Жеке тұлғаның ағымдағы банктік
шотының шарты (СТАНДАРТТЫ ШАРТТАР)
(төлем карталары қолданылатын ағымдағы шоттардан басқа)
Осы Шартта (бұдан кейін мәтін бойынша - «Шарт») «БТА Банкі» АҚ-да жеке тұлғаның (бұдан кейін - Клиент) ағымдағы банктік шотын ашу, жабу, сондай-ақ жүргізудің, сонымен бірге Шарт бойынша операциялар жүргізудің стандартты шарттары анықталады.
-
Негізгі ережелер
-
Шарт талаптарын Банк стандартты түрде анықтайды.
-
Банктің Клиенттен ағымдағы шотты ашуға Өтінішті (бұдан кейін - Өтініш) қабылдауы Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Банк Өтінішке осы Өтінішті қабылдау туралы белгі қойғаннан кейін, Өтініш қабылданды, ал Шарт - жасалды деп есептеледі. Клиенттің Өтініштегі қолы Клиент Шартты толық көлемде, ешбір ескертулер мен қарсылықтарды білдірместен алғанын, оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын куәландырады. Банкте Клиент қол қойған Өтініштің данасы болған жағдайда, Клиенттің осы Шартта оның қолының жоқтығына Шартты алмағандығының/ оқымағандығының/түсінбегендігінің/қабылдамағандығының дәлелі ретінде сілтеме жасауға құқығы жоқ. Өтінішке қол қоя отырып, Клиент Шотты ашу, жүргізу мен жабудың барлық шарттарын қабылдайды және осы Шартқа қосылады, сондай-ақ осы Шарттың барлық ережелері Клиенттің мүдделері мен еркіне толықтай сай екендігін растайды.
-
Шарттың барлық Қосымшалары (олар болған жағдайда), Банк қабылдаған Өтініштер Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
-
Шарттың мәні
-
Банк Клиентке Қазақстан Республикасы занамасына және банктің ішкі құжаттамаларына сәйкес есепшот ашуға міндетті болып саналатын құжаттарды ұсынумен Өтініш білдіруге сәйкес анықталған көлем мен валютада ағымдағы банктік есепшот ашады.
-
Шарт талаптары Шартқа және Өтінішке сай ашылған барлық Шоттарға таратылады.
-
Клиентті сәйкестендіру мақсатында, Банк қосымша пайдаланады:
-
Банктің мәліметтер базасында орналастырылатын Клиенттің фотобейнесін;
-
Клиенттің биометриялық мәліметтерін (Клиенттің сәйкес өтініші болуына орай); және / немесе
-
Төлем картасын, Банкпен шығарылған ЭСҚ, (Олардың Клиентте болуына орай);
-
Басқа сәйкестендіру құжаттары.
-
Банк Шоттың жүргізілуін іске асырады, банктік операцияларды жүргізеді және Қазақстан Республикасынің қолданыстағы заңнамасына, ішкі құжаттарға және Шартқа сәйкес банктік қызметтер көрсетеді.
-
Шот жүргізу
-
Банк Шот бойынша келесі операцияларды жүргізеді және оның қызмет көрсетуімен байланысты келесі қызметтерді көрсетеді:
-
Шотқа Клиенттің немесе басқа да тұлғалардың шоттарынан (Қазақстан Республикасының резиденттері немесе бейрезиденттері) қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз теңгеде немесе басқа да шет ел валютасында ақша салады (Шот валютасына сәйкес);
-
Клиенттің Өтінішінде көрсетілген Шоттардан Клиенттің басқа шоттарына немесе басқа тұлғалар шоттарына (Қазақстан Республикасының резиденттері немесе бейрезиденттері), соның ішінде жинақ шоттарына тиісті валютада ақша аударады;
-
Клиентке Шоттан Шот валютасында қолма-қол ақша береді;
-
Клиенттің талабы бойынша Шот бойынша үзінді көшірме береді;
-
Айырбастауда Клиенттің өтінішіне сәйкес қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу / сату операцияларын жүргізеді;
-
Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді жүргізеді.
-
Шот бойынша барлық шығыс операциялар, Банк комиссиясымен бірге Шоттағы сома шегінде жүргізіледі. Егер Шотта ақша жеткіліксіз болса, Банк Клиенттің төлем құжаттарын орындаусыз кейін қайтаруға құқылы. Банк Клиенттің төлем құжаттарын жартылай орындамайды.
-
Шоттағы ақшаға иелік ету Клиенттің Банкке жазбаша нұсқауымен жүргізіледі.
-
Банк келесі сипаттағы құжаттарды орындауға қабылдамайды:
- Түсініксіз нұсқаулаурды;
- Клиент атынан толтырылмаған немесе қол қойылмаған жолдар;
- түзетулер;
- заңнаманы бұзатын операцияны жүргізу туралы нұсқаулар;
- қолданыстағы заңнамда көзделген мәліметтерді қамтымайтын;
- қарындашпен толтырылған;
- Банктің ішкі құжаттарында, қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да жағдайларда.
Банк осындай төлем құжаттарын Клиентке қайтарады, және осындай нұсқауларды орындаудан бас тарту салдарынан Клиент көтерген зияндар үшін жауап бермейді.
3.5 Шот бойынша барлық операциялар Шарттың 10-бабында анықталған қауіпсіздік талаптарын сақтаумен заңды тұлғалардың, қамқоршының нотариалды түрде расталған қолданыстағы сенімхатының негізінде үшінші тұлғалардың нұсқаулары бойынша жүргізілуі мүмкін.
3.6 Клиенттің келісімінсіз Шоттан ақша алу, Шот бойынша шығыс операцияларды тоқтату және Шоттағы ақшаға тыйым салу келесі жағдайларда жүргізіледі: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде. Осындай жағдайларда Клиент көтерген шығын үшін Банк жауап бермейді.
3.7 Шот бойынша қалған ақшаға сыйақы Банкпен Банктің ішкі құжаттарында көзделген мерзімде және көлемде және Банк тарифтерімен есептеледі.
3.8. Клиенттің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына байланысты Шот бойынша операцияларды жүргізуге тыйым салынады. Шарттың осы тармағында көзделген ережені бұзғаны үшін Клиентке жауапкершілік жүктеледі ( Банк осындай қызметпен байланысты Шотқа ұсынылған нұсқауларды орындауына жауап бермейді).
3.9 Шоттан аударымды жүргізген кезде ( соның ішінде халықаралық):
- Клиент банк-корреспонденттің сұрауы бойынша Клиенттің операцияларын жүргізуге қатысатын операциялар және оған қатысатын тұлғалар бойынша мәліметтер мен түсіндірмелерді Банкпен ұсынуына өзінің шартсыз және кері шақыртусыз келісімін береді:
- Банк ие емес, бірақ операцияларды аяқтау үшін банк-корреспондентке ұсыну талап етілетін мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсыну туралы сұрау Банктен түскен жағдайда, Клиент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған қажетті көлемде және мерзімде осындай мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсынуға міндеттенеді. Осыған байланысты Клиент мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Банк аударымның орындалмағанына және аяқталмағанына жауап бермейді.
3.10. Клиент Шотынан ақша аудару бойынша операцияларды жүргізу кезінде банк-корреспондент, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады немесе тиісті шет ел мемлекетінің халықаралық аударымдарын жасау кезінде келесілерге құқылы:
- жүргізілетін операция туралы кез келген қажетті қосымша мәліметтер алу мақсатында белгісіз мерзімге Клиент ақшасын аударуды тоқтатуға;
- Бас тарту себебін нақтылаусыз Банкке ақшаны қайтарумен ақша аударудан бас тартуға;
- белгісіз мерзімге ақшаны оқшаулауға.
3.11 Шарттың 3.9. және 3.10. тармақтарында көзделген операцияларды аяқтау мүмкін болмағанда, Банк операция жүргізуге қатысатын банк-корреспонденттердің іс-әрекетіне жауап бермейді.
-
Клиенттің валюталық операцияларды жүргізу тәртібі
-
Банк Шот бойынша валюталық операцияларды осы Шартқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, Банктің ішкі ережелеріне сәйкес жүргізеді.
-
Клиент валюталық бақылауді немесе валюталық шектеулерді жүргізумен шектелмей қоса алғанда, шетел валютасына, сонымен қатар Шоттағы ақшаға немесе оларды пайдалану операцияларына қолданылатын салықтарға немесе өзге міндетті төлемдерге қатысты заңнамамен, соның ішінде шет ел мемлекетінің заңнамасымен белгіленген шектеулерге байланысты туындауы мүмкін шет ел валютасында Шот ашумен және жүргізумен байланысты тәуекелдерді өзіне жүктейді .
-
Айырбастау бойынша қызметтер
-
Клиент айырбастау операцияларын жүргізуді реттейтін қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті. Айырбастау тиісті түрде Клиент нұсқауымен ресімделген Шоттағы сома шегінде жүргізіледі.
-
Банк қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асырады:
- шет ел валютасынан Қазақстан теңгесіне;
- Қазақстан теңгесінен шет ел валютасына;
- шет ел валютасынан басқа шет ел валютасына.
-
Айырбастау бойынша операциялар жүргізілетін валюта тізімін Банк өзі дербес белгілейді және өзінің қалауы бойынша өзгертеді.
-
Операциялар оларды жүргізу кезінде қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес комиссияны өндіріп алумен ағымдағы айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
-
Банктегі кассалық қызмет көрсету
-
Қолма-қол ақшамен операцияларға Банкпен банкноттар мен монеталарды ұлттық және шет ел валютасында беру, қайта есептеу, айырбастау, сұрыптау, орау және Шотқа ақша аудару жатады. Аталған операцияларды Банк қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі құжаттарымен, стандарттарымен белгіленген тәртіпте жүргізеді. Шотқа ақша аудару банк операцияларын жүргізу үшін қажетті уақытты ескерумен жүргізіледі.
-
Банк ақшаны қабылдау, парақ бойынша санау және буып-түю аяқталғаннан кейін нақты соманы Шотқа аударады. Қолма-қол ақша беру Шоттағы сома шегінде жүргізіледі.
-
Банк бөлімшесі арқылы Шоттан Шот валютасына байланысты 10 000 (он мың) АҚШ доллары / Еуро немесе 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге тең немесе артық соманы қолма-қол алу үшін, Клиент алдын ала, бірақ осындай соманы болжамды алу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей Банкке Банктің бекітілген нысаны бойынша ресімделген тиісті жазбаша өтінімді ұсынуы тиіс. Осы тармақта көрсетілген шартқа қарамастан, Банк өзінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыс құжаттарын ресімдеумен аталмыш өтінімді ұсынған күні Шоттан ақшаны бере алады.
-
Банк көрсеткен қызметтерге төлем
-
Банк Клиенттен операцияларды жүргізке зінде қолданыста болған Банк тарифтеріне сәйкес Шот бойынша операцияларды жүргізу және ұсынылған қызметтер үшін комиссиялық сыйақы алады. Комиссиялар Шарттың 9.3.5. тармағына сәйкес акцептсіз тәртіпте Шоттан тиісті сомаларды Банкпен есептен шығару арқылы немесе осындай есептен шығару мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шартпен көзделген басқа да тәсілдер (соның ішінде Клиентпен Банк кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы) арқылы Клиентпен төленеді .
-
Банк бір жақты тәртіпте, клиенттің алдын ала келісімінсіз, Шарт аясында қолданыстағы Тарифтерге өзгерістер енгізуге құқылы. Клиент жүргізілетін операциялар, Шоттарды жүргізу бойынша қолданылатын комиссиялардың мөлшерін Банкпен белгіленген тиісті күні дербес Банк бөлімшесінен немесе келесі мекенжай бойынша Банктің веб-сайтынан: www.bta24.kz немесе Банктің анықтама қызметінің телефон нөмірлері арқылы біледі. .
-
Осы арқылы Тараптар Шартты бұзған жағдайда, Клиентпен төленген Шотқа қызмет көрсету үшін комиссияның (Банк тарифінде осы комиссия түрі болған жағдайда), Клиентке қайтарылмайтындығына келісті.
-
Клиенттің биометриялық мәліметтері
-
Клиенттің биометриялық мәліметтерін пайдаланумен байланысты Шарттың осы бабы және оның басқа да жағдайлары Клиент тиісті түрде келісім берген жағдайда қолданылады (өтініште және / немесе Банкпен белгіленген нысан бойынша Банкке ұсынылған басқа құжаттарда). Шартта көрсетілген жағдайларда Клиенттің биометриялық мәліметтерін пайдалану Шот бойынша операцияларды жүргізудің қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
-
Биометриялық мәліметтер - Клиенттің саусақ ізінің сыртқы түрі. Банкте Клиенттің биометриялық мәліметтерін сканирлеу кезінде, Клиенттің саусақ ізінің сыртқы түрі арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының көмегімен бірегей кодқа енгізіледі (сандардың кезектілігі).
-
Клиенттің құжаттамасында биометриялық деректерді қолдану тәртібімен келісім туралы өтініші болған жағдайда, Шот бойынша Клиент операция жүргізгенде, биометриялықКлиентті сәйкестендіру оның биометриялық мәліметтерін сканирлеу және Банкте сақталатын кодты салыстыру арқылы жүргізіледі.
-
Тараптардың құқытары және міндеттері:
-
Клиент құқылы:
-
Шотты Шарттың талаптарына сәйкес пайдалануға;
-
Банкке келгенде Шот бойынша үзінді көшірмесін алуға;
-
Операция жүргізілген соң 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке Шоттан үзінді көшірмеде көрсетілген Шот бойынша операциялардың орындалуына дауласу туралы өтінішін беруге,
-
Банкпен акцептелген нұсқауларды кері қайтарып алуға немесе қолданыстағы заңдармен белгіленген тәртіпте және мерзімде қайтарып алуға немесе тоқтатуға;
-
Банктен Шот бойынша жүргізілген операциялардың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуды талап етуге.
-
Клиент міндеттенеді:
-
Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарының талаптары есебімен ресімделген жазбаша нұсқауларды беруге. Бұл ретте Банкпен қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында немесе заңдармен және/немесе Шартпен белгіленген өзге жағдайларда, Банк Клиенттен жүргізілетін операцияға қатысты қосымша ақпарат пен құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы, ал Клиент тиісінше оларды ұсынуға міндетті.
-
Шотты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты операцияларды жүргізу үшін немесе қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған қандай да бір заңсыз мақсаттарға пайдаланбауға;
-
Шоттан ақшаны уәкілеттігі жоқ тәртіпте есептен шығару тәуекелін азайту мақсатында Клиент:
-
үшінші тұлғаларға нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхатын беру арқылы Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру құқығын ұсынғанда және сондай тұлғаларды алмастырғанда немесе олардың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанда;
-
Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты жоғалғанда,
Ол туралы Шартта көрсетілген тәсілдермен және тәртіпте дерек Банкке хабарлауға.
-
өзінің деректемелері өзгергені туралы (төлқұжат мәліметтері, СТН/ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және Банкке жолдаған құжаттарда бар басқа да мәліметтер) өзгертулер орын алған уақыттан бастап 5 күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе Тараптармен келісілген басқа да байланыс құралдарымен Банкті хабардар етуге. Егер Клиент Шартқа сәйкес Банкпен Клиенттің атына байланыстың ашық арналары арқылы Шот бойынша ақпарат жолдауына бастамашылық таныса, Клиент Шот бойынша ақпаратты алу үшін пайдаланатын өз деректемелерінің өзгергені туралы Банкті дереу хабардар етуге және өзгертілген құжаттарды алмастыруға міндеттенеді. Банк Клиенттің бұрын ұсынылған құжаттарын немесе Банкке бұрын жолданған құжаттардың алмастыруын талап етуге себеп болған Клиенттің деректемелерінің өзгеруін куәландыратын ақпаратты/құжаттарды алған жағдайда, Банкке жаңа құжаттар ұсынылғанша Банк Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының нұсқауларын орындаудан бас тартуға құқылы.
-
Шарт бойынша Банк қызметтерін Тарифтерге сәйкес төлеуге.
-
Шотқа ақша қате есептелген фактісі анықталған жағдайда, Клиент Шотқа ақша қате есептелгендігі туралы мәліметі бар Шот бойынша үзінді көшірмені алған күннен бастап ол туралы 5 (бес) операциялық күні ішінде Банкке хабарлауға міндетті.
-
қосымша сәйкестендіру және Шот бойынша операцияларды жүргізудің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Банкке өзін суретке түсіруге рұқсат беруге. Клиенттің фотосуреті Банктің дерекқорына орналастырылады және тек Клиентті сәйкестендіру мақсатында қолданылатын болады. Клиент өзін суретке түсіруге және фотосуретті Банктің дерекқорына орналастыруға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, Банк Клиентпен іскерлік қатынастарын орнатудан және оны әрі қарай нығайтудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
-
банктік операцияларды жүзеге асырғанда, Банктің талабы бойынша оны сәйкестендірудің қосымша құралы ретінде келісіні ұсынуға:
- бұрын алған биометриялық деректермен салыстырып тексеру үшін тиісті саусақты сканирлеу мүмкіндігін (егер Клиент тиісті өтінішпен биометриялық деректер бойынша сәйкестендіруді жүргізуге өз келісімін растаса); және / немесе
- Банкпен шығарылған пластикалық картаны және/немесе ЖЦҚ (Клиентте олар бар болған жағдайда);
- және басқа құжаттар.
-
Банк құқылы:
-
Шот ашу немесе ашудан бас тарту туралы шешімді өз бетімен қабылдауға;
-
Клиентке тиісті хабарлама жіберу арқылы Клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға;
-
егер нұсқаулары және ол бойынша ұсынылған құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына қайшы келсе, Шотт сондай нұсқауларды орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болса, Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының Шот бойынша операцияларды орындау туралы нұсқауларын орындаудан бас тартуға.
-
егер Клиенттің Банк алдында Шарт бойынша немесе Банкпен жасалған басқа да кез келген шарттар/келісімдері бойынша мерзімі өткен өтелмеген берешектері болса, Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының Шот бойынша операцияларды орындау туралы нұсқауларын орындаудан бас тартуға;
-
осы Шарт Банк пен Клиент арасында жасалған өзге шарттар бойынша Банкке тиесілі комиссия сомалары мен Банк пайдасына төленетін өзге төлемдерді және Шотқа қате есептелген ақшаны:
-
Банк өкімі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған басқа құжаттарының негізінде Клиенттің Банктегі Шотын немесе өзге банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы; және / немесе
-
Клиенттің Банкте немесе Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде кез келген басқа банктерде (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарда) ашылған Шотына немесе өзге банктік шоттарына талап қою арқылы есептен шығаруға,
ҚР немесе тиісті шетел мемлекетінің заңнамасымен Клиенттен қосымша акцепті талап етпейтін төлем тапсырма-талабын ұсынуға рұқсат етілген жағдайда, Банк ондай төлем тапсырма-талабына Шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе ақшаны акцептсіз алу (есептен шығару) үшін басқа да қажетті құжаттарды қосымша береді.
Осы жағдайда Банкте ашылған Клиенттің банктік шотында ақша жеткілікті болған жағдайда, Банктің төлемдік құжаты онда көрсетілген барлық ақша сомасына орындалуы тиіс, ал Банктің төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын алу (есептен шығару) үшін – ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Клиенттің Банкте ашылған банктік шотының картотекасында сақталады.
Ақшаны Клиенттің банктік шотынан өзге валютада (Клиент міндеттеме валютасынан басқа) алу (есептен шығару) жағдайында, валюталық заңнама талаптарына сәйкес алынған ақшаны міндеттеме валютасына айырбастау – Банктің таңдауы бойынша – Тарифке сәйкес айырбастауды жүргізгені үшін комиссия сомасын –Клиенттің есебінен алып (оның ішінде айырбасталған сомадан айырбастау үшін комиссияны ұстағанда), Банкпен белгіленген алынған валютаны немесе Клиенттің міндеттеме валютасын сату немесе сатып алу бағамы бойынша және/немесе Банкпен белгіленген алынған валютаның Клиенттің міндеттеме валютасына бағамы бойынша жүргізіледі. Айырбастау үшін комиссия сомасын есептен шығару Банктің есептік бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Осымен Клиент Банкке Шарттың осы тармағында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте Клиенттің қосымша келісімінсіз (акцептсіз) ақшаны алу (есептен шығару) құқығын ұсынады.
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша ешбір түсіндірмесіз Клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға, Клиенттің ағымдағы шотын жабуға жəне Клиенттің Шот бойынша операциялар жүргізу туралы нұсқауларын орындаудан бас тартуға.
-
Сәйкестендіру үшін қосымша құрал ретінде келесіні пайдалануға:
- Банктің дерекқорында орналастырылған Клиенттің фотосуретін;
- Клиенттің биометриялық деректерін (егер Клиенттің тиісті өтініші болса); және / немесе
- Банкпен шығарылған пластикалық картаны және / немесе ЭЦҚ (егер ол Клиентте болса);
-
Егер Клиент осы Шарттың талаптарын және Банктің ішкі ережелерімен көзделген тәртіпте сәйкестендіруден өтпесе, Клиентке шығыс операцияларын жүргізуден бас тартуға,
9.4.Банк міндеттенеді:
-
Қолданыстағы заңнамаға, Шартқа, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Шотқа қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
-
Қолданыстағы заңнамаменбелгіленген мерзімде Клиенттің пайдасына түскен ақшаны Шотқа есепке алуға;
-
Клиенттің операциялары бойынша құпияға кепілдік беруге. Клиенттің келісімісіз Шотқа және ол бойынша операцияларға, Клиентке қатысы бар анықтамалар Банкпен тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда ғана ұсынылады;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиент ұсынған биометриялық деректерді өзге тәсілдермен таратпауға және жария етпеуге.
-
Сенімхат бойынша әрекет ететін тұлғалардың нұсқаулары негізінде Шот бойынша операцияларды орындау
-
Клиентпен тиісті нотариалды куәландырылған сенімхат беру жолымен үшінші тұлғаларға Шот бойынша операциялар жүргізу құқығы ұсынылған жағдайда, Клиент осындай сенімхат бойынша әрекет ететін (сенім жүктелген) тұлға Шот бойынша операцияларды орындағанға дейін ондай сенімхат берілгені туралы Банкке хабарлайды.
-
Клиент үшінші тұлғаларға Шот бойынша операциялар жүргізуге берген сенімхаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін әрекет күшін жойған жағдайда Клиент сенім жүктелген дереу тұлғаның өкілеттігі тотқтағаны туралы дереу Банкке хабарлайды.
-
Шарттың осы бабында анықталған жағдайларда, Клиент келесі тәсілдердің бірімен Банкке хабарлама жібереді:
-
Банктің бөлімшесіне Клиент сенім білдірген тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және нөмірін, сенімхат бойынша сенім білдірілген тұлғаға ұсынған өкілеттік тізілімін (сенімхат мәтініне сәйкес) ұсыну арқылы;
-
Банкке сенім білдірілген тұлғаға берілген сенімхаттың көшірмесін факс арқылы міндетті түрде ауызша ( телефон арқылы) растаумен жіберу арқылы.
-
Банк құқылы:
-
Клиент Шарттың 10.1 және 10.3. тармақтарына сәйкес сенім білдірілген тұлғаға сенімхаттың берілгені туралы Банкке хабарламаған жағдайда, тиісті сенімхатты беру жағдайы бойынша растама алу үшін Клиентке, сенімхатты ресімдеген нотариуске өтініш жасауға. Осы кезде, егер сенім білдірілген тұлғамен Шот бойынша операция жүргізу туралы нұсқау ұсынылған болса, Банк осындай нұсқауды жоғарыда аталған тұлғалардан тиісті сенімхаттың берілгеніне растама алғанға дейін орындамауы мүмкін.
-
Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершіліктен шығару
-
Әр Тарап Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді бұзғаны үшін екінші Тарап алдында осы Шартқа сәйкес ал Шартпен реттелмеген басқа жағдай бойынша – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
-
Егер Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмауына/тиісті түрде орындалмауына еңсерілмейтін күш жағдайлары себеп болса, оның ішінде: уəкілетті мемлекеттік органдардың актілерін/шектеу-тыйым салу сипаттағы шараларын қабылдау, бағдарламалық қамсыздандырудың ақауы, электр қуаттың өшуі, байланыс желісінің зақымдануы мен Тараптардың еркіне байланысты емес жəне Шарттың Мəніне тікелей қатысы бар басқа да жағдайлар орын алған болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмағаны/тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекеті аяқталған соң тиісті Тарап Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруы тиіс. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған күннен бастап 1 (бір) айдан астам уақыт бойына созылса, Тараптар өзара келісім бойынша Шарттың қолданысын тоқтатуға құқылы, осы жағдайда мүдделі Тарап басқа Тарапқа осындай тоқтату мерзіміне дейін 30(отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
-
Егер уәкілетті мемлекеттік органдардың және / немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, Шоттағы ақшаға тыйым салғаны туралы шешімдері / қаулылары, сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз есептен шығаруға құқылы үшінші тұлғалардың нұсқаулары келіп түскен жағдайда, Банк Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
-
БанкШарттың 9 және 11.6. бабында көзделген хабарламаны алмаған жағдайда :
- Клиенттің Шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеті үшін;
- Шоттан ақшаны заңсыз есептен шығарғаны үшін Банк жауапкершілікті өзіне жүктемейді.
-
Шарттың талаптары бұзылған кез келген жағдайда Банктің жауапкершілігі, Банктің заңға қайшы іс-əрекеттері/əрекетсіздігі салдарынан Клиентке келтірілген нақты залалдың көлемімен шектеледі.
-
Клиент Банкке Шартта көзделген мерзімде Шотқа ақшаның қате есептелгені туралы хабарламаған жағдайда, Клиент9.2.6 тармағына сәйкес Банк шеккен нақты шығыны үшін толық көлемде жауапты болып табылады.
-
Үшінші тұлғалардың нұсқаулары (инкассолық өкім, талап-тапсырма) бойынша ешбір негізсіз Клиенттің Шотынан ақшаны акцептсіз есептен шығарғаны үшін жауапкершілікті осы нұсқауларды жолдаушы тұлғалар көтереді. Осы жағдайда Банк Клиеттің оның келісімінсіз Шоттан ақшаны есептен шығаруға қарсы іс мәні бойынша наразылығын қарауға қабылдамайды.
-
Банк осы Шарттың 11.7. тармағында көзделген міндеттемелерді орындамауға немесе тиісті түрде орындамауға байланысты Клиентке келтірілген залалы үшін жауап бермейді.
-
Банк осы Шарттың 9.3.8. тармағында көзделген жағдайда шығыс операциясын жүргізуден бас тарту салдарынан Клиентке келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді.
-
Дауларды шешу тәртібі
-
Шартқа тікелей немесе жанама қатысты, бірақ онда реттелмеген барлық мәселелер Тараптармен Шартқа сәйкес, ал Шартпен реттелмеген басқа мәселелер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
-
Шартты орындауға байланысты барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптармен келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі.
-
Тараптар келіссөз жүргізу арқылы 10 (он ) жұмыс күні ішінде келісімге келе алмаған жағдайда, даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте сотта қаралады.
-
Ақшаны жіберуші мен алушы арасында есеп-айырысу бойынша өзара наразылықтарды тікелейөздерінің арасында Банктің қатысуынсыз қаралады.
-
Қашықтықтан банктік қызмет көрсету
-
Банк Клиентке Bta24.kz қаржы порталы арқылы банктік қызметтерге және Шотқа қашықтықтан қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Bta24.kz қаржы порталы арқылы қызмет ұсыну Банктің ішкі құжаттарына сәйкес және Клиенттің техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда жүргізіледі. Клиентті жүйеге қосу Клиентте Банк шығарған қолданыстағы төлем карточкасының болуы арқылы жүргізіледі.
-
Bta24.kz қаржы порталы арқылы Шот бойынша келесі қызметтер ұсынылады:
- Шот бойынша ақпарат беру;
- Шоттан кез келген Банктік шоттарға, соның ішінде үшінші тұлғалардың пайдасына төлем/аударым операциялары ( тиісті келісім негізінде Банк беретін ЭЦҚ-мен);
- басқа да қызметтер.
-
Клиенттің хабар-ошарсыз кетуі, қаза болуы
-
Банк Клиенттің хабар-ошарсыз кеткенін / қаза болғанын/қаза болды деп жариялағанын растайтын құжат алған жағдайда, осы Шарт негізінде Банк Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.
-
Қаза болған/қаза болды деп жариялаған Клиенттің Шотынан ақша беру, Тарифтерге сәйкес Банк комиссиясын шегеріп, қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен белгіленген мерзімі мен құжаттары негізінде қаза болған/қаза болды деп жариялаған Клиенттің мұрагерлеріне / қолданыстағы заңнамамен уәкілетті өзге тұлғаларына жүзеге асырылады.
-
Клиенттің өтініші
-
Банкке ағымдағы шотты ашуға берілген Өтініште көрсетілген мекенжайға кез келген ақпараттық материалдарды (соның ішінде хабарламаларды) жолдауға рұқсат етемін. Бұл ретте Шарт талаптарына сәйкес Банк пошта арқылы жолдаған мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығы үшін жауапкершілікті жөнелтілімді жеткізуін жүзеге асыратын пошталық ұйым көтеретініне келісемін.
-
Егер Банк Клиент ашық байланыс арналары арқылы Банкке сұрау жасауын бастамашылық танытса немесе Банк Шот бойынша операциялардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тиісті хабарды Клиентке жолдауын орынды деп есептесе, Банк Клиентке Шоттың жəй-күйі, ол бойынша операциялар туралы мəліметтерді жəне осы Шарттың 15.1. тармағында көрсетілген материалдарды ашық байланыс арналары (оның ішінде SMS-банкинг, e-mail, факс жəне т.б.) арқылы жіберуге құқылы. Клиент, өтініш беріп жəне Банкте өзі болып, Банктің Шот бойынша ақпарат ұсынуына ресми жазбаша келісімін береді жəне Шарттың осы тармағына сəйкес Банкпен ашық байланыс арналары арқылы жолданатын ақпарат үшінші тұлғалардың қолына заңсыз түсуі мүмкін қатерін түсінетінін жəне сондай тəуекелді өзіне қабылдайтынын растайды.
-
Банк, Клиенттен осындай өтінішті қабылдай отырып, Клиентпен тиісті түрде Банкке ұсынылған деректемелерін негізге алады.
-
Құпиялылық
-
Банк Шот бойынша Клиенттің операциялары жөніндегі құпиясына кепілдік береді. Клиенттің рұқсатынсыз Банкпен тек: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, жағдайда тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде ұсынылады.
-
Шарттың әрекет ету мерзімі және оны бұзу тәртібі
-
Осы Шарт, Тараптардың оған қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және егер Тараптармен өзгесі қосымша белгіленбесе, белгісіз мерзімге дейін күшінде болады.
-
Өтініш негізінде Шартқа сәйкес ашылған барлық Шоттар жабылған жағдайда, Шарттың әрекеті тоқтатылады.
-
Банк Клиентке тиісті хабарламаны Шартты бұзуға дейін 10 күнтізбелік күнге дейін кешіктірмей жолдап, Шарт аясында ашылған жекелеген немесе барлық Шоттарды кез келген уақытта жабуға құқылы. Мұндай жағдайда Шотта ақша қалған болса, Банк қалған ақшаны аудару үшін Клиент Банкке төлем деректемелерін хабарлауы тиіс. Банк хабарламада көрсетілген күнге дейін сондай ақпаратты алмаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес Клиенттің ақшасын Клиент өзі талап еткенше ішкі аудит шоттарына аударады. Банк ақшаны аударған соңШарт өз қолданысын тоқтатқан болып есептеледі.
-
Шартты өзгерту тәртібі
-
Банк Клиентпен алдын ала келйспей біржақтытәртіпте Шартқа өзгертулер енгізуге құқылы. Шарттың өзгерітілген редакциясы, сондай өзгертулер күшіне енгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Банк www.bta24.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында орналастырылады. Өзгертулер енгізілген соң осы Шарт жаңа редакцияда қолданыста бола береді. Клиент Шарттың өзгертілген редакциясымен өз бетінше Банктің бөлімшелерінде немесе www.bta24.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында таныса алады.
-
Банкпен өзгертулер енгізілетіні туралы хабарлама жарияланған соң Клиент 10 (он) күнтізбелік күн ішінде енгізілген өзгертулер есебіменШарт талаптарын қабылдамайтыны туралы өтініш ұсынбаса, ол Клиенттің Шарттың жаңа (өзгертілген) редакциясымен келісетінін жəне енгізілген өзгертулер есебімен жалпы оған қосылатынын білдіреді.
-
Басқасы
-
Клиент осы арқылы Клиенттің банкке телефон арқылы кез келген байланысуы Банктің қалауы бойынша Банкпен осы мақсатта пайдаланатын жазу құралы арқылы автоматты түрде тіркелетінін түсінеді және онымен келіседі.
-
Клиент осы арқылы Шотқа енгізілген/есепке алынған барлық және кез келген ақша заңды түрде алынғанын, сондай Клиент Банктің талабы бойынша, оның ішінде Клиент Шотқа ақшаны үшінші тұлғалардың тапсырмасы бойынша және мүддесіне енгізген/есепке алған жағдайда, осындай ақшаның шыққан жері мен алынғанының заңдылығын растайтын құжаттарды/басқа да ақпараттарды Банкке ұсынуға міндеттенетінін растайды және кепілдік береді.
-
Банк Клиенттің Шоты бойынша, Клиенттен жүргізілген операциялары бойынша олар өткізілген күннен бастап 30 (отыз ) күнтізбелік күн ішінде наразылық алмаған жағдайда, бұл операцияларрасталған болып саналады.
-
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Шоттағы ақша қалдығы депозиттерге міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Банк мәжбүрлі таратылған жағдайда, Клиенттің Банктегі барлық банктік шоттарында бар, бірақ 5 миллион теңгеден аспайтын ақшалай қаражат сомасының қалдығы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен төленген кепілдік берілген өтемақы сомасын құрайтыны анықталды. Шетел валютасындағы ақша сомасы бойынша төленген кепілдік берілген өтемақы төлемі теңгемен жүргізіледі. Өтемақы есебін жүргізгені үшін соттың мәжбүрлі тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген валютаны айырбастау нарықтық бағамы қолданылады.
-
Депозиттерге міндетті кепілдік беру мəселесі жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, ақшалай қаражатқа Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар есебімен анықталған кепілдік беру шарттары қолданылатын болады.
-
Өзге шарттар
-
Осы Шарт әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Егер Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында қарама-қайшылықтар болса, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
-
Осы Шартта көзделген баптар мен басқа да атаулар қолайлылық үшін пайдаланылған және қандай да бір шектеулер қойылмаған, сипаттама берілмеген және немесе аталған құжаттардың қандай да бір ережесіне түсініктеме берілмейді, сонымен қатар осы Шарттағы баптардың орналасу тәртібі бір баптардың екінші баптарға қатысты басым екендігін білдірмейді.
-
Егер осы Шарттың қандай да бір немесе одан да көп ережесі күшін жойса, жарамсыз болып табылса немесе қандай да болмасын жағдайда заң жүзінде қамтамасыз етілмеген болса, ол осы Шарттың қалған басқа ережелерінің жарамдылығы мен заңдылығына ешбір әсер етпеуі немесе нашарлатпауы тиіс.
-
Тараптардың осы Шарттың кез келген құқығын пайдаланбауы немесе уақытында пайдаланбауы ондай құқықтан бас тарту ретінде қабылданбауы тиіс және ондай Тараптың өз құқықтарын жүзеге асыруына еш әсерін тигізбейі тиіс. Осы Шартқа сәйкес барлық құқықтар, сонымен бірге міндеттемелер басқа құқықтар мен міндеттемелерден бөлек құқық пен міндеттеме емес, олардың бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |