ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТЫНЫҢ
ШАРТЫ (стандартТЫ ТАЛАПТАР)
(төлем карточкаларын пайдаланатын ағымдағы шоттардан басқа)
Осы Шартпен (бұдан әрі мәтін бойынша – «Шарт») «Казкоммерцбанк» АҚ жеке тұлғаның (бұдан әрі – Клиент) ағымдағы банктік шотын ашудың, жабудың және жүргізудің, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізудің стандартты талаптары белгіленеді
-
Негізгі ереже
-
Шарт талаптары Банкпен стандартты нысанда белгіленген.
-
Банктің Клиенттен ағымдағы шотты ашуға Өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) қабылдау Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Банкпен Өтінішті қабылдағаны туралы Өтінішке белгі қойылған соң, Өтініш қабылданған, ал Шарт жасалған болып есептеледі. Клиенттің Өтінішке қойылған қолы, Клиенттің Шартты ешбір ескертусіз және қарсылықсыз толық көлемде алғанын, оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын куәландырады. Егер Банкте Клиент қол қойған Өтініштің нұсқасы бар болса, Клиент Шартты алмады / оқымады / қабылдамады деген дәлел ретінде осы Шартта оның қолтаңбасының жоқтығына сүйенуге құқығы жоқ. Өтінішке қол қойып, Клиент Шотты ашу, жүргізу, жабу талаптарының барлығын өзіне қабылдайды және осы Шартқа қосылады, сонымен қатар, осы Шарттың барлық ережесі Клиенттің мүддесі мен еркін білдіруге толық сәйкес келетінін растайды.
-
Шарттың барлық Қосымшалары (бар болған жағдайда), Банкпен қабылданған Өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
-
Шарттың мәні
-
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарына сәйкес шотты ашу үшін бар болуы міндетті құжаттарды ұсыну шартымен Банк Клиентке Өтініш бойынша анықталған санда және валютада ағымдағы банктік шотын (-тарын) /бұдан әрі – Шот/ ашады.
-
Шарт талаптары Шартқа және Өтінішке сәйкес ашылған барлық Шоттарға қолданылады.
-
Клиентті сәйкестендіру мақсатында, Банк келесіні қосымша қолданылады:
-
Банктің дерекқорында орналастырылған Клиенттің фотосуреті;
-
Клиенттің биометриялық деректері (Клиенттің тиісті өтініші бар болған жағдайда); және/немесе
-
Банкпен шығарылған төлем картасы, ЭСҚ (Клиентте бар болған жағдайда);
-
өзге де сәйкестендіру құжаттары.
-
Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына, Тарифтеріне және Шартқа сәйкес Шотты жүргізуін жүзеге асырады, банктік операцияларды жүргізеді және Шот бойынша қызмет көрсетеді.
-
Шотты жүргізу
-
Банк Шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуіне байланысты келесі банктік қызметтерді көрсетеді:
-
ЖТМО төлнетін зейнетақы мен жәрдемақыны қоспағанда, Клиенттің немесе басқа тұлғалардың (Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент емес тұлғалары) басқа шоттарынан қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз жолымен түсетін теңге немесе шетел валютасындағы (Шот валютасына байланысты) ақшаны Шотқа есепке алады;
-
Клиенттің Өтініште көрсетілген Шотынан Клиенттің басқа шоттарына немесе басқа тұлғалардың (Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент емес тұлғалары) шоттарына, оның ішінде жинақтық шоттарға тиісті валютада ақша аударуын жүзеге асырады;
-
Клиентке Шот валютасында Шоттан қолма-қол ақша береді:
-
Клиенттің талабы бойынша Шоттан үзінді көшірме ұсынады;
-
Клиенттің айырбастауға берген өтінішіне сәйкес қолма-қол және қолма-қол ақшасыз валютада сатып алу/сату операцияларын жүргізеді;
-
Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге іс-әрекеттер.
-
Банк комиссиясы есебімен Шот бойынша барлық шығыс операциялары Банкпен Шотта бар сома шегінде жүзеге асырылады. Егер Шотта ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Банк төлем құжаттарын орындаусыз қайтаруға құқылы. Банк Клиенттің төлем құжаттарын ішінара орындамайды.
-
Шоттағы ақшаға иелік ету Банкке өтініш жасағанда Клиенттің жазбаша нұсқауы арқылы жүзеге асырылады.
-
Банк келесі кемшіліктері бар төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды:
-
анық емес нұсқаулар;
-
толтырылмаған немесе Клиенттің атынан қол қойылмаған жолдары болса;
-
түзетулер;
-
қолданыстағы заңнаманы бұзатын операцияларды жүргізу туралы нұсқаулар;
-
қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мәліметтері жоқ;
-
қарындашпен толтырылған;
-
қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге жағдайларда.
Банк ондай төлем құжаттарын Клиентке қайтарады және Банктің сондай нұсқауларды орындаудан бас тартуына байланысты Клиенттің шеккен залалдары үшін жауапты болмайды.
-
Шот бойынша барлық операциялар Шарттың 10 бабымен белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін сақтап, нотариуспен тиісті түрде куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша, заңды өкілдермен, қамқоршылар мен қамқорға алушылармен жүзеге асырылады.
-
Шоттан Клиенттің келісімісіз ақша алу, Шот бойынша шығын операцияларын тоқтату және Шоттағы ақшаға тыйым салу тек: Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайда, тәртіпте тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Банк ондай жағдайда Клиенттің шеккен залалдары үшін жауапты болмайды.
-
Банкпен Шот бойынша ақша қалдығына сыйақыны есептеу Банктің ішкі құжаттары мен Тарифтерімен қарастырылған мерзімде және көлемде жүргізіледі.
-
Шот бойынша клиенттің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына байланысты операцияларды жүргізуге тыйым салынады. Шарттың осы тармағын бұзғаны үшін жауапкершілік Клиентке жүктеледі (Банк осындай қызметке байланысты болуы мүмкін Шотқа нұсқауларды орындағаны үшін жауапты болмайды).
-
Шоттан аударым жүргізген жағдайда (оның ішінде халықаралық):
- Клиенттің операциясын өткізуге қатысатын корреспондент банктің сұрауы бойынша операцияға және оған қатысушы тұлғаларға қатысты мәліметтер мен түсіндірмелердің Банкпен ұсынуға Клиент өзінің даусыз және қайтарылмайтын келісімін білдіреді;
- Банкте жоқ, бірақ корреспондент банкке операцияны аяқтау үшін талап етілетін мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсыну туралы Банкке сұрау келіп түскен жағдайда, Клиент Банкке ондай мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгіленген қажетті көлемі мен мерзімде ұсынуға міндеттенеді. Бұл ретте Банк Клиенттің сондай мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсынбаған жағдайда аударымының орындалмағаны және оның аяқталмағаны үшін жауапты болмайды.
-
Корреспондент банк Клиенттің Шотынан ақшаны аудару жөніндегі операцияны жүргізгенде Қазақстан Республикасы заңдарының немесе халықаралық аударымдарды жүргізгенде тиісті шетел мемлекеті заңдарының талаптарын басшылыққа ала отырып:
- жүргізілетін операция туралы кез келген қажетті қосымша мәліметтерді алу мақсатында Клиенттің ақшасын аударуын тоқтата тұруға;
- Банкке ақшаны қайтарып, ондай бастартудың себептерін айқындаусыз ақшаны аударуын аяқтаудан бастартуға;
- ақшаны белгісіз мерзімге оқшаулауға құқылы.
-
Шарттың 3.9. және 3.10. тармақтарында көрсетілген себептерге орай операцияны аяқтау мүмкін емес болған жағдайда, Банк операцияны өткізуге қатысатын корреспондент банктердің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді.
-
Клиенттің валюталық операцияларын жүргізу тәртібі
-
Шот бойынша валюталық операцияларды жүргізу Банкпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
-
Клиент заңнамамен, оның ішінде шетел мемлекетінің заңдарымен белгіленген шетел валютасына қатысты валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді және Шоттағы ақшаға немесе оларды пайдалануға байланысты операцияларға қолданылуы мүмкін салықтарды немесе міндетті төлемдерді енгізуді қоса, бірақ онымен шектелмей белгіленген шектеулерге орай туындайтын, шетел валютасында Шотты ашуына және жүргізуіне байланысты тәуекелді өзіне қабылдайды.
-
Айырбастау бойынша қызметтер
-
Клиент қолданыстағы конверсиялық (айырбастау) операциялардың жүргізілуін реттейтін заңнаманы сақтауға міндетті. Айырбастау Клиенттің тиісті түрде ресімделген нұсқауы негізінде Шотта бар сома шегінде жүзеге асырылады.
-
Банк, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айырбастау бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады:
- шетел валютасынан Қазақстан теңгесіне;
- Қазақстан теңгесінен шетел валютасына;
- шетел валютасынан басқа шетел валютасына.
-
Айырбастау бойынша операциялары жүзеге асырылатын валюталар тізімін Банк өз бетімен белгілейді және оны өз қалауы бойынша өзгерте алады.
-
Операциялар ағымдағы айырбастау бағамы бойынша, операция жүргізілген уақытта Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталып жүргізіледі.
-
Банкте кассалық қызмет көрсету
-
Қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларға Банкпен ұлттық және шетел валютадағы банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және Шотқа ақша есептеу жатады. Аталған операциялар Банкпен операция жүргізілетін күні қолданыстағы заңдармен, Банктің ішкі құжаттарымен, стандарттарымен және рәсімдерімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Шотқа ақша есептеу банктік операцияны жүргізуге қажет уақыт есебімен жүзеге асырылады.
-
Банк ақшаны қабылдап, даналап қайта есептеп және буып-түйіп болған соң Шотқа нақты ақша сомасын есепке алады. Қолма-қол ақшаны беру Шоттағы бар ақша сомасы шегінде жүргізіледі.
-
Банк бөлімшесі арқылы Шоттан 10 000 (Он мың) АҚШ долларына/Еуроға немесе 1 500 000 (Бір миллион бес жүз мың) теңгеге тең немесе одан көп сомада қолма-қол ақша алуы үшін, Клиент Шоттағы валюта сомасына байланысты сондай соманы алатын күніне дейін 1 (Бір) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала, Банкпен белгіленген үлгіде ресімделген тиісті жазбаша өтінімін Банкке ұсынуы тиіс. Осы тармақтың шарттарына қарамастан, Банк өз қалауы бойынша шығыс құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жоғарыда аталған өтінім ұсынылған күні Шоттан ақшаны беруін жүзеге асыра алады.
-
Банкпен көрсетілетін қызмет үшін ақы
-
Банк Клиенттен Банктің операция жүргізген уақытта қолданыстағы тарифтеріне сәйкес көрсетілген қызметтері мен Шот бойынша жүргізілген операциялары үшін комиссиялық сыйақы өндіріп алады. Комиссия Клиентпен Шарттың 9.3.5. тармағына сәйкес Банкпен акцептсіз тәртіпте Шоттан тиісті соманы есептен шығаруы арқылы немесе, егер ондай есептен шығару мүмкін емес болса, - Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шартпен (оның ішінде Клиенттің Банк кассасына қолма-қол ақша салуы арқылы) қарастырылған өзге тәсілдермен төленеді.
-
Банк клиентпен алдын ала келісіп шешусіз біржақты тәртіпте Шарт аясында қолданылатын Тарифтерге өзгертулер енгізуге құқылы. Клиент тиісті күні Банкпен белгіленген Банктің бөлімшелерінде жүзеге асырылатын операциялар, Шотты жүргізу бойынша қолданылуы тиіс комиссиялардың көлемін не Банктің www.kkb.kz мекенжайы бойынша веб-сайтынан не Банктің анықтамалық қызмет телефон нөмірлері бойынша өз бетімен біледі.
-
Осымен Тараптар Шарт бұзылған жағдайда Клиентпен төленген Шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссия (Банк Тарифтерінде ондайлар бар болған жағдайда), Клиентке қайтарылмайтынына келіседі.
-
Клиенттің биометриялық деректері
-
Клиенттің биометриялық деректерін пайдалануға байланысты Шарттың осы бабы мен оның өзге талаптары Клиент тиісті келісімін ұсынған жағдайда қолданылады (Банкпен белгіленген үлгі бойынша Банкке ұсынылатын Өтініште және/немесе өзге құжаттарда). Шартпен белгіленген талаптар бойынша Клиенттің биометриялық деректерін пайдалану Шоттар бойынша операцияларды жүргізудің қауіпсіздік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.
-
Биометриялық деректер – Клиенттің саусақ таңбасының визуалды кескіні. Банкте Клиенттің биометриялық деректерін сканерден өткізгенде Клиенттің саусақ таңбасының визуалды кескіні арнайы бағдарламалық қамсыздандыру құралдарымен бірегей кодқа айналады (сандар тізбегіне).
-
Клиент Шот бойынша операция жүргізгенде, Клиенттің құжаттамасында биометриялық деректерін пайдалану тәртібімен келісетіні туралы өтініш бар болған жағдайда, Клиентті сәйкестендіру Банкпен Клиенттің биометриялық деректерін сканерден өткізуі және Банкте сақталатын кодпен салыстырып тексеруі арқылы жүзеге асырылады.
-
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
-
Клиент құқылы:
-
Шотты Шарттың талаптарына сәйкес пайдалануға;
-
Банкке келгенде Шот бойынша үзінді көшірмесін алуға;
-
операция жүргізілген соң 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке Шоттан үзінді көшірмеде көрсетілген Шот бойынша операцияларды даулау туралы өтініш беруге;
-
Банкпен акцептелген нұсқауларды кері қайтарып алуға немесе қолданыстағы заңдармен белгіленген тәртіпте және мерзімде оның орындалуын тоқтата тұруға;
-
Банктен Шот бойынша жүргізілген операциялардың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуды талап етуге.
-
Клиент міндеттенеді:
-
Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарының талаптары есебімен ресімделген жазбаша нұсқауларды беруге. Бұл ретте Банкпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында немесе заңдармен және/немесе Шартпен белгіленген өзге жағдайларда, Банк Клиенттен жүргізілетін операцияға қатысты қосымша ақпарат пен құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы, ал тиісінше Клиент оларды ұсынуға міндетті.
-
Шотты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты операцияларды жүргізу үшін немесе қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған қандай да бір заңсыз мақсаттарға пайдаланбауға;
-
Шоттан ақшаны уәкілеттігі жоқ тәртіпте есептен шығару тәуекелін азайту мақсатында Клиент:
-
үшінші тұлғаларға нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхатын беру арқылы Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру құқығын ұсынғанда және сондай тұлғаларды алмастырғанда немесе олардың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанда;
-
Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты жоғалғанда;
Шартта көрсетілген тәсілдермен және тәртіпте дереу ол туралы Банкке хабарлауға.
-
өзінің деректемелері өзгергені туралы (төлқұжат мәліметтері, СТН/ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және Банкке жолдаған құжаттарда бар басқа да мәліметтер) өзгертулер орын алған уақыттан бастап 5 күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе Тараптармен келісілген басқа да байланыс құралдарымен Банкті хабардар етуге. Егер Клиент Шартқа сәйкес Банкпен Клиенттің атына байланыстың ашық арналары арқылы Шот бойынша ақпарат жолдауына бастамашылық танытса, Клиент Шот бойынша ақпаратты алу үшін пайдаланатын өз деректемелерінің өзгергені туралы Банкті дереу хабардар етуге және өзгертілген құжаттарды алмастыруға міндеттенеді. Банк Клиенттің бұрын ұсынылған құжаттарын немесе Банкке бұрын жолданған құжаттардың алмастыруын талап етуге себеп болған Клиенттің деректемелерінің өзгеруін куәландыратын ақпаратты/құжаттарды алған жағдайда, Банкке жаңа құжаттар ұсынылғанша Банк Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының нұсқауларын орындаудан бастартуға құқылы.
-
Шарт бойынша Банк қызметтерін Тарифтерге сәйкес төлеуге.
-
Шотқа ақшаны қате есептеу фактісі анықталған жағдайда, Клиент Шотқа ақша қате есептелгені туралы мәліметі бар Шот бойынша үзінді көшірмені алған күннен бастап Банктің 5 (Бес) операциялық күні ішінде Банкті ол туралы хабардар етуге міндетті.
-
қосымша сәйкестендіру және Шот бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында Банкке өзін суретке түсіруге рұқсат беруге. Клиенттің фотосуреті Банктің дерекқорына орналастырылады және тек Клиентті сәйкестендіру мақсатында қолданылатын болады. Клиент өзін суретке түсіруге және фотосуретті Банктің дерекқорына орналастыруға рұқсат беруден бастартқан жағдайда, Банк Клиентпен іскерлік қатынастарын орнатудан және оны әрі қарай нығайтудан бастарту құқығын өзіне қалдырады;
-
банктік операцияларды жүзеге асырғанда, Банктің талабы бойынша, оны сәйкестендірудің қосымша құралы ретінде келесіні ұсынуға:
- бұрын алған биометриялық деректермен салыстырып тексеру үшін тиісті саусақты сканерден өткізу мүмкіндігін (егер Клиент тиісті өтінішпен биометриялық деректер бойынша сәйкестендіруді жүргізуге өз келісімін растаған болса); және/немесе
- Банкпен шығарылған пластик картасын және/немесе ЭЦҚ (Клиентте олар бар болған жағдайда);
- және өзге құжаттарды.
-
Банк құқылы:
-
Шотты ашу немесе ашудан бастарту туралы шешімді өз бетімен қабылдауға;
-
Клиентке тиісті хабарламаны ұсынып, Клиентпен іскерлік қатынастарын орнатудан бастартуға;
-
егер нұсқаулары және ол бойынша ұсынылған құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына қайшы келсе, Шотта сондай нұсқауларды орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болса, Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының Шот бойынша операцияларды орындау туралы нұсқауларын орындаудан бастартуға.
-
егер Клиенттің Банк алдында Шарт бойынша немесе Банкпен жасалған басқа да кез келген шарттар/келісімдері бойынша мерзімі өткен өтелмеген берешектері болса, Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының Шот бойынша операцияларды орындау туралы нұсқауларын орындаудан бастартуға.
-
осы Шарт / Банк пен Клиент арасында жасалған өзге шарттар бойынша Банкке тиесілі комиссия сомалары мен Банк пайдасына төленетін өзге төлемдерді және Шотқа қате есептелген ақшаны:
-
Банк өкімі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған басқа құжаттарының негізінде Клиенттің Банктегі Шотын немесе өзге банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы;
және /немесе
-
Клиенттің Банкте немесе Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде кез келген басқа банктерде (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарда) ашылған Шотына немесе өзге банктік шоттарына төлем талап-тапсырмаларын ұсыну арқылы есептен шығаруға.
Қазақстан Республикасының немесе тиісті шетел мемлекетінің заңнамасымен Клиенттен қосымша акцепті талап етпейтін төлем талап-тапсырмасын ұсынуға рұқсат етілген жағдайда, Банк ондай төлем талап-тапсырмасына Шарттың түпнұсқасын немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесін немесе ақшаны акцептісіз алу (есептен шығару) үшін қажетті өзге құжаттарды қосымша береді.
Бұл ретте Клиенттің банктік шотында ақша жеткілікті болған жағдайда Банктің төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы тиіс, ал Банктің төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын алу (есептен шығару) үшін - ақша жеткіліксіз болған жағдайда Клиенттің Банкте ашылған банктік шотының картотекасында сақталады.
Ақшаны Клиенттің банктік шотынан өзге (Клиенттің міндеттеме валютасынан бөлек) валютада алған (есептен шығарған) жағдайда валюта заңдарының талаптарына сәйкес алынған ақшаны міндеттеме валютасына айырбастау - Банктің таңдауы бойынша – Тарифке сәйкес айырбастауды жүргізгені үшін комиссия сомасын Клиенттің есебінен алып (оның ішінде айырбасталған сомадан айырбастау үшін комиссияны ұстағанда), Банкпен белгіленген алынған валютаны немесе Клиенттің міндеттеме валютасын сату немесе сатып алу бағамы бойынша және /немесе Банкпен белгіленген алынған валютаның Клиенттің міндеттеме валютасына қатысты бағамы бойынша жүргізіледі. Айырбастау үшін комиссия сомасын есептен шығару Банктің есептік бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Осымен Клиент Банкке Шарттың осы тармағында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте Клиенттің қосымша келісімісіз (акцептісіз) ақшаны алу (есептен шығару) құқығын ұсынады.
-
Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекет туралы заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша ешбір түсіндірмесіз Клиентпен іскерлік қатынастарды доғаруға, Клиенттің ағымдағы шотын жабуға және Клиенттің Шот бойынша операциялар жүргізу туралы нұсқауларын орындаудан бастартуға.
-
сәйкестендіру үшін қосымша құрал ретінде келесіні қолдануға:
- Банктің дерекқорында орналастырылған Клиенттің фотосуретін;
- Клиенттің биометриялық деректерін (Клиенттің тиісті өтініші болса); және/немесе
- Банкпен шығарылған пластик картасын және/немесе ЭЦҚ (Клиентте олар бар болған жағдайда);
-
егер Клиент осы Шарттың талаптары мен Банктің ішкі ережелерімен қарастырылған тәртіпте сәйкестендіруден өтпеген жағдайда, Клиентке шығыс операцияларын жүргізуден бастартуға.
-
Банк міндеттенеді:
-
қолданыстағы заңнамаға, Шартқа және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Шотқа қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
-
қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде Клиенттің пайдасына түскен ақшаны Шотқа есепке алуға;
-
Клиенттің операциялары бойынша құпияға кепілдік беруге. Осы Шартпен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен көзделген тәртіпте және негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен тапқан табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік органға, Банкке қатысты жүргізілетін аудит аясында аудиторға ақпарат берілетін жағдайларды қоспағанда, Клиенттің келісімісіз Шотқа және ол бойынша операцияларға, Клиентке қатысы бар анықтамалар Банкпен тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және жағдайларда ғана ұсынылады;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылғаннан басқа жағдайларда Клиенттен алынған биометриялық деректерді өзге тәсілдермен таратпауға және жарияламауға.
-
Сенімхат бойынша әрекет ететін тұлғалардың нұсқаулары негізінде Шот бойынша операцияларды орындау
-
Клиентпен тиісті нотариалдық куәландырылған сенімхат беру арқылы үшінші тұлғаларға Шот бойынша операциялар жүргізу құқығы ұсынылған жағдайда, Клиент сондай сенімхат бойынша әрекет ететін (сенімді тұлға) тұлға Шот бойынша операцияларды орындағанға дейін ондай сенімхат берілгені туралы Банкті хабардар етеді.
-
Клиентпен үшінші тұлғаларға Шот бойынша операциялар жүргізуге берілген сенімхаттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін сенімхат күшін жойған жағдайда, Клиент сенімді тұлғаның өкілеттігі тоқтағаны туралы дереу Банкке хабарлайды.
-
Шарттың осы бабында анықталған жағдайларда, Клиентпен Банкке хабарламалар келесі тәсілдердің бірімен жолданады:
-
Банктің бөлімшесіне Клиент сенімді тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және нөмірін, сенімхат бойынша сенімді тұлғаға берілген өкілеттік тізілімін (сенімхат мәтініне сәйкес) ұсыну арқылы;
-
Банкке сенімхатты тапсырғанын міндетті түрде ауызша (телефонмен) растап, сенім жүктелген тұлғаға берілген сенімхаттың көшірмесін Банкке факспен жолдау арқылы.
-
Банк құқылы:
-
Клиент Банкті Шарттың 10.1. және 10.3. тармақтарына сәйкес сенімді тұлғаға сенімхат берілгені туралы хабардар етпеген жағдайда, тиісті сенімхатты беру жайты бойынша растама алу үшін Клиентке, сенімхатты ресімдеген нотариуске өтініш жасауға. Бұл ретте сенімді тұлғамен Шот бойынша операция жүргізу туралы нұсқау ұсынылған жағдайда, Банк ондай нұсқауды жоғарыда аталған тұлғалардан тиісті сенімхаттың берілгеніне растама алғанға дейін орындамауы мүмкін.
-
Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершіліктен босату
-
Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін бұзғаны үшін екінші Тарап алдында осы Шартқа сәйкес, ал Шартпен реттелмеген басқа жағдай бойынша - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болып табылады.
-
Егер Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмауына / тиісті түрде орындалмауына тежеусіз күш жағдайлары себеп болса, оның ішінде: уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін / шектеу-тыйым салу сипаттағы шараларын қабылдау, бағдарламалық қамсыздандырудың ақауы, электр қуатының сөнуі, байланыс желісінің зақымдануы мен Тараптардың еркіне байланысты емес және Шарттың Мәніне тікелей қатысы бар басқа да жағдайлар орын алған болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмағаны / тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
Тежеусіз күш жағдайларының әрекеті аяқталған соң тиісті Тарап Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жаңартуы қажет. Егер тежеусіз күш жағдайлары туындаған күннен бастап 1 (Бір) айдан астам уақыт бойына созылса, Тараптар өзара келісім бойынша Шарттың қолданысын тоқтатуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап сондай тоқтату басталатын күнге дейін 30 (Отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша хабардар етеді.
-
Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері / қаулылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары келіп түскен жағдайда, Банк Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны / тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
-
Банк Шарттың 9 бабы мен 11.6. тармағында қарастырылған хабарламаларды алмаған жағдайда:
- Клиенттің Шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеті үшін;
- Шоттан ақшаны заңсыз есептен шығарғаны үшін,
Банк жауапты болмайды.
-
Шарттың талаптары бұзылған кез келген жағдайда Банктің жауапкершілігі, Банктің заңға қайшы іс-әрекеттері / әрекетсіздігі салдарынан Клиентке келтірілген нақты залалдың көлемімен шектеледі.
-
Клиент Банкке Шартпен қарастырылған мерзімде Шотқа ақша қате есептелгені туралы хабарламаған жағдайда, Клиент 9.2.6. тармаққа сәйкес, Банк көтерген нақты шығын үшін толық көлемде жауапты болып табылады.
-
Үшінші тұлғалардың нұсқаулары (инкассолық өкім, төлем талап-тапсырмасы) бойынша ешбір негізсіз Клиенттің Шотынан ақшаны акцептсіз есептен шығарғаны үшін жауапкершілікті сондай нұсқауларды жолдаушы тұлғалар көтереді. Бұл жағдайда Банк Клиенттің оның келісімісіз Шоттан ақшаны есептен шығаруға қарсы іс мәні бойынша наразылығын қарауға қабылдамайды.
-
Банк Шарттың 11.7. тармағымен қарастырылған Клиент міндеттемелерін орындамағанына немесе тиісті түрде орындамағанына байланысты Клиентке келтірілген залалы үшін жауапты болмайды.
-
Банк Шарттың 9.3.8. тармағымен қарастырылған жағдайда шығыс операциясын жүргізуден бастарту салдарынан Клиентке келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді.
-
Дауларды қарау тәртібі
-
Шартқа тікелей немесе жанама қатысты, бірақ онда реттелмеген барлық мәселелер Тараптармен Шартқа сәйкес, ал Шартпен реттелмеген басқа мәселелер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі
-
Шартты орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптармен келіссөз жүргізу арқылы шешіледі.
-
Тараптар келіссөз жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімге келмеген жағдайда, мүдделі Тараптың бастамасы бойынша даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте сотта қаралады.
-
Ақшаны жіберуші мен алушы арасында есеп айырысуы бойынша өзара наразылықтары Банктің қатысуысыз тікелей өздерінің арасында қаралады.
-
Қашықтықтан банктік қызмет көрсету
-
Банкпен Клиентке Homebank.kz қаржы порталы арқылы Шотқа және банктік қызметтерге қашықтықтан қол жеткізу қызметтері ұсынылуы мүмкін. Homebank.kz қаржы порталы арқылы қызмет ұсыну Банктің ішкі құжаттарына сәйкес және Клиенттің техникалық мүмкіндіктері бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Клиентті жүйеге қосу Клиентте Банкпен шығарылған қолданыстағы төлем картасы бар болған жағдайда іске асырылады.
-
Homebank.kz қаржы порталы арқылы Шот бойынша келесі қызметтер ұсынылады:
- Шот бойынша ақпарат ұсыну;
- Шоттан кез келген Банктік шоттарға, оның ішінде үшінші тұлғалардың пайдасына төлем/аударым операциялары (тиісті келісім негізінде Банкпен берілген ЭСҚ-мен);
- өзге қызметтер.
-
Клиенттің хабар-ошарсыз кетуі, қаза болуы
-
Банк Клиенттің хабар-ошарсыз кеткенін/ қаза болғанын/ қаза болды деп жариялағанын растайтын құжат алған жағдайда, осы Шарт негізінде Банк Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.
-
Қаза болған/ қаза болды деп жариялаған Клиенттің Шотынан ақша беру, Тарифтерге сәйкес Банктің комиссиясын шегеріп, қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен белгіленген мерзімі мен құжаттары негізінде қаза болған/ қаза болды деп жариялаған Клиенттің мұрагерлеріне/ қолданыстағы заңнамамен уәкілетті өзге тұлғаларына жүзеге асырылады.
-
Клиенттің өтініші
-
Банкке ағымдағы шотты ашуға берілген Өтініште көрсетілген мекенжайға кез келген ақпараттық материалдарды (оның ішінде хабарламаларды) жолдауға рұқсат етемін. Бұл ретте, Шарт талаптарына сәйкес Банкпен пошта арқылы жолданған мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығы үшін жауапкершілікті жөнелтілімді жеткізуін жүзеге асыратын пошталық ұйым көтеретініне келісемін.
-
Егер Клиент ашық байланыс арналары арқылы Банкке сұрау салған болса немесе Банк Шот бойынша операциялардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тиісті хабарды Клиентке жолдауын орынды деп есептесе, Банк Клиентке Шоттың жай-күйі, ол бойынша операциялар туралы мәліметтерді және осы Шарттың 15.1. тармағында көрсетілген материалдарды ашық байланыс арналары (оның ішінде SMS-банкинг, e-mail, факс және т.б.) арқылы жіберуге құқылы. Клиент, өтініш беріп және Банкте өзі болып, Банктің Шот бойынша ақпарат ұсынуына ресми жазбаша келісімін береді және Шарттың осы тармағына сәйкес Банкпен ашық байланыс арналары арқылы жолданатын ақпарат үшінші тұлғалардың қолына заңсыз түсу қаупін түсінетінін және сондай тәуекелді өзіне қабылдайтынын растайды.
-
Банк, Клиенттен осындай өтінішті қабылдай отырып, Клиент тарабынан тиісті түрде Банкке ұсынылған Клиенттің деректемелерін негізге алады.
-
Құпиялылық
-
Банк Клиенттің Шот бойынша операциялары бойынша ақпарат құпия түрде сақталатынына кепілдік береді. Шотқа және ол бойынша операцияларға, Клиентке қатысы бар анықтамалар Клиенттің келісімісіз Банкпен тек: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, жағдайда тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде ұсынылады.
-
Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі
-
Осы Шарт екі Тарап оған қол қойған уақыттан бастап күшіне енеді және Тараптармен өзгесі қосымша белгіленбесе, белгісіз мерзімде қолданыста болады.
-
Өтініш негізінде Шартқа сәйкес ашылған барлық Шоттар жабылған жағдайда, Шарттың қолданыс күші жойылады.
-
Банк Клиентке тиісті хабарламаны Шартты бұзуға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын кешіктірмей жолдап, Шарт аясында ашылған жекелеген немесе барлық Шоттарды кез келген уақытта жабуға құқылы. Мұндай жағдайда Шотта ақша қалған болса, Банк қалған ақшаны аудару үшін Клиент Банкке төлем деректемелерін хабарлауы тиіс. Банк хабарламада көрсетілген күнге дейін сондай ақпаратты алмаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Клиенттің ақшасын Клиент өзі талап еткенше ішкі есепке алу шоттарына аударады. Банк ақшаны аударған соң Шарт өз қолданысын тоқтатқан болып есептеледі.
-
Шартты өзгерту тәртібі
-
Банк Клиентпен алдына ала келіспей біржақты тәртіпте Шартқа өзгертулер енгізуге құқылы. Шарттың өзгертілген редакциясы, сондай өзгертулер күшіне енгенге дейін 10 (Он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Банкпен www.kkb.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында орналастырылады. Өзгертулер енгізілген соң осы Шарт жаңа редакцияда қолданылады. Клиент Шарттың өзгертілген редакциясымен өз бетінше Банктің бөлімшелерінде немесе www.kkb.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында танысады.
-
Банкпен өзгертулер енгізілетіні туралы хабарлама жарияланған соң Клиент 10 (Он) күнтізбелік күн ішінде енгізілген өзгертулер есебімен Шарт талаптарын қабылдамайтыны туралы өтініш ұсынбаса, ол Клиенттің Шарттың жаңа (өзгертілген) редакциясымен келісетінін және енгізілген өзгертулер есебімен жалпы оған қосылатынын білдіреді.
-
Басқасы
-
Клиент осымен Клиенттің Банкке телефон соғу арқылы жасалған кез келген өтініші, Банктің қалауы бойынша осындай мақсатта Банкпен қолданатын дыбыс жазу құралы арқылы автоматты түрде тіркелетінін түсінеді және онымен келіседі.
-
Клиент осымен Шотқа енгізілген / есепке алынған барлық және кез келген ақша заңды жолмен алынғанын, сонымен қатар, сондай Клиент Банктің талабы бойынша, оның ішінде Клиент Шотқа ақшаны үшінші тұлғалардың тапсырмасы бойынша және мүддесінде енгізген / есепке алған жағдайда, сондай ақшаның шыққан жерінің / алынғанының заңдылығын растайтын құжаттарды / басқа да ақпараттарды Банкке ұсынуға міндеттенетінін растайды және кепілдік береді.
-
Банк Клиенттің Шоты бойынша олар өткізілген күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күні ішінде Клиенттен жүргізілген операциялары бойынша наразылық алмаған жағдайда, операция расталған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Шоттағы ақша қалдығы депозиттерге міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Банк мәжбүрлі таратылған жағдайда, Клиенттің Банктегі барлық банктік шоттарында бар ақшалай қаражат сомасының қалдығы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен төленетін кепілдік берілген өтемақы сомасын құрайтыны белгіленген, өтемақы мөлшері келесіні құрайды:
-
Ұлттық валютадағы Шоттар бойынша он миллион теңге;
-
Шетел валютасындағы Шоттар бойынша бес миллион теңге.
Клиенттің Банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше Шоты бар болған жағдайда, аталған Шоттар бойынша сомасы он миллион теңгеден аспайтын біріктірілген өтемақы төленеді. Өтемақы есебін жүргізу үшін соттың Банкті мәжбүрлі тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген валютаны айырбастау нарықтық бағамы қолданылады.
-
Депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, ақшалай қаражатқа Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар есебімен анықталған кепілдік беру шарттары қолданылатын болады.
-
Өзге шарттар
-
Осы Шарт әрқайсысы теңдей заңды күшке ие мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде қарама-қайшылықтар орын алған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
-
Осы Шарттағы баптардың атаулары мен басқа тақырыптары қолайлылық үшін пайдаланылған және онда ешбір шектеу қойылмаған, сипаттама берілмеген және/немесе аталған құжаттардың қандай да бір ережесіне түсініктеме берілмейді, сонымен қатар, осы Шарттағы баптардың орналасу тәртібі бір баптардың екінші баптарға қатысты басым екендігін білдірмейді.
-
Егер осы Шарттың қандай да бір немесе одан көп ережесі күшін жойса, жарамсыз болып табылса немесе қандай да болмасын жағдайда заң жүзінде қамтамасыз етілмеген болса, ол осы Шарттың басқа ережелерінің жарамдылығы мен заңдылығына ешбір әсер етпеуі немесе нашарлатпауы тиіс
-
Тараптардың осы Шарттағы кез келген құқығын пайдаланбауы немесе дер кезінде пайдаланбауы ондай құқықтан бастарту ретінде қабылданбауы тиіс және ондай Тараптың өз құқықтарын жүзеге асыруына еш әсерін тигізбеуі тиіс. Осы Шартқа сәйкес барлық құқықтар да, міндеттемелер де қалған құқықтар мен міндеттемелерден бөлек құқық пен міндеттеме емес, олардың бөлігі болып табылады.
-
БАНК
|
«Казкоммерцбанк» АҚ
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135 Ж
БСК KZKOKZKX
БСН 911040000021
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ корр. шот KZ75125KZT1001300335
Резиденттік белгісі: 1
Экономика секторының коды: 4
|
Достарыңызбен бөлісу: |