Мемлекеттік қызметкерлердің жеке табыс салығы және мүлік бойынша
декларацияны толтыру және «Салық төлеушінің кабинеті» WEB-қосымшасы
арқылы электрондық түрде жолдау (тапсыру) бойынша
нұсқаулық
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндеттілік жүктелген адамдар Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (бұдан әрі – декларация) жылсайын 31 наурызға дейін тұрғылықты жерi бойынша тапсыруға міндетті.
Мемлекеттік қызметкерлер электрондық түрде декларация тапсыруы үшін мемлекеттік кірістер органдарынан жеке криптографиялық кілт алуы қажет.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Салық төлеушінің кабинеті» WEB-қосымшасында (бұдан әрі – СТ кабинеті) «Электрондық үкімет» порталынан алынған «Ұлттық куәландырушы орталығының» (ҰКО) сертификатымен декларацияны авторландыруға және жолдауға мүмкіндіктер бар.
1. СТ кабинеті WEB-қосымшасын іске қосу
СТ кабинеті WEB-қосымшасын іске қосу үшін мына адреске www.cabinet.salyk.gov.kz. көшу керек.
2. Жүйеге кіру.
СТ кабинетінің жабық бөлігіне кірудің 2 жолы бар (1.1-сурет):
- жеке компьютерден кіру - жеке компьютерден кіруге арналған СТ кабинетіне кіру жолы.
- басқа компьютерден кіру – жалпыға арналған компьютерден кіруге арналған СТ кабинетіне кіру жолы тіркелген сертификатты пайдаланып рұқсатсыз қол жетімділіктен қорғау үшін «Шығу» сілтемесі арқылы жүргізіліп СТ кабинетінен шыққан кезде тіркелу сертификатын алып тастау жүзеге асырылады.
1.1-сурет – Жүйеге кіру
СТ кабинетімен жұмыс істеу үшін алдымени интернет-браузерде ГОСТ тіркелгенін куәландыруды анықтау қажет.
СТ кабинетінде тіркеу сертификатын автоматты түрде анықтау қарастырылған. Бұл үшін СТ кабинетіне кіру алдында мастердің ұсынысымен компьютерді жүйеге келтіру әрекеттерін орындаңыз. Бұдан әрі кірер алдында жұмыс орнын жүйеге келтіру талап етілмейді. Кіруді талап ететін нұсқаны таңдаңыз және тиісті батырманы басыңыз.
Сондай-ақ, СТ кабинетінің ақпараттар парағында тиісті сілтемелерге бастырманы басу кезінде оларға көрсетілетін СТ кабинетіндегі жұмыстарға арналған қол жетімді пайдалы сілтемелер, үйрену үшін бейнероликтерді ретке келтіру бойынша нұсқаулық берілген.
3. СТ кабинетінің негізгі терезесі
1.2-сурет – СТ кабинетінің негізгі терезесі
4. Салық есептілігі нысандарын таңдау.
Салық есептілігі нысандарын таңдау үшін «Салық есептілігі нысандары» бөліміне, одан әрі «Жаңа нысандарды толтыруға» ауысу қажет (1.2-сурет).
1.3-сурет – Салық есептілігі нысандарын таңдау.
5. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны таңдау (230.00 нысан).
Декларацияны таңдау үшін 2014 жылды, одан әрі «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны» таңдау қажет (1.4-сурет).
Одан әрі, таңдағаннан кейін декларацияның және оған қосымшалардың терезелері ашылады (1.5-сурет).
1.4-сурет – Декларацияны таңдау
1.5-сурет – Декларацияны толтыру режімі
7. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны толтыру жөнінде жалпы ақпарат (230.00 нысан).
Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.
Декларацияны (230.00-нысан) және оған қосымшаларды (230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандар) толтыру кезінде Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларын басшылыққа алу қажет.
Бұл ретте, Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларына сәйкес 230.01-қосымша мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайы декларация табыс етуіне арналғанын атап өткен жөн. 230.01-қосымша мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары, сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар декларация табыс етуіне арналған.
Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде декларацияға қосымшалар міндетті толтыруға жатады.
Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда декларацияға қосымша жасалмайды.
8. Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 нысан) толтыруы.
Мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары декларацияның өзін (230.00 нысан) және оған № 2 қосымшаны (230.02 нысан) толтырады.
- Декларация (1.6-сурет): декларацияда жалпы салық төлеуші туралы ақпарат көрсетіледі.
1.6-сурет – Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
2014 жылға кезекті түрдегі декларацияны тапсырушы мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары 1.6-суреттегі көрсетілген деректерді (торкөздерлі белгілейді) көрсетеді.
- 230.02-қосымша (1.7-сурет): қосымшада меншіктік құқығына жататын мүлікке есептелген салықтар және кірістер туралы ақпарат көрсетіледі.
2014 жылға кезекті түрдегі декларацияны тапсырушы мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары 1.7-суреттегі көрсетілген деректерді (тек еңбек ақы түріндегі алынған кірістерін) көрсетеді.
* Жеке табыс салығын салуға жатпайтын мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша ұсталған салықтың сомасын және төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша деректерді көрсетпейді.
* Меншік құқығындағы мүлік бар болған жағдайда көрсетіледі.
* Қалған жағдайларда Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация толтыру қағидаларын басшылыққа алу қажет.
1.7-сурет – 230.02-қосымша
9. Декларацияны жөнелту.
Декларацияны жөнелту үшін «МКК-ге жөнелту» бастырмасын басу қажет (1.8-сурет).
Декларацияны жөнелту алдында СТ кабинетінде сақтауға, толтырылуын тексеруге, басып шығаруға, жергілікті сақтауға болады (1.8-сурет).
1.8-сурет – Декларацияны жөнелту
Бұдан әрі, СТ кабинеті сұранымға қол қою үшін қол қою сертификатын сұрайды. Сұранымға қол қою кезінде салық төлеушінің ЖСН-і пайдаланылады. Қол қою сертификатын таңдау файлдарды таңдаудың стандартталған терезесінде жүзеге асырылады. Файлды кеңейтіп көрсетіңіз .bin және «Открыть/Open» бастырмасын басыңыз.
Деректерге қол қою орындалғасын нысандарды ҚР ҚМ МКК-не жөнелту жүргізіледі. Нысандарды жөнелту жүргізілгеннен кейін СТ кабинетінен оның жеткізілгені туралы хабарлама көрсетіледі.
Нысандарды жөнелту табысты жүргізілгеннен кейін, жөнелтілген нысанға мәртебе берілгені көрсетіліп «Нысандар журналы» бөлімшесі автоматты түрде ашылады.
10. Декларацияны қабылдағаны туралы анықтаманы алу.
Жөнелтілген және сақталған декларацияларды қарау, «Салық есептілігі нысандары» бөлімінде Декларацияны қабылдағаны туралы анықтаманы алу үшін, «Нысандар журналы» тармағын таңдаңыз (1.9-сурет). «Нысандар журналында» барлық толтырылған СЕН және оларды іздеу үшін филтр көрсетілген.
1.9-сурет – Декларацияны қабылдағаны туралы анықтаманы алу
Достарыңызбен бөлісу: |