Қайта өңдеудің басты схемасы. Кеңес Одағында профессор Г.Г
Валуйконың деректеріне сәйкес жүзімді қайта өңдеудің 17 технологиялық
сұлбалары бар. Олар әртүрлі типті жүзім материалдары үшін түрлі вариантты
тізбекте орындалатын 30-ға жуық бүгінгі күнгі технологиялық операция-
лардан тұрады.
Бірінші үш сұлба, шарап дайындаудың ақ әдісі бойынша еуропалық
жеңіл ақ асханалық шарабын, шампан, коньякты және хересті шарап
материалдарын өндірген кезде қолданылады. Қызыл әдісі бойынша (4, 5, 6
және 7) экстрактивті, қызыл асханалық дәмі бойынша толық, кахетинді
шараптар, арнайы күшті шараптар (портвейн, мадера, марсала), десертті
шараптардың барлық түрлері, сонымен қатар қызғылт және сары шараптар
маркалары дайындалады.
Соңғы жылдары әртүрлі сападағы жүзімдерді біріктіре, сорғылған езінді
қолдана отырып, ақ және қызыл әдістері бойынша өңдеу технологиясы,
сонымен қатар машина арқылы жинастырылған жүзімдерді қайта өңдеудегі
бірнеше схемалар құрастырылған. Жүзімді қайта өңдеудегі технологиялық
схемалар өзінің құрамында түрлі қажетті заттар жинайтын жүзім шоқтарын
құрайтын түрлі бөліктерін түрлі қолдануға негізделген. Химиялық заттардың
суслоға әртүрлі шарап типтеріне керекті мөлшерде өтуі жүзім шоқтарының
физикалық қасиетіне, оның қатты элементтерінің химиялық құрамына және
өңдеудің режиміне байланысты болады. Жүзімді ұсақтау үшін және суслоны
бөлу үшін жабдықты таңдаған кезде, жоғары сапалы типтік шараптарды
алуды қамтамасыз ететін, хош иістендіргіш, фенолды, бояғыш, экстративті
заттардың технологиялық қорын керу керек. Эталондарға тұспалдана
отырып, шығаратын өнімнің жоғары абыройын жылдан жылға керекті
дәрежеде қамтамасыз ету, шарап дайындаушылардың нағыз өнері.
|