Шошқа немесе қарулы цепень (Taenia solium) – тениоздың қоздырушысы.
Негiзгi иесi - тек адам. Аралық иелерi - шошқа, жабайы қабан және т.б., сонымен қатар кейде адам.
Инвазия көзі тек адам болып табылады. Науқас нәжісімен жұмыртқалардан тұратын жетілген бунақтар сыртқа түседі. Жұмыртқа одан ары даму үшін шошқаның ішегіне түсуі қажет. Шошқа цепень жұмыртқасымен ластанған жеммен, адам нәжісімен қоректенгенде залалданады. Жұмыртқадан асқазанда 6 ілмекті онкосфера шығып, ілмектерiмен қабырғасын тесiп, қан тамырларына түсiп, ағыспен бүкiл мүшелердi аралап, көбiнесе бұлшық етте, сирек жүректе, өкпеде, мида т.б. цистицерк типті финнаға айналады. Цистицерк d=0,5-1,5 см болатын мөлдiр сұйығы бар қапшық. Сұйықтықтың iшiнде құрылымы жағынан ересек цепеньге ұқсайтын ішке қарай жатқан басы көрiнедi. Финналар шошқа бұлшық еттерінде ұзақ уақыт сақталады.
Финналар жетілген формасына негізгі иесі – адамның ішегіне түскенде ғана айналады. Адамға шошқа цепені шикi жеткiлiктi термиялық өңдеуден өтпеген финноздық шошқа етiн пайдалану арқылы жұғады. Кейбір жағдайда адам шошқа цепенінің аралық иесі болуы мүмкін. Жеке бастың гигиенасы ережесін сақтамаған жағдайда жұмыртқалармен залалданған тағамдар және лас қол арқылы немесе құсқан кезде (аутоинвазия) онкосфера iшектен асқазанға қайта түседі. Асқазанға түскен онкосфералар қан арқылы бұлшық еттерге, көзге және миға жетіп, цистицерк типті финналарға айналып, адамда зілді ауру - цистицеркозды тудырады. Цистицерктер 2-3 ай iшiнде қалыптасады
Жасушалық биология
1. Отбасында туа біткен жүрек ақауы (қарынша перделерінің ақауы) және микрофтальмия диагнозымен қыз бала дүниеге келдіАнамнезден белгілі болғаны жүктіліктің 6-7 аптасында анасы қызамықпен ауырған.
Сұрақтар:
1. Бұл ақауларға қандай факторлар себеп болды? Осы факторлардың классификациясын жазыңыз.
2. Адамның онтогенетикалық дамуының қатерлі кезеңдерін атап, сипаттаңыз.
Дизрупция немесе деструкция (disruption)- сыртқы ортаның, мысалы тератогендік факторлар әсерінен мүшенің дамуындағы морфологиялық өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |