«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша


Тақырыбы: Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы Мақсаты



бет54/124
Дата12.09.2023
өлшемі1.97 Mb.
#477307
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124
силлабус-каз2012-2013

Тақырыбы: Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы


Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясының диагностикасы және жедел жәрдем дағыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:



  • Студенттерді жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін негізгі факторлармен таныстыру.

  • Студенттерді жоғарғы тыныс жолдары стенозының клиникалық көрінісімен таныстыру.

  • Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері диагностикасымен таныстыру.

  • жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде жедел жәрдем көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  • Тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін патологиялық жағдайлар.

  • Жоғарғы тыныс жолдары стенозының дәрежелері.

  • Жоғарғы тыныс жолдарына бөгде денелер түскенде тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы

  • Ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы және емінің тізбегі.



Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .


Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
Бақылау:
Тестілер

1. Жоғары тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту үшін қолданылатын әдістер:



  1. Селлик

  2. Мендельсон

  3. Сафар

  4. Геймлих

  5. Бобров

2. Геймлих әдісі нәтижесіз болғанда сіздің іс-әрекетіңіз ?



  1. кеңірдек интубациясын орындау

  2. ӨЖЖ жүргізуді бастау

  3. жүректің сыртқы массажын жасауға кірісу

  4. коникопункцию

  5. мұрындық ауаүрлегішті енгізу

3. Тыныс жолдары обструкциясы кезінде бөгде заттар көбіне қай жерде тұрып қалады?



  1. жұтқыншақта

  2. кеңірдекте

  3. көмейде

  4. бронхтарда

  5. мұрын қуысында

4. Heimlich әдісін орындау кезде жыртылып кетуі мүмкін анатомиялық құрылым



  1. жүрек

  2. асқазан

  3. өкпе

  4. бүйрек

  5. қуық

5. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат кездескенде жасауға болмайтын әдіс:



  1. жауырын аралық аймақты ұрғылау

  2. ауа үрлегіш түтікті енгізу

  3. коникотомия

  4. трахеостомия

  5. Heimlich әдісі

6. Көмейге бөгде зат түскен жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде қандай емдік іс-шара ең алдымен орындалу қажет:



  1. ларингоскоп көмегімен бөгде затты алып тастау

  2. профильді стационарға жедел госпитализациялау

  3. жедел трахеостомия

  4. Геймлих әдісі

  5. оттегі ингаляциясы

7. Комада жатқан науқастарда жоғары тыныс жолдарының обструкциясының ең таралған себебі:



  1. көмей –жұтқыншақтың бөгде заты

  2. тіл түбірінің түсіп кетуі

  3. ларингоспазм

  4. ауыз жұтқыншақта трахеобронхиальды секреттің жиналуы

  5. эпиглоттит

8. Кеңірдек интубациясы мына жағдайдың БІРЕУІНДЕ ғана жүргізіледі:



  1. бассүйек негізінің сынығында

  2. омыртқаның мойын бөлімінің сынығында

  3. тахипное 40 аса

  4. көмей –жұтқыншақтың бөгде затпен обструкциясы

  5. көмей ісінуінде

9. Бөгде затпен шақырылған жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде патогномды симптом:



  1. тұншығу

  2. ентігу

  3. ұстамалы жөтел

  4. дене температурасының жоғарлауы

  5. кеуде торындағы ауыру сезімі

10. Жіті стенозды ларинготрахеит дамыған кезде балаларда жоғарғы тыныс жолдарының стенозына тән емес клиникалық белгі:



  1. инспираторлы ентігу

  2. тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы

  3. жоғары қызба

  4. цианоз

  5. тахикардия

11. Мұрын қуысындағы бөгде заттың болуын анықтайтын ең аз белгі


А. ауаның жетіспеуі
В. түшкіру
С. көз жасының ағуы
D. жағымсыз иісті бір жақты іріңді мұрынның бітелуі
Е. бір жақты мұрынмен демалудың қиындауы

12. Тұншығу белгілері бар бала дем алғанда шапалақ соққандай шулы дыбыс естіледі. Бұл шулық феномен неге байланысты?


А. бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасының арасынан шыққан ауаға
В. дем алғанда таңдай пердесінің қимылдауымен
С. түсіп кеткен тілдің қимылымен
D. таңдайға бөгде заттың соғылуына
Е. кеңірдекте бөгде заттың қимылдауына

13. Кеңірдекте бөгде заттың аспирациясы кезінде ең жағымсыз болжамды белгісі:


А. дыбыс байламдарының спазмы
В. ұстамалы ентігу
С. қан қақырықты жөтел
D. жұтқанда ауыру сезімі
Е. мойынның ауыруы

14. Балаларда жоғарғы тыныс жолдары (ЖТЖ.обструкциясының ең жиі себебі :


А. ЖТЖ күйіктері
В. ЖТЖ қабыну үрдістері
С. тыныс жолдарына қан кету
D. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі
Е. тыныс жолдарының жарақаты

15. Кеңірдекте бөгде затты сипаттайтын негізгі симптом:


А. ұстамалы, көкжөтел тәрізді жөтел
В. кеңірдекте бөгде заттың қозғалуы
С. ентігу
D. кеңірдекте бөгде заттың симптомсыз орналасуы
Е. ауа жетіспеу сезімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет