«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»


Шұғыл медициналық көмекті талап ететін хирургиялық сырқаттар



бет15/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
УМК ЖМЖС

Шұғыл медициналық көмекті талап ететін хирургиялық сырқаттар:

Ауруханаға дейінгі кезеңде құрсақ қуысының жедел хирургиялық патологиясы анықталған кездегі жалпы тәжірибелік дәрігердің міндеті :

  • Аурудың симптомын анықтап, бағалау;

  • Өмірге қаупі бар клиникалық синдромдарды анықтау;

  • Стационралық көмекке дейінгі уақытта немесе науқасты жедел жәрдем бригадасына тапсырғанға дейін науқастың өмірлік маңызды мүшелерінің қызметін қалыпта сақтауға тырысу

  • Науқасты тез арада хирургиялық бөлімге жеткізу.

Хирургиялық көмекті көрсету ерекшеліктері:

  • күйік алаңын және инфекцияланған жараларды өңдеу;

  • жұмсақ таңғыштар салу;

  • буын шығуын салу;

  • сүйек және омыртқа сынығы кезіндегі транспортты иммобилизация;

  • беткей орналасқан бөгде заттарды алу;

  • жұмсақ тіндердің беткей орналасқан түзілістерін алу;

  • абсцесс, панариций, флегмоналарды ашу;

  • өсіп кеткен тырнақты алу;

  • пункциялық цистостомияны;

  • диатермокоагуляция;

  • лимфа түйіндері мен ісікті түзілістердің пункциясы.

  • Үлкендерде, балаларда, жасөспірімдерде, егде және қарт жастағы науқастарда хирургиялық сырқат және жаралар кезінде алғашқы медико – санитарлы көмек көлемінде алғашқы дәрігерлік шараларды өткізу.

  • Жиі кездесетін хирургиялық сырқаттар мен жарақаттардың профилактикасын жүргізу.

  • Жиі кездесетін хирургиялық сырқаттар мен жарақаттардың клиникалық синдромдар бойынша ерте диагностика, салыстырмалы диагностика.




  • Жиі кездесетін хирургиялық сырқаттар мен жарақаттардың индивидуалды емін, профилактикасын біріншіік дәрігерлік көмек көрсету.

  • Диспансеризацияны жүргізу, науқастардың реабилитациясы, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, хирургиялық аурулар мен жарақаттар кезінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу;

  • Шұғыл медициналық көмекті көрсету (біріншілік дәрігерлік көмек) хирургиялық аурулар мен жарақаттар ағымын асқындыратын ауруларды анықтау;

  • Апат болған жағдайда хирургиялық профильдегі науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсете білу.

Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.



  • Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді.

  • Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет