«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


-ереже. Ұрыспа және ешкімді итерме



Pdf көрінісі
бет9/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

4-ережеҰрыспа және ешкімді итерме. 
Түсіндіру: «Бір-бірімізге мейірімді боламыз және бір-бірімізді ренжітпейміз». 
5-ереже. Бөліс және бірге ойна. 
Түсіндіру: «Бірге ойнау да қызық, ойыншықтармен бөлісу де қызық». 
Иллюстрация мен мысалдар: ережелерді сақтаған немесе сақтамаған 
балалардың суреттерін немесе көріністерін көрсету. Ережені сақтамағанда қандай 
жағдайлар болуы мүмкін екенін талдау. 
Сюжетті-рольдік ойын: 
Балаларды жұпқа немесе кіші топтарға бөліңіз. 
Олардан ережелерді сақтау көріністерін сомдауды сұраңыз (мысалы, бір- бірін 
тыңдау, сыпайы сөйлеу, ойыншықтарды бөлісу). 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. 
Негізгі тәртіп ережелерін қайталау. 
Пайдалы сілтеме: 
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
 


№ 4 САБАҚ. «ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ 
НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»
 
Ұзақтығы: күні бойы 
Топ: ересек (4 жастағы балалар) 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: төтенше жағдайда ақпаратты 
бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін 
есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету. 
Міндеттері: 
▪ Балаларға үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білудің 
маңыздылығын түсіндіру. 
▪ Балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте 
сақтауға және дұрыс айтуға үйрету. 
▪ Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін 
бекіту. 
Материалдар мен ресурстар: 
мекенжайы мен телефон нөмірлері бар карталар. Ойынға арналған 
ойыншық қағаз «хаттар». 
Марапаттауға арналған шағын сыйлықтар немесе стикерлер. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: 
Тәрбиеленушілермен амандасу. Үй мекенжайы мен ата-ананың телефон
нөмірлерін білу неліктен маңызды екенін түсіндіру. 
Егер бала жоғалған немесе көмекке мұқтаж болған жағдайда, бұл ақпарат 
қалай көмектесетіні туралы қысқаша әңгіме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет