«Жеңіске салют» атты жас гүлмен көркемдеушілердің қалалық байқауы Жалпы ережесі



Дата18.07.2016
өлшемі24.82 Kb.
#206503
«Жеңіске салют» атты жас гүлмен көркемдеушілердің қалалық байқауы


  1. Жалпы ережесі

1.Байқаудың түпкі мақсаты мен міндеті мектеп оқушыларын отансүйгіштік сана-сезімге тәрбиелеу, жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын дамыту, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып саналады.

2.Жас гүлмен көркемдеушілердің қалалық байқауы Табиғи қорларды және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы, ҚР БжәнеҒМ-нің өсімдіктану және фитоинтродукция институты, «Nicole» компаниясы, «Дружные ребята» Республикалық газеті және «Озеленение» журналының қолдауымен Алматы қаласы ББ Жас натуралистер станциясында өткізіледі.


2. Уақыты және өткізілу мерзімі

3. Жас гүлмен көркемдеушілердің қалалық байқауы 5 мамыр 2015жылы Жас натуралистер станциясының базасында өткізіледі.

4.Фестивальге қатысу жөніндегі өтінім 25 сәуір 2015жылға дейін фестивальді ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жайға өткізіледі: Алматы қаласы, Щепкин көшесі, 27 үй; әдіскерлер бөлімі, тел: 309-75-99; факс 309-66-44, е-mail: naturalist2011@mail.ru
Өтінім үлгісі



Қатысушының

Атыжөні


Сынып, мектеп,

Ұйымның атауы



Жетекшінің аты-жөні

Жетекшінің және қатысушының байланыс телефоны


2.Байқауға қатысушылар

5.Байқауға қатысуға білім ұйымдарынан 7-10 сынып оқушылары шақырылады.

6.Фестивальге қатысуға педагогтың бастап келуімен, әр ұйымнан құрамында 2-оқушыдан тұратын топ жіберіледі.
3.Байқаудың өткізілу тәртібі

7. Көрменің ашылуы 5 мамыр сағ. 1100 де.

Осы мерзім ішінде байқау жұмыстарын орындау келесі нұсқалар бойынша болуы мүмкін:


  • Үй жұмысы ретінде.

  • Пайдалануға берілген жұмыс орнында толықтай атқарылсын.

  • Композицияның қаңқасы немесе түбірі үйде жасалады, гүлмен безендендіру жұмыс орнында орындалады.

8. Әр қатысушыға бір экспо-орын пайдалануға беріледі. Жұмыс қатысушының материалымен орындалады және тапсырманы орындау үшін қажетті жабдықтар мен жеке құралдары болуы тиіс.

9. Байқаулық жұмыстардың эстетикалық түрі, байқау жұмысының барлық уақытында да қатысушының қолдауымен болуы керек.


4. Жұмыстарға қойылатын талаптар

10. «Жеңіске салют» тақырыбындағы композиция – тапсырмасы табиғи-өсімдік материалынан еркін стилде орындалады. Композицияның элементі міндетті түрде бөртегүл болуы тиіс. Композицияның ұзындығы мен биіктігі шек қойылмайды. Мүмкіндігінше инертті материалды қосуға болады (20% аспауы керек).


5. Байқау жұмысын бағалау және марапаттау.

11.Байқаудың қазылар алқасының құрамын Ұйымдастыру комитеті бекітеді.

12.Байқау жұмысы мынандай критерилермен бағаланады: идеясы,түр-түсі, композициясы,техникасы.

13.Фестивальдің жеңімпаздарын байқауды ұйымдастырушылардың дипломымен марапатталады 05.05. 2015 ж. Жас натуралистер станциясының салтанат залында өткізіледі.



Анықтама телефондары: 309-75-99 Жас натуралистер станциясының әдіскерлер бөлімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет