай шебер кескіндейді.
Гуманистік танымның белең алуы, азаматтардың өзіне ден қоя 
бастауы, бұл субъективтік танымның өскендігінің белгісі. Алайда, 
ол кеңестік идеология кезінде бұрмалауға тап болды. Гуманизм 
бәсең тартқан кезде, халықтың субъективтік белсенділігі төмендеп 
кетеді. Ал, гуманизм салтанат құрған кезде азат ой, адами ар-ождан 
биіктейді. Себебі, ой азаттығы адамның рухына, ой-санасынав, 
жасампаздығына ерік береді. Осындай ерекшеліктер арқылы 
адам өзін, өзінің тарихтағы бағытын жан-жақты тани түседі. Сол 
себептен, ой азаттығының әрекеті, ол әрі қарайғы гуманизмнің 
әрекеті деп таныған жөн. Гуманизм принциптері халықтың тарихын, 
танымын көрсетеді. Ол адамгершілік қасиет, ерік. Жігер секілді 
адам болмысына тән сипаттарды қамтиды. Адамның танымы 
тарихи құбылыс, әрі ол уақыт жылжыған сайын тереңдеп, 
толысып отырады. Яғни, гуманизм өзгеріске бейім тұратын ұғым. 
Тарихи тұрғыдан алсақ, әр дәуірдегі гуманистік ой-пікірлерде 
алшақтық болғанымен, гуманизм жалпы алғанда, адамзаттың ортақ 
ойлауының нәтижесі болып табылады. Гуманизм адамгершілікті 
үндес ойлау ағымы бола отырып, таным мен ондағы байланыстық 
мәселесін ұғындырады. Тарихта жасаған гуманистердің қандай 
пікірді уәж еткеніне қарамастан, оларда ой ортақтығы көрініс 
береді. Бұл әр түрлі ағымда дамыған гуманистік ойлардың сабақтас 
дамуын айғақтайды.
Е. Букетовтің қай шығармасын оқысақ та байқағанымыз 
– жазушы образ сомдауға жетік. Жазушының «Алты хат» 
шығармасының кейіпкерлері Мәжит Нұрбаев, Агрофена Федоровна, 
Анна Агеевна, Аққағаз Жәкенова, Шәріп Жеделбаев, т.б. өмірде 
болған адамдар. Автор олардың әрқайсысының жекелеген 
кейіптерін келтіре отырып, сол кездегі қазақ балаларына сабақ 
берген мұғалімдері мен ғалымдарының типтік бейнесін жасауды 
мақсат тұтады. Бұл повестің басты кейіпкері Мәжит Мұқанұлы 
Нұрбаев жаны таза, рухани жан-дүниесі бай, оқымысты-химик 
ғалымның балалық шағынан бастап, институт басшысына дейінгі 
көтерілген еңбек жолы, табыстары мен жеңілістері, толғаныстары 
мен тебіреністері терең психологиялық мәнерде, хат түрінде 
шынайы суреттелген. Басты бейне Мәжит Мұқанұлының 
адамгершілік, этика, мораль мәселелеріне бей-жай қарай алмайтын 
мінезін жазушы дөп басып, ерекше назар аудара отырып суреттеген. 
Басты кейіпкердің сәтті істерімен қоса сәтсіз істері де болғанын 
жазушы қатар өреді. Соның бірі өзі директор болып отырған 
институттың бұрынғы қызметкері зейнеткерлікке шыққаннан 
кейін болған оқиғасы. Осы оқиғадан кейінгі кейіпкер толғанысы 
кімді де болса ойландырмай қоймайды. «Қарттың қарсыласқанына 
көнбей, мен ол кісіні тротуарға дейін шығарып салдым. Жерден 
тілегені көктен түскендей қуанған қарт, кіп-кішкентай доп-
домалақ болып, томпаңдап бара жатты. Біздің ол кісіге, еңбегі 
сіңіп, демалыста жүрген адамға жасауға тиісті қамқорлықтан 
артық ешнәрсе істемегенімізді қайдан білсін. Кетіп бара жатқан 
ақсақалдың сыртынан қарап тұрып, жер үстінде қуануы да жеп-
жеңіл пенделердің аз емес екенін ойладым. Осындай ешкімге 
қиянаты жоқ, адал еңбекке сенген адамдардың жан парасаттылығын 
пайдаланып, арамыздан шығарып тастап, кейін оп-оңай ұмытып та 
кететін жағдай бар екендігін сезініп, торығып қызметіме қайттым» 
[7, 159 б.]. Жылма-жыл, күнбе-күн өз бойына жүйелеп жиған 
білімдерін студенттерге дарытып, әлі де жастар арасында болуды 
ойлаған алпыстағы доцентті ай-шайына қарамай зейнеткерлікке 
аттандырған институт басшылығының әрекеті туралы да жазушы 
қызғылықты етіп баяндайды.
Замана келбетін суреттеу, адамдардың тұлғасын мүсіндеу – 
жазушының ізгі мұраты. Әрқашан өмірмен өкшелесіп отыратын 
қаламгер ұлы дүбірден шет қала алмайды. Қаламгердің қырағы көзі 
өзінің ата-бабасының өмір сүрген дәуірі мен өз кезеңі оқиғаларының 
жаршысы болуды, соларды ардақтауды өзіне мақсат тұтуы да 


388
389


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет