Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет1/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.


Дәріс № 24

Тақырып: Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.   Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

     Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру,денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.

Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта-лагерь екені даусыз.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?

Осы мақсатта біздің «Мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруға арналған әдістемелік көмек» атты ұсынылып отырған әдістемелік жинағымыздың септігі тиер деген ойдамыз.

Аннотация


Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында дайындалған. Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамыз.
П і к і р
Бұл әдістемелік құрал мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруда тәрбиешілерге оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді, белсенді түрде демалуына ықпал жасап, лагерь жұмысын жүргізуде таптырмайтын әдістемелік құрал деп есептейміз.

Аталмыш әдістемелік құралда балалардың жазғы демалысын, бос уақытын ұйымдастыру түрлері бойынша әлеуметтік маңызы бар әдістемелік нұсқаулықтар; жазғы демалысты ұйымдастыруға арналған іс-шаралар, ойындар; топтық жұмыстардың сценарийлері, жеке жоспарлар,балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес толықтай қамтылған. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есептейміз. Балалардың денсаулығын нығайтып, қоршаған ортаны танып, табиғатын аялай сүюге, еңбекке, достыққа шақыратын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, кез-келген ортада өзін-өзі көрсете білуге бағыттайтын іс-шаралар жинағын жоғары деп бағаладық.


Пікір жазғандар:


Аудандық білім бөлімінің әдіскер: Рахимова Шырай Нұркенқызы
Оқу ісінің меңгерушісі: Дуанканова Гулнар Маукеновна
Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: Алтыбаева Айжан Қалибекқызы



Сауықтыру лагерьлерінің негізгі

мақсаттары мен міндеттері


Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушыларының жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етеді,олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік алады. Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім алуын қалыптастырады.

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет