Желтоқсан айының он үші Сәрсенбі Сынып жұмысы Қасым Аманжолов «Жас дәурен»



Дата30.04.2024
өлшемі3.56 Mb.
#500157
түріСабақ
Қ.Аманжолов. Назира апай


Желтоқсан айының он үші
Сәрсенбі
Сынып жұмысы
Қасым Аманжолов «Жас дәурен»
Бүгінгі сабақта: поэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерілетін мәселені анықтайсыздар
ОҚЫЛЫМ
Қасым Аманжолов Қарқаралы ауданында 1911 жылы дүниеге келген. Алғашқы білімін ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Мектепте 1924 жылдан 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Кейін Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетінде қызмет етеді. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарияланды. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді.
Жаңа сөздермен жұмыс
Шымқай арай – күн шығар кездегі немесе батар кездегі кез
Наз – ерке, керімсал
Нажағайлы – найзағайдай жарқылдау
Жас дәурен – қызықққа толы бақытты шақ
Риза болу – қанағаттану
Үлес – сыбаға
ТЫҢДАЛЫМ. АЙТЫЛЫМ
«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі
2-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер
  • Қалай ойлайсың, өлең неге «Жас дәурен» деп аталған?
  • Ақын кімге немесе неге бағыттап айтып тұр?
  • «Риза болу» дегенді түсінесің? Адам қандай жағдайда қуанып, риза болады?
  • «Жан сәулем» деген сөз кімге бағытталуы мүмкін?

ОҚЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ
Жас дәурен
3-тапсырма. Өлеңді оқы. Сұрақтарға жауап бер
  • Қасым Аманжолов туралы не білесің?
  • Қасым Аманжолов қандай жанрда жазған?
  • Ақын қай жерде туған?
  • Оның басқа ақындардан өзгешелігі неде?


АЙТЫЛЫМ
Берілген суреттер өлеңнің мазмұнына сай келе ме? Дәлелде
Дескриптор:
  • өлеңдегі автордың ойын анықтайды;
  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • өлеңдегі көңіл күйді сипаттайды

«Үш жақты күнделік» әдісі
Тапсырма. Берілген сөз тіркестерін сәйкестендір және қандай сөздермен ауыстыруға болады?
Дескриптор:
  • сөз тіркестерін сәйкестендіреді;
  • сөздерді өз сөзімен сипаттайды

Сөз тіркесі

Мағынасы

Сипаттама

Үлесімді мол қармадым

Өмірден әсер алып, шабыттану

Қызығына тоймау

Көп нәрсе үйрендім

Тірлікте тербелейін

Өмірге құштарлық

ЖАЗЫЛЫМ
Тапсырма. Өмірден алғың келетін үлесің туралы кластерге жаз
Өмірден алатын үлесім
білім
...
...
...
«Ассоциация» әдісі
Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ассоциативті қатар жаз

Жас дәурен

Өнерпаз


Тапсырма. Берілген түсініктеменің қайсысы өлең мазмұнына сәйкес келеді?
Жастық шақта адам өмірден барлық жақсылықты көру керек. Өткен уақыт қайталанбайды. Сондықтан алға мақсат қойып, еңбектеніп, армандарға қол жеткізу керек.
Жастық шақта ән айтып, қыдыру керек. Асықпай, жай отырып, қызықшылықты көру керек.
Есте сақта!
Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, халқымыздың ардақты ұлы. Ол ел-жұртын шексіз сүйе білді, халқына қызмет етті. Өз поэзиясында туған жердің тамаша табиғатын жырлады.
Үй тапсырмасы:
11-тапсырма, 133-бет.
Интернеттегі gasym.kz ақпараттық-танымдық порталының «Қасымтану» айдарынан Қ.Аманжолов туралы естелік тауып, түсінгеніңді сыныпта баянда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет