«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»
Қазахстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі
«Мақсат» Орал Жоғары медициналық колледжі
Бекітемін:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
_________ М.И.Трушкова
«____» _________ 2021 ж
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәні: «Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»
Мамандық: 09120100 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S09120101 «Фельдшер»
Орал , 2021 жыл
Құрастырған: Махметова Б.Г. - арнайы пәндер оқытушысы
«Емдеу ісі» 09120100 мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасақталды.
№4 әдістемелік циклдік комиссиясының отырысында қаралып, ұсынылды.
Хаттама № ____ «__» __________ 2021 ж.
ӘЦК төрағасы: _________ Коцелл С.О.
қолы
Модуль 1 Пациенттерге жедел медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелері. Шақыру кезіндегі фельдшерлік тактика.
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды.
ЖМК медициналық көмек түрі ретінде — бұл емдеудің барлық кезеңінде адам өміріне және денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін емдеудің барлық кенеттен пайда болған патологиялық жағдайларын жоюға бағытталған, кейінге қалдырылмай жүзеге асырылатын, емдеу-диагностикалық және тактикалық шаралардың комплексі.
ЖМК жүйесі ретінде — бұл ЖМК көрсетуді қамтамасыз ететін нормативтар, құрылымдар және механизмдердің өзара әрекеттері, оның ғылыми және методикалық қамтамасыздандырылуы және кадрларды дайындау. «ЖМК жүйесі» термині астарында шұғыл медициналық көмек көрстеудің барлық кезеңдері, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру, мамандарды дайындау жатыр; сәйкесінше ЖМК қызметімен қатар (станциялар, бөлімдер), ЖМК емханалары мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, ЖМК мамандарын дайындау орталығы және апат медицинасының орталығы кіреді.
Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімдері:
Жедел медициналық жәрдем — 4 минутқа дейін
Жедел тасымалдау — 30 минутқа дейін
Жоспарлы тасымалдау — 90 минут аралығында.
Достарыңызбен бөлісу: |