Жеке тұлғаларға арналған үлгі Шарт



Дата14.06.2016
өлшемі64.32 Kb.
#135152
Жеке тұлғаларға арналған үлгі

Шарт

____

Астана қ. 2014 жылғы «____»________
Бұдан әрі – «Тапсырыс беруші» деп аталатын _______________________________________________________________ және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК атынан ректордың 2014 жылғы 4 сәуірдегі №146 бұйрығы негізінде әрекет ететін оқу жұмыстары жөніндегі вице-ректоры Л. Нұрқатова, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге ______________________________________________________пәндер бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша біліктілігін арттыру семинары қызметін көрсету жөнінде (бұдан әрі -Қызмет) міндеттеме алады.

1.2. Орындаушы 2014 жылдың _________________(басталуы)________________(аяқталуы) дейін қызмет көрсетеді. Оқытудың жалпы сағаты 72 (жетпіс екі) сағатты құрайды. 


2. . Шарттың құны және ақы төлеудің тәртібі

2.1. Осы Шарт бойынша оқу ақысының мөлшері_______________________________________________________ (__________________________________________) теңгені құрайды, және оған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдар кіреді.

2.2.Қызмет құнының 100% (жүз пайыз) мөлшеріндегі алдын ала төлем мөлшері _______________________

(_____________________________________) теңгені құрайды. Тапсырыс беруші Орындаушыға Қызмет көрсетерден кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын ақша қаражатын Орындаушының есепшотына аудару арқылы төлейді.


3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1 Тапсырыс беруші мыналарға міндеттенеді:

3.1.1. көрсетілген Қызмет ақысын осы Шартта көрсетілген келісімге сәйкес уақытылы төлеуге;

3.1.2. Орындаушы осы Шарттың шеңберінде үшінші тұлғаларға беру үшін әзірлеген материалдар мен ақпараттарды пайдаланбауға;

3.1.3. оқу үшін қажетті құжаттарды (оқу үшін төлемақының түбіртегі, Тапсырыс берушінің қолы қойылған Қызмет көрсету туралы шарт, сауалнама) PDF форматында мына электрондық адреске hatira.kudaikulova@apa.kz жіберуге, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын Қызмет көрсетер алдында кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын почта байланысы арқылы Орындаушының адресіне жіберуге;

3.1.4. тапсырмаларды уақытылы орындап, оқу тәртібін сақтауға;

3.1.5. Интернетке өз бетінше қосылуды қамтамасыз етіп, трафик ақысын төлеуге;

3.1.6. өзінің электрондық пошта адресі болуына және ол өзгерген жағдайда, жаңа адресті өзгерген сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде hatira.kudaikulova@apa.kz электрондық поштасына хабарлауға;

3.1.7. Интернет-порталда орналастырылған осы Шартты Қызмет көрсетер алдында кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын қолын қойып, Орындаушыға жіберуге;

3.1.8. бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, көрсетілген мерзімде сабаққа кірісуге;

3.1.9. Интернет-порталдағы оқуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін пароль мен логин туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге;

3.1.10.Интернет-портал мен ондағы ақпараттарға залал келтіретін немесе әсер ететін зиянкес бағдарламаларды және/немесе жабдықты пайдаланбауға.

3.2. Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметті уақытылы және сапалы көрсетуді талап етуге құқылы.

3.3. Орындаушы мыналарға міндеттенеді:

3.3.1. Осы Шартта көзделген келісімге сәйкес Қызметтерді сапалы, толық көлемде, уақытылы көрсетуге;

3.3.2. . Тапсырыс беруші төлем туралы түбіртекті жібергеннен кейін Интернет-порталдағы оқуға ену үшін пароль мен логинді, Интернет-порталды пайдалану жөініндегі нұсқаулықты Тапсырыс берушінің электрондық поштасына жөнелтуге;

3.3.3. осы Шарттың талаптары бойынша құпиялықты сақтауға;

3.3.4. Тапсырыс беруші үлгерімінің нәтижесі бойынша сертификат беруге;

3.4. Орындаушы:

3.4.1. Қызмет көрсетудің регламенті мен рәсімдерін белгілеуге;

3.4.2. Тапсырыс берушіден оқу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

3.4.3. қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша біліктілігін арттыру семинары бойынша білімді тексерудің көлемін, бағдарламасы мен тәсілін өз бетінше анықтауға;

3.4.4. көрсетілген Қызметтің ақысын уақытылы төлеуді талап етуге, бұл орайда өткізіп алған академиялық сағаттардың құны Тапсырыс берушіге қайтарылмайды, ал өткізіп алған академиялық сағаттарға қызмет көрсетілмейді;

3.4.5. бұл туралы Тапсырыс берушіге уақытылы ауызша немесе электронды пошта арқылы хабарлама жіберу арқылы ескерте отырып, семинардын өткізу мерзімі мен уақытын өзгертуге;

3.4.6. қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасына түзетулер енгізуге;

3.4.7.оның тарапынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін Орындаушы оқу үшін бұрын төленген барлық сомаларды ұстап қала отырып, Тапсырыс берушіні оқудан шығаруға құқылы.




4. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

4.1. Егер бұлар табиғат апаттары, ереуілдер, соғыс қимылдары сияқты, сондай-ақ болуын Тараптар алдын-ала біле алмаған немесе болуын тоқтата алмаған басқа да қарсы тұра алмайтын жағдайлардың зардабынан болса, Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық немесе жарым-жартылай орындамау, сондай-ақ оларды Шарт бойынша орындауды кешеуілдету жауапкершілігінен босатылады.


5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы Шарттың талаптарына сәйкес жауап береді.

5.2. Тапсырыс берушінің кінәсінен осы Шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда, уақытылы төлемеу, төлеуден бас тарту, оқу жоспарын орындамаған кезде Орындаушы оқу үшін бұрын төленген барлық соманы ұстап қала отырып, Тапсырыс берушіні оқудан шығаруға құқылы.

5.3. Орындаушының кінәсіне байланысты емес пайда болған бағдарламалық қамтамасыз етудегі бұзылыстар мен Орындаушының порталына қол жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайлар үшін Орындаушы жауап бермейді.

5.4. Тапсырыс беруші оның логині мен паролінің үшінші тұлғаларға тап болғаны және тұтынушының сайтына рұқсатсыз енуі немесе оның бұзылуы үшін толық жауап береді.
6. Дауларды шешу

6.1. Осы Шартты орындау барысында туындаған даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.

6.2. Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар оларды Астана қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
7. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Шарт екі Тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар сол бойынша өз міндеттемелерін толық орындап шыққанға дейін күшінде болады.

7.2. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылуы мүмкін.

7.3. Шарт Тапсырыс беруші тарапынан мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Орындаушы алдын ала төлемді қайтармайды.

7.4. Тараптардың ешқайсысының да осы Шарт жөніндегі өздерінің құқықтары мен міндеттемелерін екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

7.5. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалып, Тараптардың өкілетті өкілдерінің қолдары қойылғанда ғана жарамды. Шартқа тиісті нысанда жасалған өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

7.6. Бірдей заң күші бар Шарт қазақ тілінде 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысына 1 (бір) данадан әзірленді.

Заңды мекен-жайы және/ немесе банктік реквизиттарі өзгерген жағдайда, Тараптар бұл жөнінде бір-бірін хат арқылы жедел түрде хабардар етуге міндеттеледі.


8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ


«Тапсырыс беруші»

__________________________________________



(Ф.И.О.)

Тұратын мекен жайы: __________________________________________

____________________________________көшесі,

үй № ____________, пәтер №_______________,

тел. ___________________,
e-mail ___________________________

РНН ____________________________

Паспорт/жеке куәлік №____________________, _________________________________берілген,

берілген мерзімі __________________________


_____________________________________Т.А.Ә.



«Орындаушы»

«ҚР Президентiнің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК / РГКП «Академия государственного управления при Президенте РК»

010000, Астана қаласы, Абай даңғылы 33а,

тел. +7-7172-753264_

БИН 090240000429



ИИК KZ449261501149085005

БИК KZKOKZKX Кбе 16

АО «Казкоммерцбанк»



Тел./факс 8 (7172) 753440
Оқу жұмыстары
жөніндегі вице-ректоры


___________________ Л. Нұрқатова


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет