Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Ыдыстарды мұнай өнімдері және сумен толтыру



бет12/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
Лаб.жұмыс

Ыдыстарды мұнай өнімдері және сумен толтыру


Агрегат ыдыстары сұйықпен, құю мойындарынан еркін құю арқылы немесе сорып алу арқылы (ыдыстардағы ауаны сорып алу нәтижесінде) толтырылады. Вакуумның кӛмегімен ыдыстарды толтыру үшін:

  1. Жұмыс режимі кранының (1-сурет) тұтқасы 8 «Атмосфера» жағдайында қойылады.

  2. Тарату кранының тұтқаларын 9, 14, 15 кезекгіен оң жақ сол жақ жағдайларына қойып ыдыстардан сыгымдалған ауа толық шыгарылады (егер сыгымдалған ауа бар болса, онда шығып жатқан ауаның шуылы естіледі).

  3. Ыдыстың құю мойнының тыгынын бұрап алған соң, оған құю шлангісі жалғанады.

  4. Шлангінің екінші үшы мұнай ӛнімі сорылатын ыдысқа батырып қойылады.

  5. Жұмыс режимі кранының тұтқасы вакуум жағдайына ауыстырылады.

  6. Тарату кранының тұтқасы тиісті, яғни құйылатын сұйық жағдайына

қойылады.

  1. Автомобиль моторын іске қосып, 60...70°С дейін қыздырған соң, мотор білігі орташа айналу жилігіне қойылады.

  2. Ілініс муфтасы педалін басып тұрып, қуат алу қорабының басқару иінінің кӛмегімен компрессорды қосқан соң, ілініс муфтасының педалі ақырындап жіберіледі.

  3. Мановакуумметр бойынша ыдыстың толуы қадағаланады (ыдыс толық толған кезде мановакууметр жебесі вакуумның ӛсу бағытына жылдам ауытқи бастайды).

  4. Жұмыс режимі краны тұтқасы «Атмосфера» жағдайынан ауыстырылып, тарату краны жабылады.

  5. Мотор тоқтатылады.

  6. Шлангіні ажырытқан соң, құяр мойын қақпағын жабу қажет.

Солидол айдағыш шанағын толтыру үшін жұмыс режимініңкраны
«Атмосфера» жағдайына қойылып, шанақ қақпағы ашылады. Дискіні алған соң, қолда бар құралдардың бірін пайдаланып, таза солидолмен шанақ қуысын толтыру қажет. Дискіні орнына еалып, қақпақты жапқан соң, бекіту болттарын қатайтып тартып тастау керек.
    1. Су мен солидолды жылыту


Ыдыстарда солидол мен судың бар жоғы тексеріліп, қажет болған жағдайда толықтырылады. Аккумулятор батареясы отырмау үшін мотор іске қосылады.
Агрегаттың сол жақ қапталындағы ванна-есікті ашып қою қажет.
Жылытқыш багындағы майды тексеріп, қажет болса үстемелеп құю керек.
Басқару қалқаншасындағы «Жалпы» тумблері қосылады. Бензин багының кранын ашып қою керек.
Басқару қалқаншасындағы ауыстырырып-қосқыштың «Үрлеу» жағдайында электр моторы 15...20 с жұмыс істеген соң, ол жану камерасының түтікшесінен жанармай кӛрінгенге дейін «Жұмыс» жағдайында тұрады.
Ауыстырып-қосқышты орташа жағдайға қойған соң «Білте» тумблері қосылады.
10 - 15 секунд ӛткен соң, бақылау шиыршығы қызарып жанған кезде, қыздырғыштың іске қосылғанын білдіретін бір қалыпты гуілдеген дыбыс естілуі тиіс. Осыдан соң бірден ауыстырып-қосқыш тумблерін
«Жұмыс» жағдайына қойып «Білте» тумблері ажыратылады. Егер қыздырғыш іске қосылмаса, ауыстырып-қосқышты «Үрлеу» жағдайына қойып, жоғарыда кӛрсетілген операцияларды қайталау керек.
Температураның кӛтерілуі, басқару қалқаншасындағы кӛр- сеткіш бойынша бақыланады. Температура 343°К (70°С) болған кезде жанармай кранын жауып, қыздырғыш ажыратылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет