«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет94/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Жұмысты орындау әдістемесі 
ЖКС  ертіндісі  арнайы  ыдыста  сақталуы  керек,  бетін  жарық  түспейтін 
затпен  (қара  қағаз,  фольга  т.б)  жауып  қояды.  1г  гексациано-(III)-  феррат 
калий  (ККС)  және  1г  ЖКС  20  мл  суда  ертітіп,  сары  түсті  шыны  ыдыста 
дайындалған уақыттан бастап 15 тәулік сақталу керек. 
Шарап  құрамындағы  минералдық  заттардың  арасынан  технологиялық 
маңызы  жоғары  ауыр  металдар  (Fе,  Сu,  Мn  және  т.б)  болып  табылады.  Бұл 
металдардың  шектен  тыс  мөлшері  шарап  құрамында  болуы  шараптың 
лайлануына  алып  келуі  мүмкін  (темір  және  мыс  касстары).  Лайланудың 
алдын алу үшін шарапты деметализациялау жүргізеді, көбінесе гексациано  -


101 
 
(II)-  феррат  калий  (ЖКС)  көмегімен,  себебі  ол  Fе,  Сu,  Аl,  Zn  металлдарын 
ерімейтін қосылыстарға айналдырып,  тұнбаға түсіреді. 
ЖКС-дан  басқа  деметализациялау  үшін  фитин  (әртүрлі  инозитфосфор 
қышқылдарының 
магний 
және 
кальций 
тұздарының 
қоспасы), 
нитрилотриметилфосфон  қышқылының  екісулы  үшнатрий  тұзы  (НТФ), 
трилон  Б  (этилендиаминтетрасірке  қышқылыының натрий  тұзы)  қолданады. 
Фитин,  НТФ  және  трилон  Б  мөлшерін  аналитикалық  жолмен  анықталған 
темір  мөлшеріне  баланысты  есептейді.  ЖКС  мөлшерін  сынақтық  өңдеу 
кезінде анықтайды. 
Шарапты  ЖКС-пен  сынақтық  өңдеу  екі  кезеңде  жүргізіледі.  Алдымен 
алдын ала сынау жүргізеді, бұл сынауда шарап өңдеудің қаншалықты қажет 
екендігін және ЖКС нақты мөлшерін анықтауға интервалын белгілейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет