•
Бөкейұлы Жәңгір хан (
1801
—
1845
) —
Кіші жүздің
Әбілқайыр
хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының
соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі,
Нұралының
немересі. Оның шын аты Жиһангер.
•
Әкесі
Бөкей Еділ
мен
Жайық
арасындағы елін
әуелі
сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ
хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай
1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол
хандықтың
қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. 1815
жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты
Жәңгірге берген. Алайда,
Жәңгір хан жас болғандықтан,
Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі
Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір
Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде
тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол
жерде хандықты
әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. 1823
жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін,
патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап,
Батыс
Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі
болады.
Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін
жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген
наградаларымен
марапатталып, алтын тәжбен
безендірілген I дәрежелі
Әулие Анна
орденінің
кавалері
атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш
қазақ ханы.
Хан сарайы