Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін

бет1/26
Дата30.06.2016
өлшемі6.56 Mb.
#167513
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.11.28., № 778-784 (27855); 2012.12.11., № 818-823 (27894), 2012.12.22., № 842-846 (27917), 2013.01.23., № 49-53 (27992), 2013.02.08., № 63 (28002); "Казахстанская правда" от 28.11.2012 г., № 412-413 (27231-27232), от 06.12.2012 г., № 423-424 (27242-27243), от 11.12.2012 г., № 429-430 (27248-27249), от 12.12.2012 г., № 431-432 (27250-27251), от 13.12.2012 г., № 433-434 (27252-27253), от 22.12.2012 г., № 444-445 (27263-27264), 2013.01.25., № 43-47 (27986), от 25.01.2013 г., № 28-29 (27302-27303); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1136-құжат

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қоса беріліп отырған:

1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

7) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

8) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

9) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

10) «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

11) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;

12) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;

13) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

14) «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 3-бөлімде:

реттік нөмірлері 97, 98, 99, 100-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:«

97

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру*

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (акт)

98

Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру*

Заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (акт)

99

Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (акт)

100

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (акт)

«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 15-бөлімде: реттік нөмірлері 452, 453-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

452

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (акт)

453

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері

Қағаз түрінде (бекітілген жерге орналастыру жобасы)

».

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 132-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 481-құжат);

3) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 94-құжат).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 қарашадағы

№ 1392 қаулысымен 

бекітілген 

«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерд

ресімдеу және беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру  комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органның стенділерінде;

3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) орталықтың стенділерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

2) орталыққа өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін мемлекеттік қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсіпорын ғимаратындағы кассаларда жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжатының (түбіртектің) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.

Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, мемлекеттік қызмет дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанда күн сайын, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бір елді мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиіс.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;

2) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стенділер орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

уәкілетті органға:

1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жеке меншік құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беруге өтініш;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;

орталыққа:

1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысанға сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның жеке меншік құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беруге өтініш;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген құжаттар көшірмелерінің түпнұсқамен сәйкестігін тексереді, содан кейін мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып береді.

12. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органның анықтама бюросында болады.

Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.

13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беру сенімхатты, қолхатты және мемлекеттік қызмет алушының не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне не сенім білдірілген тұлғаға жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган мынадай жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;

3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру ол үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті берілген болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет