Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№56/10 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – жеке немесе заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері мемлекеттік мекемелері;
3) халыққа қызмет көрсету орталығы - «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - орталық).
2. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламентке 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетілген орталық арқылы көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасының негізінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы №1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) www.uag-krg.gov.kz мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде;
2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша орталықың интернет-ресурсында;
3) осы регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің және орталықтың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
6. Стандартқа 3–қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау туралы анықтама беру не қағаз жеткізгіште көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің мерзімі:
1) осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап:
3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;
7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.
Электрондық сұрау салу көзделмеген;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты -20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Көрсетілетін қызметті беруші және орталықтың қызметі мемлекеттік
қызметті алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен өтініш жасаған сәттен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа өтініш береді;
2) орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді;
3) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн құрастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
4) жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтамаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін орталыққа жолдайды;
7) орталықтың инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
11. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
еркін нысандағы өтініш;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті өтініш алушысы).
Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту және жою үшін:
еркін нысандағы өтініш;
әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;
блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;
кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;
жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат;
көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы);
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
12. Орталық қызметкері құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.
13. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
5) уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және оның байланыс телефондары;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) орталықтың инспекторы;
2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдар және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
16. Орталықта мемлекеттік көрсетілетін қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Орталықта қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
17. Құжаттарды қабылдау орталықта «жалғыз терезе» қағидаты бойынша «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
18. Құжаттар сәйкес келген кезде орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
19. Орталық көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
20. Көрсетілетін қызметті берушіден орындалған құжаттар қолхатта көрсетілген мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда орталыққа түсуге тиіс.
21. Көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде дайын анықтаманы беруді «терезерлер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
22. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
23. Көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Орталық қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып қолхат беріледі.
24. Көрсетілетін қызметті беруші орталықтан түскен, осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықтаған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
25. Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
26. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушілердің тізбесі
-
№
|
Атауы
|
Мекенжайы
|
Телефоны
|
|
Қарағанды облысының қала және аудандарының құрылыс, сәулет
және қала құрылысы бөлімдері
|
1
|
«Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39
|
8(7212)
42-02-20
|
2
|
«Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12
|
8(7213)
92-26-03
|
3
|
«Жезқазған қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жезқазған қаласы, Алаш көшесі, 1
|
8(7102)
73-61-35
|
4
|
«Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Балқаш қаласы, Қараменді би көшесі, 10
|
8(71036)
4-92-44
|
5
|
«Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Приозерск қаласы, Балхашская көшесі, 5, 2
|
8(71039)
5-40-48
|
6
|
«Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 108
|
8(71063)
4-15-16
|
7
|
«Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
|
8(72137)
2-52-08
|
8
|
«Шахтинск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101
|
8(72156)
4-08-44
|
9
|
«Қаражал қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қаражал қаласы, Сары-Тоқа көшесі 1, 2-қабат
|
8(71032)
2-60-10
|
10
|
«Нұра ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Нұра ауданы, Киевка кенті, Мыңбаев көшесі, 44
|
8(72144)
2-12-52
|
11
|
«Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 4
|
8(71037)
2-12-33
|
12
|
«Ұлытау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 23
|
8(71035)
2-13-39
|
13
|
«Шет ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 24
|
8(71031)
2-15-09
|
14
|
«Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бұқар жырау ауданы, Ботақа кенті, Қазыбек би көшесі, 50
|
8(72154)
2-10-30
|
15
|
«Осакаров ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Первомайская көшесі, 5
|
8(72149)
4-18-42
|
16
|
«Абай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26
|
8(72131)
4-48-00
|
17
|
«Жаңаарқа ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 5
|
8(71030)
2-61-01
|
18
|
«Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Тоқтар Әубәкіров көшесі, 23
|
8(72146)
3-13-66
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі
-
№
|
Атауы
|
Орналасқан мекенжайы
|
Байланыс деректері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы
|
Чкалов көшесі, 7
|
8 (7212) 41-63-10
|
2.
|
№1 қалалық бөлім
|
Ержанов көшесі, 47/3
|
8 (7212) 33-13-10
|
3.
|
№2 қалалық бөлім
|
Чкалов көшесі, 7
|
8 (7212) 41-03-92
|
4.
|
№3 қалалық бөлім
|
Мұқанов көшесі, 5
|
8 (7212) 77-26-57
|
5.
|
№4 қалалық бөлім
|
Архитектурная көшесі, 8
|
8 (7212) 45-71-01
|
6.
|
№5 қалалық бөлім
|
21 шағын-ауданы, 6/7 үй
|
8 (7212) 32-92-51
|
7.
|
№6 қалалық бөлім
|
Серов көшесі, 73
|
8 (7212) 93-16-94
|
8.
|
Теміртау қаласының №1 бөлімі
|
Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23
|
8(7213) 44-67-45
|
9.
|
Теміртау қаласының №2 бөлімі
|
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 128
|
8(7213) 99-79-96
|
10.
|
№1 Абай аудандық бөлімі
|
Абай қаласы, Абай көшесі, 54
|
8 (72131) 4-77-07
|
11.
|
№2 Абай аудандық бөлімі
|
Абай қаласы, Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 3
|
8 (72153) 3-04-46
|
12.
|
Саран қаласының бөлімі
|
Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85
|
8 (72137) 4-25-26
|
13.
|
Шахтинск қаласының №1 бөлімі
|
Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 65 Б
|
8(72156) 5-21-25
|
14.
|
Шахтинск қаласының №2 бөлімі
|
Шахтинск қаласы, Шахан кенті, 10/16, 16-орам
|
8(72156) 3-20-99
|
15.
|
Осакаров аудандық №1 бөлімі
|
Осакаров кенті, Пристанционная көшесі, 12
|
8 (72149) 4-32-62
|
16.
|
Оскаров аудандық №2 бөлімі
|
Осакаров ауданы, Молодежный кенті, Абай көшесі, 13
|
8 (72148) 2-22-46
|
17.
|
Сәтбаев қаласының бөлімі
|
Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111
|
8 (71063) 4-03-47
|
18.
|
Балқаш қаласының бөлімі
|
Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 20 а
|
8 (71036) 6-83-37
|
19.
|
Шет аудандық бөлімі
|
Ақсу-Аюлы кенті, Жапақов көшесі, 23/1, Ақадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі, 4
|
8(71031) 2-21-88
|
20.
|
Жезқазған қаласының бөлімі
|
Жезқазған қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 9
|
8(7102)73-81-09
|
21.
|
Жаңаарқа аудандық бөлімі
|
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Оспанов көшесі, 40
|
8 (71030) 2-69-09
|
22.
|
Қаражал қаласының бөлімі
|
Қаражал қаласы, Ленин көшесі, 18
|
8(71032) 2-70-21
|
23.
|
Приозерск қаласының бөлімі
|
Приозерск қаласы, Балхашская көшесі, 7
|
8 (71039) 5-27-37
|
24.
|
№1 Бұқар жырау аудандық бөлімі
|
Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылайхан көшесі, 37
|
8 (72154) 2-23-73
|
25.
|
№2 Бұқар жырау аудандық бөлімі
|
Бұқар жырау ауданы, Бейбітшілік көшесі, 24
|
8 (72138) 3-15-62
|
26.
|
№1 Ақтоғай аудандық бөлімі
|
Ақтоғай кенті, Бөкейхан көшесі, 10
|
8 (71037) 2-11-05
|
27.
|
№2 Ақтоғай аудандық бөлімі
|
Сары-шаған кенті, Абай көшесі, 12
|
8 (71038) 22-3-39
|
28.
|
Нұра аудандық бөлімі
|
Киевка кенті, Сүлейменовтер көшесі, 2
|
8 (72144) 2-11-11
|
29.
|
Ұлытау аудандық бөлім
|
Ұлытау ауданы, Ұлытау кенті, Амангелді көшесі, 29а
|
8 (71035) 2-13-06
|
30.
|
Қарқаралы аудандық бөлім
|
Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 21
|
8 (72146) 3-17-03
|
|
|
«Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
3 -қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік
іс-қимылдар және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара
байланысты көрсететін схема
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-қимылы)
|
көрсетілетін қызметті алушы орталыққа өтініш береді
орталықтың инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді
орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн құрастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді
жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтамаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін орталыққа жолдайды
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |