Жасушалық биология
1. Балалар босанатын бөлмеде жаңадан дүниеге келген нәрестені алғашқы тексеру кезінде даму ақаулары: қатты таңдайды мен ерін жырығы анықталынды.
Сұрақтар:
1. Онтогенездің қандай жасушалық механизмдері бұзылған? Онтогенездің барлық жасушалық механизмдерін атаңыз.
2. Осы механизмдерді сипаттаңыз.
Пролиферацияның,адгезия,миграция бұзылуы, жүйке түтігінің деффектісі – жабық жүйке түтігінің бұзылуы, қасқыр таңдайлық және қоян ерін – даму немесе ұлпалардың бірігуі бұзылады. Онтогенез механизмдеріне келесi үдерістер жатады: пролиферация немесе жасушалық көбею (бөліну), миграция немесе жасушаның орын ауыстыруы, жасушалардың сұрыпталуы, олардың бағдарламалы жойылуы (апоптоз).
Пролиферация - жасушалардың бөлінуі және көбеюі; 2. Жасушалардың миграциясы және адгезиясы; 3. Жасушалардың таңдамалы сұрыпталуы; 4. Жасушаның апоптозы – жасушалардың бағдарламаланған өлімі.
Паразитология
2. 56 жастағы науқас хирургқа оң жақ қабырға астының ауырсынуына, дененің және көздің сарғаюына шағымданды. Бауырды УДЗ-мен тексеру кезінде құрамы біртекті, кистозды түзіліс пайда болғаны анықталды.
Сұрақтар:
1. Осы аурудың қоздырғышы, оның медициналық маңызын анықтаңыз.
2. Осы паразиттің тіршілік циклін сипаттаңыз.
Тіршілік циклы (2 сурет). Негізгі иесі - ит, қасқыр, шибөрі, аралық - шөп қоректі сүтқоректілер, ірі және ұсақ қара мал, шошқа, түйе және адам. Жетілген бунақтар негізгі иесінің нәжісімен немесе белсенді қозғалып, аналь тесігінен шығып, жүнінде жұмыртқаларын қалдырады. Жайылымда шөпке түскен жұмыртқалар аралық иелерінің ас қорыту жолына түседі. Аралық иесінің ішегінде жұмыртқадан онкосфера шығып, қабырғасын тесіп қан тамырларына түседі. Одан әрі ең бірінші бауырға, одан өкпеге, миға және басқа мүшелерге тарайды. Ол жерлерде онкосфера эхинококк типті финнаға айналады (1 сурет;Б). Финнасы күрлелі құрылысты, екі қабықшадан – сыртқы (хитинді) және ішкі (ұрықтық) тұрады. Көпіршіктің ішінде сұйықтық болады, ұрықтық қабықшадан қабырғалық сколексі ішіне қараған камералар түзіледі. Сонымен бірге, көпіршік қуысында сколексі бар жас көпіршіктер болады. Финна баяу өседі, бірақ өте үлкен мөлшерге дейін өсуі мүмкін. Ақырғы иелері ірі және ұсақ малдың эхинококкпен залалданған мүшелерін жегенде жұғады. Финнадан негізгі иесінің ішегінде ересек формасы дамиды.
Адам жиі жеке бастың гигиенасының ережелерін сақтамағанда, ауру итті сипағанда, жуылмаған қол арқылы жұқтырады. Кейде эхинококкк жұмыртқалары жайылымда иттің нәжісімен ластануынан қойдың немесе сиырдың жүніне түсіп, адамға жануарларға күтім жасағанда не жүнің қырыққанда ластанған қолы арқылы да жұғады. Адам эхинококкоз ауруын таратуда маңызды роль атқармайды, өйткені ол эхинококк үшін биологиялық тұйық бұтақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |