Жазба жұмыстарының нормалары Қазақ тілі


Математика пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлері



бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі449.5 Kb.
#185762
түріМазмұндама
1   2   3

Математика пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлері:
1. Математика пәнінен оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау:

«5» - а) барлық сұрақтарға толық жауап береді, математикалық ұғымдарды

өздігінен қолдана алады;

б) математикалық ұғымдарды қолдана отырып, өздігінен есептер

шығара алады;

в) сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшей алады;

г)геометриялық фигураларды, олардың элементтерін дұрыс атай

алады, белгілейді, периметрін ауданы есептей алады т.с.

«4» - а) толық жауап бермейді, бірақ дұрыс жауапты айтады;

б) есептеуде 1- қате жібереді;

в) өз қатесін өзі тауып, түзетсе.

«3» - а) тапсырманы орындауда 2-3-4 қателер жібереді, бірақ

математикалық ұғымдарды түсінеді;

б) есеп шығаруда мұғалімнің көмегімен жауапты түзетеді;

«2» - бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындай алмайды.

2. Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:

«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;

«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3

өрескел емес қателер жіберілсе;

«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;

«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.

Бақылау жұмыстарының көлемі 1 сыныпта -35 минут, 2-3-4 сыныптарда – 45 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.

Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:



  • бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;

  • болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасау;

  • тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;

  • оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.

Математикалық диктантты бағалау критерийлері:

(құрамында 8-10 есептер)

«5» - барлық тапсырмалар дұрыс орындалғанда;

«4» - тапсырмалардың 1/5 бөлігі орындалмаса;

«3» - тапсырмалардың 1/4 бөлігі орындалмаса;

«2» - тапсырмалардың 1/2 бөлігі орындалмаса.



Өзіндік жұмысы тек екі есептен тұрған жағдайда бағалау:

«5» - екі сөз есеп дұрыс шығарылса;

«4» - екі есеп шығаруда 1 қате болса;

«3» - екі есеп шығаруда 2-3 қате жіберілсе;

«2» - екі есеп дұрыс шығарылмаса.

Өзіндік жұмысы үш есептен тұрған жағдайда бағалау (4 сынып):

«5» - үш есеп дұрыс шығарылса;

«4» - үшеуден екі есеп дұрыс шығарылса;

«3» - үш есептен қателер жіберілсе, бірақта жауаптары дұрыс болса;

«2» - түгел есептер дұрыс шығарылмаса немесе бір есеп ғана дұрыс шығарылып, екуі дұрыс балмаса.

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып

есептеледі:


  • амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;

  • есепті дұрыс шығармаса;

  • қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;

  • амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі бұзылса;

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып

есептелмейді:

  • есептеуде рационалды емес әдістерін қолданса;

  • тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;

  • есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса.

Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:

Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:

100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4 сыныптарда оқытылады. Пәнді оқытудың басты мақсаты оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін арттыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.



2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      35. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
      1) мәтінді саналы оқуды;
      2) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
      3) мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
      4) мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
      5) көлемі 150–200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді;
      6) мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды;
      7) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
      8) тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
      9) ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
      10) халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
      11) өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
      12) өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
      13) оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);
      14) шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
      36. 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
      1) сурет бойынша диалог құруды;
      2) тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
      3) ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
      4) сызба бойынша өлең құрастыруды;
      5) өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма–суреттемелер жазуды;
      6) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
      7) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
      8) 2-3 өлеңді жатқа айтуды;
      9) мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
      10) 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.
6. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      37. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
      1) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;
      2) нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;
      3) мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;
      4) көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;
      5) көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;
      6) мәтінге түрліше жоспар құруды;
      7) мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;
      8) мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;
      9) оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;
      10) шығармадағы негізгі ойды табуды;
      11) шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;
      12) мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.
      38. Оқушылар меңгеруі қажет:
      1) ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;
      2) сызба бойынша өлең құрастыруды;
      3) өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
      4) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
      5) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
      6) мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
      7) 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.
7. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      39. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
      1) тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;
      2) мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;
      3) қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);
      4) өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);
      5) көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;
      6) басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты–диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;
      7) шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;
      8) мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;
      9) мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
      10) мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;
      11) мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;
      12) әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.
      40. Оқушылар меңгеруі қажет:
      1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
      2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;
      3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;
      4) ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
      5) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
      6) мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;
      7) әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
      8) көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;
      9) ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;
      10) сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;
      11) тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;
      12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
      13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
      14) 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды.
      41. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуінен;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;
      3) ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;
      4) қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;
      5) мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;
      6) адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.
      42. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
      1) бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;
      2) мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;
      3) мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;
      4) көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;
      5) шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;
      6) шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;
      7) ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;
      8) танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.
Оқу біліктілігіне негізгі мінездемелер:

1. Түсініп оқу:

- түсініп оқу дегеніміз – оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну;

- мәтіндегі тура және тура емес мағынада берілген сөздердің мағынасын түсіну;

- мәтіннің ішіндегі сөздер байланысын түсіну;

- мәтіннің жеке бөлімдерінің пәндік жоспар мазмұнын түсіне білу (абзатц, бөлімдері, эпизодтары);

- мәтіннің мазмұнын тереңдеу түсіне білу (жазушы бұл шығарма арқылы нені, қандай ойды білдіргісі келді).



2. Оқудың жылдамдығы:

- оқу техникасының нақты компоненті- оқу тәсілі. Оқудың буындап оқу, тұтас сөздерді оқу, бірнеше сөздерді қатар оқу түрлері бар. Оқушыны буындап оқудан жылдам тұтас сөздерді оқуға үйрету керек және оқуда сөздерді оқу жылдамдығын күшейтуге тырысу керек.



3. Мәнерлеп оқу: мәнерлеп оқуда оқушы екпінге интонацияға көңіл аударып, кейіпкердің, автордың сөздерін дұрыс мәнерлеп оқып беруі тиіс.
Бастауыш сыныптарда жылдам оқудың критерийлері:

Міндетті деңгей

Сыныптар

I жартыжылдық

II жартыжылдық

1

20-25 сөз (бір және бірнеше әріптен тұратын)

30-35 сөз

2

40-45 сөз

50-55 сөз

3

55-60 сөз

60-65 сөз

4

65-70 сөз

70-80 сөз



Мүмкіндік деңгей

Сыныптар

I жартыжылдық

II жартыжылдық

1

30-35 сөз

40-50 сөз

2

55-60 сөз

65-70 сөз

3

75-80 сөз

85-90 сөз

4

95-105 сөз

110-120 сөз



Мұғалім тексеру барысында мынаға көңіл бөлген жөн:

1.Оқушылардың тексті оқуда жылдамдығын тексеруде барлық оқыған сөздер, бір әріптен тұратын сөздер де есептеледі.

2. Оқушылардың тексті оқуда дұрыс оқуын тексеруде мыналар қате деп есептеледі:

- егерде әріпті ауыстырып оқыса;

- оқуда әріпті тастап кету;

- оқығанда өздігінен әріп қосса;

- оқығанда әріптерді, буындарды, сөздерді қайталай берсе;

- оқығанда сөздегі екпінді дұрыс қоймаса; интонацияға көңіл бөлмесе.

- мәнерлеп оқуға көңіл бөліну керек.

«Әдебиеттік оқуды» бағалау критерийлері:

Тоқсанның аяғында оқушылардың оқу біліктілігі мынадай критерийлер бойынша бағаланады: түсініп оқу, жылдам оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу.

«5» - егерде осы аталған төрт критерийлер орындалса;

«4»- егерде аталған критерийлердің біреуі орындалмаса;

«3»- егерде аталған критерийлерден екуі орындалмаса;

«2» - егерде аталған критерийлерден үшеуі орындалмаса.



Өлеңді жатқа айтуды бағалау критерийлері:

«5» - мәнерлеп жатқа айтып берсе;

«4» - жатқа айтуда өз қателерін өзі түзетіп жатқа айтса;

«3» - мәнерлеп оқымаса, өлеңді жатқа оқығанда қателер жіберсе;

«2»- жалпы өлеңді жатқа білмесе немесе толық жатқа айталмаса.

Өлеңді мәнерлеп оқуды бағалау критерийлері:

Өлеңді мәнерлеп оқуда мына талаптарға ұстаным жасау керек:



  1. Логикалық екпінді дұрыс қою;

  2. Пауза қоя білу;

  3. Дұрыс жылдам оқуды сақтау;

  4. Интонацияға көңіл бөлу;

  5. Қатесіз оқу.

«5» - аталған барлық талаптар сақталса;

«4» - аталған талаптардың 1-2- і орындалмаса;

«3» - аталған үш талап бойынша қате жіберілсе;

«2» - аталған талаптардан -3-4, немесе одан да көп жіберілсе.



Мәтінді рөлге бөліп оқуды бағалау критерийлері:

Мәтінді рөлге бөліп оқығанда мынадай талаптар қойылады:

- уақытында өз сөздерін оқи білу;

- дұрыс интонация қоя білу;

- қатесіз оқу;

- мәнерлеп оқу.

«5» - барлық аталған талаптар орындалса;

«4» - аталған талаптардан бір қате жіберілсе;

«3» - аталған талаптардан екі қате жіберілсе;

«2» - аталған талаптардан үш және одан да көп қате жіберілсе.



Мазмұндауды бағалау критерийлері:

«5» - оқыған мәтіннің мазмұнын толық айтып берсе, сұрақтарға жауабын мәтіннен таба алса, мәтіндегі ең негізгі ойды айтып берсе;

«4» - мазмұндауда 1-2 қате жіберсе, бірақ өз қатесін түсініп өзі түзетсе;

«3»- мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып мазмұнын айтса; өз бетімен мазмұнын айтып бере алмаса, бірақ мазмұнын түсінсе;

«2» - жалпы оқыған мәтінді түсініп мазмұнын айта алмаса.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың айнала қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдіс- тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Дүниетану білімі жаратылыстану ғылымдары анықтап берген заттардың белгілері мен қасиеттері, құбылыстар мен процестер, олардың өзара байланысынан тұрады. Оқушылар адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы берік білім алу мақсатында, алдымен адамның физиологиялық дамуы элементтерін, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық белгілерін, адам мен қоғамның жалпы дамуын зерделейді.



1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      20. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:
      1) табиғаттағы жанды және жансыз денелер;
      2) күн мен түннің айырмашылығы;
      3) адам қолымен жасалған заттар;
      4) табиғи құбылыстар;
      5) адамның сезім мүшелері және оны күту;
      6) өсімдік мүшелері;
      7) жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар мен құстардың тіршілік етуі;
      8) жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегі;
      9) жыл мезгілдерінің атауын, оның адам, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы;
      10) өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірі үшін маңызы;
      11) жеке бас гигиена ережелерін;
      12) қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.
      21. 1-сыныптың соңында оқушылар:
      1) табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін;
      2) айналадағы дүниені бақылау әдістерін;
      3) тұстарды бағдарлау және оның атауын меңгеруі қажет.
7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
       22. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:
      1) адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
      2) ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
      3) өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
      4) өсімдіктің тіршілік ортасы;
      5) үй жануарлары және жабайы жануарлар;
      6) жануарлар мен құстардың қоректенуі;
      7) өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс;
      8) жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
      9) өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы;
      10) сурет пен сұлбаның айырмашылығын білуі қажет.
      23. 2-сыныптың соңында оқушылар:
      1) тұсбағарды пайдалану ережесін;
      2) үй жануарларына қамқорлық жасау жолдарын;
      3) зертханалық және тәжірибелік жұмыстардағы қауіпсіздік ережесін меңгеруі қажет.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      24. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:
      1) адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;
      2) қимыл-қозғалыс мүшелері;
      3) көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;
      4) денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;
      5) табиғи және жасанды денелер;
      6) табиғат құбылыстары;
      7) ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;
      8) су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;
      9) тау жыныстары;
      10) судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;
      11) пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;
      12) өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;
      13) жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;
      14) жануарлардың топқа бөлінуі;
      15) денелер мен заттардың өзара айырмашылығын білуі қажет.
      25. 3-сыныптың соңында оқушылар:
      1) денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;
      2) секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;
      3) салауатты өмір салтын сақтауды;
      4) пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;
      5) «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын меңгеруі қажет.
9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      26. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
      1) пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызы;
      2) су айналымы, суды қорғау жолдары;
      3) адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істері;
      4) «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);
      5) ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;
      6) туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары;
      7) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;
      8) ғарыш туралы алғашқы мағлұматты пен қазақ халқының алғашқы ғарышкерлері;
      9) ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.
      27. 4-сыныптың соңында оқушылар:
      1) Қазақстаның жер бедерін (өзен, көл, тау, орман-тоғай), пайдалы қазбалардың кен орындарын физикалық картадан көрсетуді;
      2) географиялық картадан Қазақстанның шекарасын анықтауды;
      3) қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін пайдалануды меңгеруі қажет.
      28. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;
      2) адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан;
      3) өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен, салауатты өмір салтын сақтауынан;
      4) өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне деген мақтаныш сезімінен, сүйіспеншілігінен көрініс табуы тиіс.
      29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
      1) қоршаған ортаны бақылау дағдысынан;
      2) табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен;
      3) табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан;
      4) сарамандық жұмыстар жасау дағдысынан;
      5) жергілікті жердің сұлбасын сызу және оны жобалау білігінен;
      6) алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен;
      7) танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен;
      8) қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.

Дүниетану пәні бойынша оқушылардың білімін тексерудің екі түрі бар:- жазбаша, ауызша жаппай және жекелеген бақылау формалары. Жаппай бақылауда көбінесе тақырыптар бойынша жалпы , ал жекелеген бақылауда бір тақырып бойынша білімдері тексеріледі.

Тақырыптық бақылау- 1 сыныптың екінші жартыжылдығынан басталады, жылына 2-3 рет ауызша немесе жазбаша түрде (10-20 минуттық) түрде жүргізіледі.

Аралық бақылау- әр блокты («Адам», «Табиғат», «Қоғам») оқығаннан кейін жүргізіледі. Дүниетану пәнінен оқушылардың білімін тексеруде көбінесе тест тапсырмалары (ашық, жабық түрлері) жүйелі түрде қолданылады, бұл оқушыларды МАБ-ға дайындауда керек.

Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:

Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:

- 100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».

«Дүниетану» пәнінен оқушылардың білімін бағалау критерийлері:

«5» - сұрақтарға толық жауап берсе, жазба тапсырмаларын толық орындаса, тек ғанаөзіндік 1 -2 түзету болса;

«4» - жауаптарында 2-3 қате жіберсе, бірақ жауабы толық болу тиіс, жазба жұмыстарында 3-4 түзету немесе 2 қате жіберсе;

«3» - жауаптары орташа мазмұндалған, сұрақтарға толық жауаптары жазылмаған, 3-5 қателер жіберілсе;



«2» - тақырып бойынша сұрақтарға жауабын айталмаса, 6-дан астам қателер жіберсе, жазба жұмысының тапсырмаларын дұрыс орындамаса.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет