ҚР ҰКО тiркеу куәлiгін алу жөніндегі пайдаланушының басшылыққа алуы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Мазмұны
Жеке тұлғалар үшін тіркеу куәліктерін алудың тәртібі 1
1.1 Компьютерге ең төменгi талаптар 3
1.2 Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелерi 3
1.3 UAC ОС Windows Vista, Seven функцияларын ажырату 3
1.4 Бағдарламалық камтамасыз етуді орнату 3
1.5 ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын орнату 3
2. ТІРКЕУ КУӘЛІГІН АЛУ 6
2.1 Тіркеу куәлігін шығаруға өтінім беру 6
2.2 Өтінімнің мәртебесін тексеру және сертификаттарды орнату 12
1. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДI АЛДЫН АЛА ДАЙЫНДАУ
ҚР ҰКО тiркеу куәлiгін шығаруға өтінімді табысты беру үшiн ДК алдын ала дайындауды жүзеге асыру қажет.
1.1 Компьютерге ең төменгi талаптар -
800 Ghz жиiлiгiмен Pentium 3 процессоры
-
512Mb жедел жады
-
8Mb видео картасы
-
Қолтетік,пернетақта
-
Microsoft Windows XP
-
Internet Explorer 7, Firefox 3.*, Opera 10.*
-
Java 1.6
1.2 Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелерi -
Windows XP
-
Windows Vista (UAC ажыратылған функциясымен)
-
Windows Seven (UAC ажыратылған функциясымен)
-
Linux (Ubuntu, RedHat, Debian)
1.3 UAC ОС Windows Vista, Seven функцияларын ажырату
Назар аударыңыз: Осы әрекеттерді орындаудың алдында Әкімшілік есептік жазбамен жүйеге кіріңіз.
Seven Windows операциондық жүйесі үшін күйге келтірулер
-
Іске қосу
-
Басқару панелі
-
Пайдаланушылардың есептiк жазбалары және отбасылық қауiпсiздiк
-
Пайдаланушылардың есептiк жазбалары
-
Есептiк жазбаларды бақылаудың параметрлерiн өзгерту (UAC)
-
Жорғалағыштың жағдайын өзгерту,оны төменге дейін жіберіңіз
-
«OK» батырмасын басыңыз
-
Компьютердi қайта жүктеңiз
UAC сөндірулі.
Vista Windows операциондық жүйесі үшін күйге келтірулер
-
Іске қосу
-
Басқару панелі
-
Пайдаланушылардың есептiк жазбалары
-
Есептiк жазбаларды бақылауды қосу немесе ажырату (UAC)
-
«Компьютердi қорғау үшiн (UAC ) есептiк жазбаларын бақылауды пайдаланыңыз» параметрінен құс белгіні алыңыз ( 1 сурет).
-
«OK» батырмасын басыңыз
-
Компьютердi қайта жүктеңiз
-
UAC сөндірулі.
1 сурет
1.4 Бағдарламалық камтамасыз етуді орнату
ҚР ҰКО тіркеу куәлігін алуға өтінімді табысты беру үшін JRE (Java Runtime Environment) орнату, http://java.com/download/ сайтында осы бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарып алуыңызға болады.
Назар аударыңыз: JRE бағдарламасын орнатқаннан кейін компьютерді қайта жүктеу керек.
1.5 ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын орнату
Сізге өтінімді берердің алдында өзіңіздің жүйеңізге ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын орнату қажет.Windows операциондық жүйесін пайдаланушыларына негізгі сертификаттарды орнатушы-бағдарламасын шығарып алып және іске қосу қажет ( 2 сурет).
2 сурет
ҚР ҰКО негізгі сертификаттарды орнатушы-бағдарлама табысты жүктелгеннен кейін, орнатушы файл бойынша қолтетікті екі рет басумен іске қосыңыз (3 сурет).
3 сурет
«Орнату» батырмасын басыңыз (4 сурет).
4 сурет
«Иә» батырмасын басыңыз (5 сурет).
5 сурет
«Иә» батырмасын басыңыз (6 сурет).
6 сурет
Негізгі сертификаттарды табысты орнатқаннан кейін, Сізге тиісті ескертумен хабарланады. «Дайын» батырмасын басыңыз (7 сурет).
7 сурет
2. ТІРКЕУ КУӘЛІГІН АЛУ
Браузерді іске қосыңыз және адрестік жолға : www.pki.gov.kz сілтемесін теріңіз,Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады
(8 сурет).
8 сурет
Өзіңізге қажетті бөлімге кіріңіз: «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» және «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.
Өтінім беру бетіне өткенде, келесі хабарлама пайда болады (9 сурет).
9 сурет
Шыққан терезеде құс белгісін қойып және «Run» батырмасын басу қажет.
10 сурет
Ашылған терезеде «Суреттегі код» алаңына суретте көрсетілген сандарды енгізіңіз.
«ЖСН» алаңында өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізіңіз (ЖСН).
Ескерту: Жаңа үлгiдегі жеке куәлiктердің ЖСН-і оң бет жақ төменгi бұрышында болады (12 сурет).
12 сурет
Ескi үлгiдегі жеке куәлiктерiнде ЖСН- і қарсы жақта сол жоғарғы бұрышта немесе туу күнінің беткі жағында болады (13 сурет).
13 сурет
Содан кейін «Тексеру» батырмасын басыңыз. Енгізілген ЖСН, Жеке тұлғалар Мемелекеттік деректер қоры базасынан табысты тексерілгеннен кейін, Сiздiң ТАӘ туралы мәлiметтер автоматты түрде толтырылады.
Назар аударыңыз! Сiздiң деректеріңіз Жеке тұлғалар Мемлекеттік деректер қорында болмаған жағдайда, Сiздiң қалаңыздың Әдiлет департаментiнiң құжаттандыру бөлiмiне хабарласуды сұраймыз!
Заңды тұлғаларға өтінім беруде қосымша «БИН» алыңын толтырып және «Тексеру» батырмасын басу қажет. Заңды тұлғалар Мемлекеттік деректер қоры базасымен табысты тексерілгеннен кейін, «Ұйым» алаңы автоматты түрде толтырылады.
Содан кейін «E-mail» алаңына өзіңіздің электрондық поштаңыздың адресін енгiзу қажет.
Назар аударыңыз! «E-mail» алаңын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қателессеңіз, сізге табысты тіркелу туралы ескерту электрондық адресіңізге келмейді.
Төменде рет ретімен облыс, қала және Сізге жақын ҚР ҰКО Тiркеу орталығының мекенжайын көрсетiңiз.
«Сақтау орны» алаңында Сіздің компьютеріңізді, жеке куәлікті немесе KAZTOKEN-ді көрсетіңіз.
Назар аударыңыз! «Сақтау орны» - Жеке куәлікті таңдау кезінде, пайдаланушының ЖСН және ТАӘ алаңдары автоматты түрде толтырылады. Жеке куәлікке ЭЦҚ шығару тек жеке тұлғалар үшін жүргізіледі!
eToken-ге кілттердің туындауы жетілдірілген бағдарламалық қамтамасыз жетілдіргеннен кейiн қолжетімді болады және қосымша хабарланады.
«Сақтау» алаңында ХҚКО опрераторымен өтінімдерді растағаннан кейін оларға сертификаттарды орнату үшін сіздің тіркеу куәліктерініңіз сақталатын папканы көрсету қажет. Ол үшін «Шолу» батырмасына басыңыз және сіздің тіркеу куәлігіңізді сақтау үшін папканы таңдаңыз». (11 сурет).
11 сурет
Сақтау орнын таңдағаннан кейін «Ашу» батырмасын басыңыз.
Сыртқы ресурстан рұқсат етiлмеген қолжетімділіктен қосымша қорғауды растау үшін «Енгізу» батырмасы (14 сурет).
14 сурет
Келесi терезеде өтінімнің нөмiрi пайда болады. Оны есте сақтаңыз,ол Тіркеу орталығында Сіздің өтініміңізді сәйкестендіру үшiн қажет. Өтінішті сақтаңыз және «Өтінішті басып шығару» батырмасын басып, басып шығарыңыз (15 сурет).
15 сурет
Сiз өтінімді беру үдерісінде қай ҚР ҰКО Тіркеу отралығын көрсетіңіз, соған хабарласуыңыз қажет.
Сiздiң компьютерiңiзде өтінімді бергеннен кейiн жабық кілттер қалыптастырылды, сiз олардың бар болуына көз жеткiзу үшін өтiнiш беру уақытында көрсеткен папканы ашуыңызға болады (16 сурет).
16 сурет
Өтiнiшті табысты бергеннен кейiн, Сiздiң e-mail-ге ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында сертификатты алуға өтінімнің берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді, онда сонымен қатар Сiздiң берілген өтініміңіздің нөмірі көрсетіледі.
Назар аударыңыз! Өтінім берілгеннен кейін Сізге Тіркеу орталығына (өтінімді берген кезде сізбен таңдалған) өтінім берілген күнінен бастап 1 ай ішінде (егер құжаттар 1 ай iшiнде ҚР ҰКО тіркеу орталығына ұсынылмаса, жойылады) хабарласу қажет. Сiз құжаттардың қажетті тiзiмiмен www.pki.gov.kz ресми сайтында таныса аласыз.
2.2 Өтінімнің мәртебесін тексеру және сертификаттарды орнату
Сіздің өтініміңіздің мәртебесін тексеру үшін, Сіз Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтының басты бетiнде сiлтеме орналасқан арнайы сервисті пайдалана аласыз. Сізге қажетті «Берілген өтінімнің мәртебесі» бөлiміне кiрiңiз (17 сурет).
17 сурет
Сіздің өтінішіңіз Тіркеу орталығында ХҚО операторымен расталғаннан кейін, Сiздiң e-mail-ге екі хат жолданатын болады:
1) Сіздің өтінішіңіз Халыққа қызмет көрсету орталығының операторымен ойдағыдай расталғандығы («Өтінімнің мәртебесін тексеру» бұл екінші құсбелгі) туралы бірінші хабарлама.
Бірінші пункттен кейін Сіздің өтінішіңізді өңдеу және сертификаттарды туындату үшін, ҚР ҰКО-на біршама уақыт, регламенттік уақыт екін күннен көп емес қажет болғандықтан Сізге екінші хатты күту қажет.
2) Сертификаттар ойдағыдай шығарылғандығы туралы екінші хат хабарлама және олардың Сіздің компьютеріңізге орнату үшін сілтеме («Өтінімнің мәртебесін тексеру» бұл үшінші құсбелгі).
«Өтінім нөмірі» алаңына, On-line тіркеу кезінде Сізбен алынған өтінімнің реттiк нөмiрін енгізіңіз және «Өтінімді тексеру» батырмасын басыңыз (18 сурет).
18 сурет
Содан кейін Сіздің өтініміңіздің мәртебесi туралы ақпарат көрсетіледі. Өтінімнің «Сертификаттау орталығымен өңделді» мәртебесі кезінде, сізбен таңдалған «Сіздің компьютеріңіз» сақтау орнын көрсетіп (19 сурет), және осыдан кейін «Шолу» батырмасы арқылы өтінішті бергеннен кейін қалыптастырылған сіздің жабық кілттеріңізді сақтаудың орынын көрсету қажет (20 сурет). Және «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! Егер кілттерді туындату сертификаттарды орнату кезінде жеке куәлiкке жүзеге асырылған болса, онда алдымен жеке куәлікті Smart Card Reader құрылғысына қойып, және «Сақтау орны» алаңында жеке куәлікті таңдау қажет.
19 сурет
20 сурет
Сертификаттар орнатылғаннан кейін «Сертификатқа табысты орнатылды» өтінімнің мәртебесiн көрсетумен терезе ашылады.(21 сурет)
21 сурет
Өтiнiш берілген кезде көрcетiлген папканы ашыңыз. Тiркеу куәлiгін алудың барлық кезеңдерінен табысты өткен кезде, сіздің папкаңызда пайдалануға дайын жабық кiлттермен 2 тiркеу куәлiгі пайда болады (22 сурет).
22 сурет
Тіркеу куәлігін алу ойдағыдай аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |