Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі176.68 Kb.
#10418
Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 78 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде № 3569 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жер қатынастары саласында көрсетілетін:
      1) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»;
      2) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»;
      3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
      4) «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенттері бекітілсін.
      2. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ. Қ. Сәрсенғалиев) (бұдан әрі - Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Тағымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 78 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) пайдаланушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.


      3. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес мекенжай бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 10, 11, 14-1-баптарының, сондай-ақ Стандарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет күн сайын дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда, 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес мереке күндері.


      Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның стендiлерiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
      2) «Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) www.zher.aktobe.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналасады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті пайдаланушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      10. Мемлекеттік қызметті пайдаланушы тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
      Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді тоқтату туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу журналында тіркеледі. Мемлекеттік қызмет пайдаланушыға өтініш келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде рәсімдеудің тоқтатылу себептерін жою үшін мемлекеттік қызметті пайдаланушының одан әрі жасайтын әрекеттерін көрсете отырып жазбаша хабарлама жіберіледі.
      Егер мемлекеттік қызметті пайдаланушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар жер учаскесі орналасқан жердегі уәкілетті органға тапсырылады.
      Қабылданған құжаттар уәкілетті органның жауапты қызметкерімен тексеріледі және бір жұмыс күн ішінде қаралуы үшін уәкілетті органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жіберіледі.
      Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға құжаттың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және сол күні орындаушыға жұмыс істеу үшін жібереді.
      Орындаушы ұсынылған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін қарайды, зерделейді және дұрыстығын тексереді және келіп түскен күннен кейінгі екінші күні 1 жұмыс күні ішінде бекіту үшін уәкілетті органның басшысына жібереді.
      Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға құжаттың мазмұнымен танысады, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітеді және мемлекеттік қызметті пайдаланушыға беру үшін уәкілетті органның жауапты қызметкеріне жібереді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Уәкілетті органда құжаттар қабылдаған кезде кіріс құжаттарын тіркеу журналына тиісті жазба түсіріледі. Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:


      1) өтініштің нөмiрi және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкiлеттi органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган қызмет пайдаланушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекет етеді:
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның бөлімінің жауапты қызметкері.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары жауапты болып табылады.


      Мемлекеттік қызметті пайдаланушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.
      19. Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушы уәкілетті органның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін уәкілетті органмен белгіленген мекен жайлары мен телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жауапты қызметкеріне жолығуы қажет.
      Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер


учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Жер қатынастары саласы бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкері

Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға

Жер қатынастары саласы бойынша уәкілетті органның орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға

3

Әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Мемлекеттік кызметін пайдаланушымен тапсырылған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттың мазмұнымен танысу және бұрыштама толтыру

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін анықтау үшін құжаттарын қарау, зерделеу және тексеру

Құжаттың мазмұнымен танысып жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекіту

4

Аяқтау
(мәліметтер,
құжат,
ұйымдастырушылық
- өкімдік шешім)
нысаны

Құжаттар топтамасын жер қатынастары саласы бойынша уәкілетті органның басшысына немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға жолдау

Құжатты орындаушыға жолдау

Бекіту үшін уәкілетті органның басшысына жіберу

Уәкілетті органның жауапты қызметкеріне мемлекеттік қызметті пайдаланушыға беру үшін жолдау

5

Орындалу мерзімі

Жұмыс күні ішінде

Жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет