Сабақ жоспарының үлгісі
Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІТ Startup
|
Колледж: Ж.Досмұхамедов атындағы ЖПК
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Г.Б.
|
Тобы: 1аКШИ
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Startup түсінігін сипаттау
Startup (стартап) ұғымын, түсінігін сипаттап, өнімді насихаттау және сату жолдарын біледі және маркетингтік жарнама жасау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық студенттер үшін:
Startup ұғымы туралы түсіну.
Көпшілік студенттер үшін:
Startup негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін меңгеруі.
Кейбір студенттер үшін:
Болашақ Startup жобаларға идея ұсыну
|
Бағалау критерийлері
|
- Startup ұғымын түсінеді, startup-тың негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін ажыратады
- Жобалардың табысты startup болатынына болжам жасай алады
- Болашақ startup жобаларға идея ұсынады
|
Тілдік мақсаттар
|
Startup ұғымын түсінеді. startup-тың негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін ажырата алады. Жарнама жасай алады.
Арнайы терминдер сөздігі мен терминология: Startup, инвестор, бастап келе жатқан, икемдік, іске асыру.
Айтылымға/жазылымға арналған пайдалы тіркестер жиыны: Startupты жүзеге асыру үшін..., Startupтың пайдасы...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Студенттердің сөздік қорын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жобаға байланысты кез келген пәндер: ағылшын тілі, география, физика, кәсіпкерлік және бизнес
|
Алдыңғы білім
|
Жоба, бизнес, табыс көзі, жарнама бойынша біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5-7 мин.
|
1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Жағымды психологиялық ахуал туғызу:
Студенттермен сәлемдесіп, бүгінгі сабақ бойынша «Сәттілік!» тілей отырып сабақты бастау (смайликтер көмегімен);
Mentimeter платформасы арқылы студенттердің көңіл – күйін білу.
3.Топтастыру
4.Жаңа сабаққа кіріспе.
«Жасырын сурет» әдісі арқылы топқа «Алдарыңыздағы сурет бейнелер сіздерге қандай ой салады???» деген сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екенін білу үшін алдарына мына төмендегі сурет бейнелерді жасырамын.
ІT Startup туралы негізгі түсінік беремін.
Білімді өзектендіру. «Ой қозғау» әдісі бойынша ортаға сұрақтар тасталынады.
- Startup сөзін естулеріңіз барма? Осыған байланысты қандай ұғымдарды білеміз?
- Жоба сөзін қалай түсінеміз?
- Идея, пайда табу сөздерін қалай түсінеміз?
(студенттер осы сұрақтар төңірегінде география, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен алған білімдерін ортаға салады.)
Студенттер пікіріне қорытынды жасай отырып, бүгінгі сабақта оданда тереңдетіп, стартапты қалай іске қосуға болады, жарнама қалай жасалынады, т.б. көптеген мағлұмат алатындықтарына тоқталу. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру. «Мадақтау» әдісі арқылы сабаққа белсенді қатысқан студенттерді мұғалім мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Өте жақсы!
Жақсы!
Жарайсың!
|
«Ой қозғау» әдісі
|
Сабақтың ортасы
15 мин
20 мин
15 мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |