Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз
Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады.
Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-ға өткізу қажет. Кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде бірнеше мәрте алуға шек қойылмайды. Сонымен қатар дербес несиелік есепті ХҚКО-нан басқа www.myth.kz. www.egov.kz» электрондық үкімет порталында немесе почта арқылы алуға болады.
Қызметтің іске қосылғаңынан бастап , бүгінгі күнге дейін Оңтүстік қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ры арқылы 1986 жеке кредиттік есеп берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |