Дене температурасы 1˚С-қа көтерілгенде тыныс алу жиіленеді:
орташа 2 тыныс әрекетіне
орташа 4 тыныс әрекетіне+
орташа 6 тыныс әрекетіне
орташа 8 тыныс әркетіне
орташа 10 тыныс әрекетіне
15 күн бойы дене температурасының жоғары болуы қызбаның ұзақтығы бойынша қай түріне тән ?
өткінші қызбаға
жедел қызбаға+
жеделдеу қызбаға
созылмалы қызбаға
Пиретикалық қызбаға
Қызбаның ұзақтығы 15 күннен 45 күнге дейін созылуы қызбаның қай түріне тән болып келеді?
өткінші қызбаға
жедел қызбаға
жеделдеу қызбаға+
созылмалы қызбаға
Пиретикалық қызбаға
Тамыр қабырғасына қанның басу күші; пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Пульстің бұл қасиеті қалай аталады?
пульстің ырғағы
пульстің жиілігі
пульстің кернеулігі
пульстің толуы+
пульстің ағымы
Айналымдағы қанның көлемі азайғанда, жүректің айдау көлемі төмендесе (қан жоғалтқанда) қандай пульс байқалады?
қатты пульс
орта кернеулі пульс
толық пульс
ретсіз пульс
бос пульс+
Қан қысымы жоғарлағанда қандай пульс байқалады?
қатты пульс+
орта кернеулі пульс
толық пульс
ретсіз пульс
бос пульс
пациент ағзасы бейімделген қан қысым деңгейі қалай аталады?
систолалық қан қысымы
диастолалық қан қысымы
қалыпты қан қысымы
Физиологиялық қан қысымы
жұмысшы қан қысымы+
пациент жатқан «горизонталды қалыптан» отырған немесе түрған «вертикалды қалыпқа» өткенде қан қысымының бірден төмендеуі қалай аталады?
постуральді гипотензия+
вертикальді гипотензия
физиологиялық гипотензия
биомеханикалық гипотензия
патологиялық гипотензия
сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады. Патологиялық тыныстың бұл түрі қалай аталады?
Куссмауль тынысы+
Биот тынысы
Чейн-Стокс тынысы
Грокк тынысы
атоналды тыныс
Пациентте кризис кезінде жиі байқалатын асқыну:
тырысулар
естен тану
коллапс+
криз
сандырақ
Біркелкі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануымен сипатталатын пульс қалай аталады?
жіп тәрізді пульс
қатты пульс
жұмсақ пульс
бос пульс
ырғақты пульс+
Медбике дәрігердің тағайындауымен пациенттерге темір препараттарын, ацетилсалицил қышқылын, кальций хлориді ерітіндісін таратты. Бұл дәрілерді қабылдау бойынша медбике пациенттерге қандай нұсқаулық айту қажет?
таңертең ашқарынға қабылдау
аспен бірге қабылдау
тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау
ас ішіп болған соң, 15-30 минуттан кейін қабылдау +
ұйқыдан 30 минут алдын қабылдау
Қандай дәрілерді егу үшін ампуланы алған соң арнайы журналға тіркейді; ампуланы ашпас бұрын мойынын спиртпен өңдеуді қажет етпейді, дәріні егу үшін міндетті түрде дәрігер қатысуы тиіс?
қымбат дәрілерді
жүрекке әсер ететін дәрілерді
есірткілік дәрілерді+
әсері күшті дәрілерді
наркозға қолданатын дәрілерді
Бұл әдіспен қатты дәрілік формалар, кейбір сұйық түрдегі дәрілер (ерітінділер) және аэрозольдар енгізіледі. Дәрілік затты осы әдіспен енгізілгенде, жергілікті қан тамырларынан жоғары қуысты венаға өтіп, жүректің оң бөлімдеріне, кіші қан айналымына түседі. Содаң соң дәрілік зат жүректің сол бөлімдеріне барып артериалды қанмен ағзаларға жетеді. Бұл дәрілерді енгізудің қай әдісіне жатады?
ректальді
сублингвальді+
парентеральді
ингаляциялық
пероральді
Пациентке жөтелге қарсы микстура 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішуге тағайындалды. Медбике микстураны мензуркаға қанша мөлшерде құйып беруі керек?
5 мл
7,5мл
10мл
15мл+
20мл
Дәрілік зат бұл әдіспен енгізілгенде асқорыту жолдарына бармай, қан айналымына түседі; майлы ерітінділерді, эмульсия мен суспензияларды енгізуге болмайды; асқорыту жолдарында ыдырайтын дәрілерді енгізуге болады. Бұл сипаттама дәрілерді енгізудің қай әдісіне тән болып келеді?
тері астына енгізу
бұлшық етке енгізу
тері ішіне енгізу
сублингвальді енгізу
күре тамырға енгізу+
Білектің ішкі аймағын иньекция диагностикалық мақсатта және жергілікті жансыздандыру үшін ұзындығы 2см-ден ұзын емес инемен жасалады. Бұл қандай инъекцияға тән болып келеді?
бұлшықет инъекциясы
көктамыр инъекциясы
тері асты инъекциясы
тері ішілік инъекция+
буынішілік инъекция
Қажет өлшемдегі иненің болмағандықтан, емшара бөлмесі медбикесі пациентке 50% анальгин ерітіндісін тері астына инъекция жасайтын инемен орындады. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
липодистрофия
абсцесс
инфильтрат+
иненің сынуы
гематома
Бұлшықет инъекциясы орындалған пациент инъекция орнының қатты ауырсынуға шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38°С. Инъекция орнында терінің қызаруы, жергілікті қызба байқалады. Бұл симптомдар қандай асқынуға тән?
Инфильтрат
Сепсис
Гематома
Абсцесс+
Майлы эмболия
Медбике пациент бөксесінің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет инъекциясын жасады. Иненің ұзындығы 20мм, сыйымдылығы 2мл шприц . Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
Абсцесс
Майлы дистрофия
Инфильтрат+
Иненің сынуы
Жүйке сабауының зақымдануы
Медбике пациентке 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізді. Нәтижесінде инъекция орнында ісіну, күйдіріп ашыту сезімі пайда болды. Бұл асқыну түрі қандай, оның себебі не?
гематома- ине тамырдың екі қабырғасын тескеннен
некроз- дәрілік зат тері астына кеткеннен+
дәріні қателесіп енгізгеннен
егу орнын дұрыс таңдамау- жүйке сабауының зақымдалуы
сепсис – қанға инфекция түскеннен
Медбике көктамырдан қан алу үшін «ине -ине ұстағыш» жүйесін құрастырып, артынан пробирканы жалғастырды. Содан соң пациентке венепункция жасады. Венепункция кезінде қан пробиркаға өздігінен келмеді, оның себебі не болуы мүмкін?
пациенттің қан қысымы жоғары болғандықтан
пациент қатты қорққандықтан
жүйені көктамырдан тыс құрастырып, пробиркаға ауа кіргендіктен+
пациенттің көктамыр ерекшелігінен
иненің ұшы жіңішке болғандықтан
Инфузиялық терапия кезінде медбике флаконды ауыстыру үшін система тамызғышының толық босауын күтіп, содан соң екінші флаконды жалғастырды. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
инфекцияның қанға енуі
гематома
жүйке сабауының зақымдану
ауалы эмболия+
сепсис
Медбике перифериялық тамырды катетерлеу үшін пациенттің денесінің операция жасалмаған жағының қолындағы жұмсақ, диаметрі кең, катетер ұзындығына сәйкес келетін тамырды, оған ең жіңішке перифериялық көктамыр катетерін таңдап алды. Медбикенің қателігі неде?
қабырғалары тығыздалған көктамырды таңдау керек
пациенттің операция жасалған жағындағы тамырды анықтау керек
диаметрі жіңішке тамырды таңдау керек
ең ірі катетерді таңдау керек
катетерді жіберетін сұйықтыққа байланысты таңдау керек+
Дәрігердің тағайындауы бойынша пациентке 2 күн алдын шеткі көктамыр катетері қойылған. Қарау кезінде катетер айналасында терінің қызаруы, ісінуі, көктамыр бойымен пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Бұл қандай асқынудың белгілері болып саналады?
Абсцесс
Эмболия
Сепсис
Катетердің тромбпен бітелуі
Флебит+
Пациентке бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике пациентті таңертең емшара бөлмесіне шақыртып, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді дистилденген сумен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігі неде?
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді дистилденген сумен ерітуге болмайды
бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет+
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
Пациентке майлы ерітіндіні енгізуден алдын медбике шприц поршенін кері тартқан кезде ине канюлясында аз ғана қан көрінді. Бұл жағдайда медбике не істеуі қажет?
дәріні әрі қарай енгізу
инені шамалы тереңірек енгізу немесе артқа қарай тартып тағыда тексеру+
инені алып тастап екінші жағына енгізу
инені ауыстыру
шприцті ауыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |