63
Францияда Семильон және Мюскодель сортты жүзімнен Шато-Икем
шарабы алынады. Шикізатты жидегінен айырып, оны езгілеп, содан оны
езгілегеннен кейін, оны пресстейді. Жоғары қантты қою шырын бөшкеде жай
ашиды (көктемге дейін). Осы жолмен спирт 14%, қанты 10 г/дм
3
және көп
мөлшерде глицерин құрайтын нағыз шарап алынады. Оны бөшкеде, салқын
жерде 3 жылға дейін ұстайды (9-11
0
С). Сақтау кезінде жылына 4-5 рет
ауыстырып құю жасайды. Осы категориядағы шарапты Грецияда мускат
сортты жүзімнен алынады.
Молдавия Республикасында ординарлы жартылай қантты десертті
шарап шығарады. Мускатты сортты жүзімнен Мэрэритор шарабын (спирт
16%, қант 12%), Фиоаре шарабы (спирт 14%, қанты 8%) Амиготе және
Ркацитилли - 60% сортты жүзімнен, Мускатты 40%-дан жасалады. Сусындар
гүлді балды иіспен және жұмсақ дәмді болып келеді.
Езіндіде шырынды 10-12 сағат араластырып ұстайды және престейді.
Содан соң шырынды сульфитацияға қоюға және бентонитпен өңдеуге
бағыттайды. Ашығанды салқындатып, фильтрлеуді спиртпен, күкірт диок-
сидімен және сорбин қышқылымен тоқтатады. Жылдам өңдеп, ауа оттегісін
аздап жіберіп стерильдеу жағдайында буып түйеді.
Достарыңызбен бөлісу: