Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет20/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

І Кезең. Керуен жолға шықты...

1.Міне, саяхатшылар туған жерімен қоштасып, жолға шықты.

Тапсырма: Туған жер туралы екі мақал айту.

2.Олар қолдарына қамшыларын алып, атқа мінер алдында төрт-түлік мал туралы екі мақал айтып, атқа отырысты.

Тапсырма: Төрт-түлік мал туралы екі мақал айту.

3.Бұлар айырылмас адал достар еді.

Тапсырма: Дос туралы екі мақал айту

4.Бұл балалардың мықты-мықты өнерлері бар.

Тапсырма: Өнер туралы екі мақал айту.

5.Олар жолда батырларға кездесті.

Тапсырма:Ерлік,батырлық туралы мақал айту

6.Бес жолаушы ұзақ жол жүрді. Әбден шаршап, шөлдеп келе жатып, құдыққа кездесті. Құдықтың басында бір бойжеткен отыр екен. Олар бойжеткеннен су сұрады. Су бермес бұрын қыз оларға мынадай шарт қойды:

Қыздың шарты: Менің қолымдағы суреттерге қарап, екі-екіден мақал-мәтелдер айтыңдар. Сонда ғана бұл құдықтан су іше аласыңдар.

7. Шөлдерін басып, шешендер еліне жақындап келе бергенде, алдарынан ауыл ақсақалы шықты.

Ақсақалдың шарты: Әке, қария, ата туралы мақал айту. (ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады)
ІІ кезең: Дау мұраты – біту.

- Амансыздар ма, балаларым!

- Қош келіпсіңдер! Үйге кірмес бұрын мына мақал-мәтелдердің сыңарын табыңдар.

1. Батыр туса – ел ырысы,...

2. Адамның аласы – ішінде,...

3. Жалғыздың үні шықпас,...

4. Ақыл көпке жеткізер,....

5. Қына тасқа бітеді,...

6. Балалы үй – базар,...

7. Батыр болсаң,жауды қайтар,...

8. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,...

9. Өз басыңды дауға берсең де, ....

10.Жылы-жылы сөйлесең,...

(Бір оқушы ойннан шығады)


ІІІ кезең: Ақсақал сыбағасы...

- Жарайсыңдар, балалар! Төрлетіңдер. Осы кезде халық арасынан 3 кісі шықты. Оларға ақсақалдың немересі мынадай тапсырма берді.

Не мере тапсырмасы: Қоржыннан атамның сыбағаларын алыңдар, екі-екіден мақал айтыңдар.

1. Ұят 1. Өлімнен ұят күшті.

2. Бар барын жейді

Ұятсыз арын жейді.

1. Жақсы адамға жаттық жоқ

2. Жақсы 2. Жаңа айдан жақсылық


1. Ер бір рет өледі,

3. Ер Қорқақ мың рет өледі

2. Ер есімі – ел есінде.

IV кезең: Қоржындағы маржан сөз...

Үш оқушы жайғасқаннан кейін ақсақал оларға мынандай тапсырма береді:

тұрақты сөз тіркесінің (фразеологизмдер) мағынасын ашу.

1. Көзге түртсе көргісіз

2. Алақанның аясындай

3. Алаяқ


4. Зар болды

5. Қолы қысқа

6. Орнын сипап қалды

7. Көңілі су сепкендей басылды

8. Қырық пышақ болды

9. Бармағын тістеді

10.Ішкен-жегенін мұрнынан шығарды.

(Бір оқушы ойыннан шығады)


V кезең: Жол мұраты жету...

Қалған қос жүйрік мақал айтып жарысады, озып шыққан жеңімпаз атанады.

Күй немесе ән

Қорытынды: Әділқазылар алқасы оқушыларды марапаттайды.













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет