Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет14/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Бір кем дүние

Инкубатор балапаны
Біздің ауылдың жаңа салынған жап-жақсы мешітінің азан шақырғаны –
инкубатордан шыққан бала қораздың дауысындай жарықшақ əрі беймезгіл.
Діни мектептердің шалағайлығы. Дүмбіл молдалар дайындайды.
Бір кем дүние.
Матриархат деген не
Қайран қазақтың қара өлеңі!
Керегенің басында оймақ тұрар,
Кедейшілік жігітке қой бақтырар.
Алған жары жігіттің жақсы болса,
Атын байлап, алдында жайнап тұрар...
Ондайлар қазір бар болса, бар шығар. Əй, бірақ көбісі сол күйеуінің
өзін ерттеп мініп алып, басына жүген салып, екі тізгін, бір шылбырды
қолға алып, қалаған жағына қарай бұрып отырар.
Əйелдер қауымының қатын бастығы қоқаңдап:
– Гендерлік саясат!
– Гендерлік билік! – деп қақсап жүр ғой. Көресіні сонда көрерсің.
– Наступает матриархат!
Бүкір дүние
Бiрiншi Петр патша солтүстiктiң Балтық дейтiн теңiзiнiң бiр қолтығына,
батпақтың үстiне қала салдырды. Сол қала батпаққа батып өлген мыңдаған
адамдардың сүйегiнiң үстiне салынды. Атын Санкт-Петербург деп қойды.
Кейiн ол ат лезде өзгерiп, Ленинград болып шыға келдi.


Опасыз дүние. Жетпiс жылдан кейiн Ленинград аты өшiп, бұрынғы
есiмi қайта оралды.
Сталинград Волгоград болды.
Қаланың, елдi мекендердiң əуелгi атын өзгерте берген жақсы емес.
Ақмола едi... Целиноград болды... Астана болды...Əлдекiмдер
шошаңдап, тағы да өзгертемiз деп жүр.
Кешегi Кеңес өкiметi тұсында жер-су аттары қопарыла өзгерiп:
Андреевка, Алексеевка, т.б. толып жатқан колонизаторлар атымен
тоғытылды.
Содан не береке шықты? Қайтадан Күреңбел, Қызтоған, Қошқар-Ата,
Түктiбай, Сұрым, Кəрi-Қорған болып, баяғы қалпына келдi.
Бiрақ, əсiресе, бiр кезде Хрущев пен оның губернаторлары Соколов,
Бородин, Демиденко дегендер "Целинный край" деп өзгерткен Солтүстiк
Қазақстан тарапы сол патша заманынан, Хрущев дəуiрiнен қалған аттарға
тұнып тұр: Киевка, Малиновка, Александровка, т.т.
Киевка дегенi Нұра өзенi бойындағы елдi мекен. Əйгiлi ғалым,
халқының ардагер азаматы Кəрiм Мыңбаев туған жер. Киевканы қойып,
Кəрiм Мыңбаев қояйық десең көнбейдi. Баяғы отаршылдық қамшысы
қарғыс таңбасындай басылып қалған байғұстар, "Киевка" атынан айрылса,
арам өлетiндей өзеурейдi.
Мiне, бұл бүкiр дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет