Желтоқсан айының он үші Сәрсенбі Сынып жұмысы Қасым Аманжолов «Жас дәурен» Бүгінгі сабақта: поэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерілетін мәселені анықтайсыздар ОҚЫЛЫМ Қасым Аманжолов Қарқаралы ауданында 1911 жылы дүниеге келген. Алғашқы білімін ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Мектепте 1924 жылдан 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Кейін Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетінде қызмет етеді. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарияланды. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді. Жаңа сөздермен жұмыс Шымқай арай – күн шығар кездегі немесе батар кездегі кез Наз – ерке, керімсал Нажағайлы – найзағайдай жарқылдау Жас дәурен – қызықққа толы бақытты шақ Риза болу – қанағаттану Үлес – сыбаға ТЫҢДАЛЫМ. АЙТЫЛЫМ «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі 2-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер
Қалай ойлайсың, өлең неге «Жас дәурен» деп аталған?
ЖАЗЫЛЫМ Тапсырма. Өмірден алғың келетін үлесің туралы кластерге жаз Өмірден алатын үлесім білім ... ... ... «Ассоциация» әдісі Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ассоциативті қатар жаз
Жас дәурен
Өнерпаз
Тапсырма. Берілген түсініктеменің қайсысы өлең мазмұнына сәйкес келеді? Жастық шақта адам өмірден барлық жақсылықты көру керек. Өткен уақыт қайталанбайды. Сондықтан алға мақсат қойып, еңбектеніп, армандарға қол жеткізу керек. Жастық шақта ән айтып, қыдыру керек. Асықпай, жай отырып, қызықшылықты көру керек. Есте сақта! Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, халқымыздың ардақты ұлы. Ол ел-жұртын шексіз сүйе білді, халқына қызмет етті. Өз поэзиясында туған жердің тамаша табиғатын жырлады. Үй тапсырмасы: 11-тапсырма, 133-бет. Интернеттегі gasym.kz ақпараттық-танымдық порталының «Қасымтану» айдарынан Қ.Аманжолов туралы естелік тауып, түсінгеніңді сыныпта баянда.