Личное страхование



Дата03.10.2022
өлшемі0.5 Mb.
#461825
түріСеминар
ЖЕКЕ САҚТАНДЫРУ

Тақырып: «ЖЕКЕ САҚТАНДЫРУ»

Пәні: САҚТАНДЫРУ

Оқытушы: Әшіралиева Д.М.

Жоспар:

1. Жеке сақтандыру, оның сипаттамасы.

2. Өмірді сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру

3. Жеке сақтандырудың міндетті түрлері

Семинар сабағының мақсаты:

  • Тақырыптың маңызын ашу, түсіндіру, әңгімелеу, ой бөлісу. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру және жеке сақтандырудың міндетті түрлерімен таныстыру.

Сақтандыру

  • Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi.
  • Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты.

Сақтандыру шарты бойынша

  • Бip тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлeyгe міндеттенеді.

Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек). Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Жеке сақтандыру дегеніміз не?


Экономикалық зерттеудің объектісі ретіндегі жеке сақтандыру, оның сипаттамасы. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру және жеке сақтандырудың міндетті түрлері.
Өзіндік сақтандыру - өте ежелгі институт. Оның бастауларын ежелгі римдіктер де білген. Онда Диана мен Антониоға табынушылардың діни ұйымы болды. Бұл ұйым айтарлықтай демократияланған еді, оған тек ерікті адамдар ғана емес, сонымен қатар құлдар да кірді. Олар бастапқы салымдарды төледі және ұйым мүшелерінің бірі қайтыс болса, оны өз ақшаларына жерледі және ақшаның белгілі бір бөлігін мұрагерлеріне берді. Ежелгі Римде легионерлер кассалары да болды. Оларды мемлекет сақтандырды. Легионерлер олар қайтыс болған жағдайда туыстарының сақтандырушылық өтемді алу мүмкіндігі болатындай белгілі бір жарналарды төледі.

Өзіндік сақтандырудың объектілері қандай?


Өзіндік сақтандырудың объектілері адам өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі болып табылады, ал бұл сақтандыру қолданылатын нақты сақтандыру жағдайлары:
- келісілген жас немесе жағдаймен шарттасылған сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүру;
- сақтандырылушының немесе сақтандырылған адамның қайтыс болуы;
- келісімде көрсетілген жағдайлар, негізінен сәтсіз оқиғалардың салдарынан сақтандыру мерзімі кезінде денсаулықты жоғалту.

Сақтандыру төлемінің факторларын атап кетіңіз


Сақтандыру төлемі келесі факторларға байланысты болады:
- сақтандырушының жасы;
- сақтандыру мерзімі;
- сақтандырушының жасы елдегі орташа өмір ұзақтығымен шектеледі.

Сақтандыру оқиғаларына нені жатқызуға болады?


Сақтандыру оқиғаларға жататындар:
- сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін өмір сүру. Бұл кезде сақтандыру кезінде қауіпті жағдайлар үшін төлемдер төленсе де, сақтандыру сомасы толығымен төленеді;
жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту. Бұл кезеңде келесі нұсқалардың бірі бойынша анықталатын сақтандыру өтеледі:
1) сақтандырушы өз еңбек қабілеттілігін қандай пайызға жоғалтса, сол пайызға сақтандыру сомасы төленеді. Еңбек қабілеттігін жоғалту пайызы арнаулы құрастырылған кестелер бойынша анықталады;
2) сақтандырудың сомасының белгілі пайызы сақтандырылғанның еңбекке қабілетсіз болған әрбір күнін өтейді. Бұл пайыз келісім жасалғанда анықталады.
- сақтандырылғанның қайтыс болуы, егер ол келесі жағдайлар әсерінен болмаса, сақтандыру оқиғасы болып табылады:
1) егер келісім күшіне енген алғашқы 6 ай ішінде (сақтандыру компаниясы бұл мерзімді өзі бекітеді) сақтандырылушы онкологиялық немесе жүрек ауруынан қайтыс болса;
2) сақтандырылушы өзін-өзі өлтіргенде;
3) ол автокөлікті маскүнем, нашақорлық, токсикологиялық масығу кезінде жүргізгенде;
4) егер тергеуші органдар немесе сотпен оның іс-әрекетінде әдейі жасалған қылмыс деп білінсе.

Сақтандыру жағдайларын көрсетіңіз


Медициналық сақтандыру.
қауіпті жағдайдан сақтандырылушының қайтыс болуы
Қауіпті жағдайдың нәтижесінде жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫ4ДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА

  • НАЗАР ҚОЙЫП ТЫ4ДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет