Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы»



Дата09.07.2016
өлшемі90.96 Kb.
#186513
түріКонкурс
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к., н/с, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 60-53-25, Uvp@korda.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Бюджеттік бағдарламалар және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маман- есепшісі, санаты D-О-4 санаты-1 бірлік, индекс №04-2-1 (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі еңбек демалыс уақыты, 28.01.2018 жылға дейін). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 83 282 теңгеден 112 431 дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау саласында жұмыстарды орындайды. Басқармаға бағынысты мекемелердің келесі жылға арналған бюджеттік өтінімнің дайындығына қатысады. Бюджет нақтыланғанда немесе бекітілгенде, бюджеттік бағдарламаларға облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды. Қаржыландыру жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізген жағдайда, тапсырыс, анықтама және жиынтық қаржы жоспарын дайындайды. Талдау жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік сатып алу есебін және басқа есептерді дайындап, бюджетті жоспарлайтын және бюджетті орындайтын уәкілетті органдарға тапсырады. Ведомстволық қарасты мекемелерінің еңбекақы қоры туралы мәлімет дайындайды. Келесі жылға арналған жұмыс жоспары мен атқарылған жұмыстар туралы есеп дайындауға қатысады.

Мекемелердің жеке қаржылық жоспарының жиынтық қаржылық жоспарына сәйкестігін тексеріп, басқарма басшысының бекітуіне дайындайды.Басқарманың штаттық кестесін бақылайды және ведомстволық қарасты мекемелердің лауазымдық категория және еңбек өтілімінің коэффициентіне сәйкес штаттық кестесінің дұрыстығын тексереді. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша есептерді мемлекеттік сатып алу порталына тапсырады. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асыру барысының тиімділігін бағалайды. Басқарма қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, бюджетке жүргізілетін аударымдарын уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Басқарма бойынша әрбір жылға арналған шығын сметасын жасайды оны қорғайды және орындалуын қамтамасыз етеді. Дебиторлық және кредиторлық төлем-қарыздардың мезгілінде өтелуін, төлем тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық құндылықтардың, қаржылық толық есебінің жүргізілуін сонымен қатар бухгалтерлік есептің уақытында айқындап тапсырылуын, қаржыға байланысты барлық кіріс-шығыстардың мезгілінде есептелуін қамтамасыз етеді. Негізгі қорларға және материалдық құндылықтарға, бағалы тауарларға есеп жүргізеді. Әр қызметкерге арнайы есеп-шот ашу, еңбек ақылары мен жол сапар шығындарының уақытында төленіп отыруын қамтамасыз етеді. Қаржыландыруға байланысты алдын-ала бюджеттің игерілуіне мониторинг жүргізуге тапсырыс береді. Қазынашылық департаментіндегі есепшоттар арқылы барлық сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге заңдылықтарға сәйкес ақысын төлеуді қамтамасыз етеді. Төлемге негіз болған тексеру заңдылығын сақтайды (келісім шарттар, шығыс сметалары т.б.). Басқарманың қаржы және мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді, есеп-қисабын жүргізеді. Басқарма қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарманың шығыстарын ұтымды пайдалануын қадағалайды. Басқарма теңгеріміндегі активтерінің, бағасы арзан және тез тозатын заттарды және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын және пайдалануын бақылау және есебін жүргізеді. Қазынашылық департаментіндегі есепшоттар арқылы барлық сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге заңдылықтарға сәйкес ақысын төлеу жұмыстарын жүргізеді. Статистикалық, салықтық, бюджеттік есептіліктерді әзірлеп және қаржыға байланысты сұралған ақпараттарды уақытылы тапсыруды. Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандығы бойынша жоғары білім.

     Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына


орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда облыстық ішкі саясат» мемлекеттік мекемесінде, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан к., құрылыс 1, 319 каб. мекенжайында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қызылорда облыстық ішкі саясат» мемлекеттік мекемесінде, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к., құрылыс 1, мекен-жайында өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары: B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тесттер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы»



мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет