ҚРӘМ № 5331 30.09.2008ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы | |
өзгерістер мен толықтырулар:
1.ҚҚА № 250 29.12.2008ж.
2.ҚҚА № 90 29.04.2009ж.
3.ҚҚА № 198 28.08.2009ж.
4.ҚҚА № 238 30.11.2009ж.
5.ҚҚА № 22 01.03.2010ж.
6.ҚҚА № 146 03.09.2010ж.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы
1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз активтерін әртараптандырудың нормативтерін осы Нұсқаулықтың 39, 41-тармақтарының талаптарына сәйкес келтірсін.
Осы Нұсқаулықтың 40, 41- тармақтарының шарттарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарына орналастырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржы құралдарын 2009 жылғы 1 шілдеге дейін сатсын.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған жұмыс орнын Нұсқаулықтың 39, 40-тармақтарына сәйкес жетілдіруді 2009 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етуді қоспағанда, 2008 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған жұмыс орнын жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е.Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
№ 131 қаулысының
2-қосымшасы
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4216 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4447 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 215 (1195) санында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 тіркелген).
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
№ 131 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық
нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,
пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі
есепті беру нысандары мен мерзімі туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43, 46, 74-баптарына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5, 9-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін және әдістемесін, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы туралы есепті беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері
1. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері мыналарды құрайды:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 100 000 000 (бір миллиард жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 200 000 000(бір миллиард екі жүз миллион) теңге;
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 200 000 000(бір миллиард екі жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 300 000 000(бір миллиард үш жүз миллион) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыру арқылы қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде – 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге.
2. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбының «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алатын жаңадан құрылған сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге болады.
3-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.
2-тарау. «Жалпы сақтандыру» саласы және қайта сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру
ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының
барынша төмен мөлшері
4. «Жалпы сақтандыру» саласы және қайта сақтандыру
ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарына сәйкес әдістермен есептелген шектердің бірінің барынша жоғары мәніне тең шекті білдіреді.
5. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін «сыйлықақы әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
1) есеп осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын немесе есеп үшін барынша жоғары шегі алынған осының алдындағы қаржы жылы үшін еңбек сіңірілген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларын негізге алып жүзеге асырылады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (еңбек сіңірілген жиынтық сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ негізгі қызметтің корпоративті табыс салығының сомасына кемиді;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларына сәйкес 1 500 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 %-ға көбейтіледі, қалған артық сомасы 16 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;
5) түзету коэффициенті осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасының осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен төмен болуы тиіс емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы үш қаржы жылы үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған болса, ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.
6. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін «төлем жасау әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
1) осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы есеп айырысу үшін пайдаланылады;
заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген, тек қана сақтандыру тәуекелдерімен айналысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы жеті қаржы жылындағы сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасын есеп айырысу үшін пайдаланады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы осының алдындағы қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына өседі және мыналарға кемиді:
есепті қаржы жылының алдындағы үш жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ұйымдар үшін - есепті қаржы жылының алдындағы жеті жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін мыналар пайдаланылады:
осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру
ұйымдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;
5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларына сәйкес есептелген 1 000 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 %-ға көбейтіледі, қалған артық сома 23 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициенті бойынша жинақталады және түзетіледі.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған жағдайда, төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі «төлем жасау әдісін» пайдаланбай жүзеге асырылады.
7. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының бес пайызына өседі.
Заңның 3 және 26-баптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалармен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қомақты қатысы бар болып табылатын не Заңның 32-бабына сәйкес еншілес ұйымы болып табылатын тұлғалармен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері қайта сақтандырушының есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы үлесін шегере отырып, «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының он пайызына өседі.
8. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осының алдындағы қаржы жылындағыдан кем болған жағдайда, есепті кезең ішіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес есептелген резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осы кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшеріне тең болады.
Егер резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен төмен болған жағдайда, есеп айырысу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері пайдаланылады.
9. Резерв коэффициенті қайта сақтандырушының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасының осының алдындағы қаржы жылының басындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 1-ден артық болуы мүмкін емес. Егер есептеу нәтижесінде алынған резерв коэффициентінің шегі 1-ден асса, онда есептеу үшін 1 алынады.
3-тарау. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының
төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері
10. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі мынадай сыныптар бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:
1) өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру және өмірдегі белгілі бір оқиғалардың пайда болуына байланысты сақтандыру;
2) сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кірісіне қатыса отырып өмірді сақтандыруы;
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру.
Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін осы Нұсқаулықтың 11, 15 және 17-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады.
11. Сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі осы Нұсқаулықтың 12 және 14-тармақтарына сәйкес есептелген мәндерінің сомасына тең шекті білдіреді.
12. Тәуекелге душар болған капитал теріс мәнге ие болмайтын, қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері мынадай шектердегі сомаға тең:
1) қайтыс болған жағдайда өмірді (3 жыл мерзіміне дейін) сақтандыру шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,1 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі;
2) қайтыс болған жағдайда өмірді (3 жылдан 5 жыл мерзіміне дейін) сақтандыру шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,15 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі;
3) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,3 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі.
13. Тәуекелге душар болған капитал өзінің қатысуымен құрылған сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген осының алдындағы қаржы жылының соңындағы қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасын білдіреді.
Түзету коэффициенті қайта сақтандырушының қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша үлесін шегергендегі тәуекелге душар болған капиталдың тәуекелге душар болған капиталға қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.
14. Осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сыныптар бойынша қалған сақтандыру шарттарының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері сақтандыру резервтерінің қалыптасқан сомасының 4 %-ына және осы тармақтың екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне тең.
Түзету коэффициенті осының алдындағы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтерінің қалыптасқан сомасының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтерінің қалыптасқан жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есеп айырысу нәтижесінде алынған шек 0,85-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,85 алынады.
15. Сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кірісіне қатыса отырып өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің мынадай шектердегі сомаға тең мәнді білдіреді:
1) осы Нұсқаулықтың 16-тармағына сәйкес инвестициялық тәуекелді алатын сақтандыру ұйымының шарттары бойынша есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 тіркелген) 2006 жылғы 12 тамыздағы № 155 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - № 155 қаулы) есептелген ішкі резерв қоры сомасының 4 %-ына тең;
2) осы Нұсқаулықтың 16-тармағына сәйкес әкімшілік шығыстарды жабу үшін бөлінетін қаражат сомасы белгіленген және сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекел алмайтын шарттар бойынша есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған, № 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 %-ына тең;
3) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекел алмайтын және әкімшілік шығыстарды жабу үшін бөлінген қаржы сомасы белгіленбеген шарттар бойынша осының алдындағы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 %-ына тең.
16. Түзету коэффициенті осының алдындағы қаржы жылының соңындағы ішкі резервтік қордан қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, № 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резервтік қор сомасының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы ішкі резервтік қордың жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,85-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,85 алынады.
17. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 4 - 6-тармақтарына сәйкес есептеледі.
4-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем
қабілеттілігі маржасының нақты есебі
18. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы мынадай сома ретінде есептеледі:
артықшылықты акциялар алынып тасталып төленген жарғылық капитал;
төленуі тиіс дивидендтерді алып тастағандағы осының алдындағы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
мыналарды алып тастағандағы:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағандағы материалдық емес активтерді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің 10 %-нан аспайтын көлемде алынады;
осының алдындағы жылдардың жабылмаған шығындарын;
есепті кезеңнің жабылмаған шығындарын;
басқа заңды тұлғалардың капиталындағы инвестициялар;
Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болып табылатын тұлғаларға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысы бар тұлғаларына берілген реттелген заем.
19-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.
20. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 50 %-ынан немесе төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіштің аздығына байланысты) аспайтын сомадағы артықшылықты акциялардың және реттелген борыштың сомасына өсуі мүмкін. Артықшылықты акциялар және белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасы бойынша артықшылықты акциялар мен реттелген борыштың жалпы сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс.
21 ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.
22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы - бұл сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген міндеттемесі.
Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты толық төлеп алған ақша сомасы ғана ескеріледі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылу кезінде Заңның 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес қанағаттандырылады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынысы бойынша өтеуі (толық немесе ішінара) оның ішінде мерзімінен бұрын өтеуі, тек, егер мұндай өтеу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қорытындысына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамау салдарларына алып келмеу талаптары қанағаттандырылған жағдайда ғана мүмкін;
4) белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борышты өтеу мерзімі бес жылдан кем болмайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу күніне бір жыл қалғанда уәкілетті органға өтеу сәтіндегі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Бұл талап ету егер реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне мынадай тәртіппен енгізілген жағдайларда таратылмайды:
борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жылдан асатын мерзім ішінде - борыштың толық сомасын, борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жыл ішінде:
1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 пайызын;
2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 пайызын;
3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 пайызын;
4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 пайызын;
5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 пайызын;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеу кезінде болжалданып отырған өтеу мерзіміне дейінгі бес жылдан кем емес мерзімде уәкілетті органға нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты белгіленген нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ мерзімінен бұрын өтеу жағдайына таратылмайды. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өтеуге дейін және кейін нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын-ала бере отырып, болжалданып отырған өтеу күніне дейінгі алты ай бұрын уәкілетті органның реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге арналған қорытындысын алады;
6) реттелген борыш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағандағы уәкілетті органмен келісілгеннен күннен басқа күні өтеуге жатқызылуы мүмкін емес;
7) реттелген борыш талаптарын өзгерту уәкілетті органмен келісілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
23. Облигациялар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есептің негізінде ғана нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізіледі.
Осы Нұсқаулықтың 20, 22-тармақтарында көрсетілген талаптардан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылатын облигациялар сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
эмиссиялар проспектісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына борыш жөніндегі сыйақы төлемін жасауды кейінге қалдыруға құқық беруі тиіс;
бағалы қағаздар эмиссиялары проспектісі шығын болған жағдайда негізгі борышты және төленбеген сыйақыны түзетуді көздеуі және бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Осы тармақтың талаптары уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына жүрмейді.
24. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы осы Нұсқаулықтың 32-тармағына сәйкес қайта сақтандырушының үлесін қоспағанда, сақтандыру резервтері мен міндеттемелерін алып тастағандағы олардың сапасы мен өтімділігін жіктеуді ескеріп есептелген сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Егер нақты төлем қабілеттілігі маржасы осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген активтер сомасымен қамтамасыз етілмеген жағдайда нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру резервтерін қоспай, сақтандыру резервтері мен міндеттемелерін алып тастағандағы олардың сапасы мен өтімділігін жіктеуді ескеріп есептелген активтер арасындағы айырманы құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |