«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


  Қызыл  әдісімен  шырынды  бөлу  сұлбалары.  Езіндіде  суслоны



Pdf көрінісі
бет36/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

2.  Қызыл  әдісімен  шырынды  бөлу  сұлбалары.  Езіндіде  суслоны 
тұндыру.  Бұл  әдісті  асханалық  қызғылт  шараптарды,  десертті  ақ  және 
қызғылт  шараптарды,  сонымен  қатар  арнайы  мейізделген  жүзімдерден 
алынатын шараптарды өндіруде қолданылады.  
Суслоның  жүзім  жидектерінің  қатты  бөліктерімен  8-20  сағат  арақаты-
насының ұзақтығын аз уақыттағы тұндыру деп білеміз.  Мезганы араластыр-
май және ашытпай, жүзім сорттарына және температурасына орай мезгадағы 
суслоны  8-20  сағатқа  дейін  тұндырып,  қызғылт  асханалық  шараптарын 
дайындайды.  Осыған  орай  диффузия  арқылы  суслоға  бояғыш  заттардың 
бірнеше бөлігі мен жалпы фенол қосындылары өтеді. 
Мезганы араластыра отырып, ашытып, тұндыруды жалғастырса мускат-
ты және соған ұқсас десертті шараптар дайындалады. Мұнда мезганы 24-36 
сағат ашытудың бірінші белгілері көрінгенше тұндырады. Содан соң мезганы 
10-15
0
С салқындату ұсынылады, ауа кірмейтін немесе лопас типіндегі, сусло 
шашыратылмайтын  және  қышқылдандырылмайтын  араластырғыш  резерву-
арлар  қолданылады.  Мезганы  ұқыпты  мөлшерде  күкірт  қышқылымен 
сульфиттеу белгіленген: 75-100 мг/кг. 
Классикалық токайлы шараптарды өндіруде суслоны жүзімнің мейіздел-
ген  жидектерінде  тұндырады.  Мезганы  механикалық  бірақ  баяу  араластыру 
үшін  ақырын  айналатын  араластырғыштармен  жабдықталған,  бағытсыз 
суслоны  іріктеу  үшін  және  жиналған  мезга  механикалық  түсірілу  үшін 
Венгрияда  көлбеу  тұрған  «Рото»  резервуарларын  қолданады.  Қырымдағы 
ПАО  «Массандра»  шарап  зауытында  мускатты,  токай  сортты,  сұр  Пино 
сортты шараптар алу үшін ұқсас араластырғыш құралдар сияқты вертикалды 
типті резервуарлар қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет