Бақылау сұрақтары
1. Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдері. Жалпы сипаттамасы.
2. Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейiнгi жер қатынастары.
3. Ресейдiң құрамында болған кездегi жер қатынастары.
4. Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы».
5. Егемендi Қазақстандағы жер қатынастары. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай дамуы.
Әдебиеттер
Еренов А.Е. Возникновение и развитие социалистических земельных правоотношений в Каз ССР.-Алма-Ата: Изд.НАН КазССР, 1963г.
Еренов А.Е. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов.- Алма-Ата: изд. НАН КазССР, 1961г.
Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильященко Л.В. Предмет и система советского и земельного права- Алма-Ата; Наука, 1981г.
3 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Сұрақтары:
1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері.
2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара-қатынасы.
3. Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері.
4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі. (заң күші бойынша; әрекет етуі бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша).
1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері
Ќазаќстан Республикасыныњ Конституциясыныњ 9-бабына сєйкес Ќазаќстан Республикасы бірт±тас мемлекет болып табылады, сол себептен жер зањдары да Республиканыњ барлыќ аймаѓы ‰шін бірдей болып табылады.
Жергілікті органдар жер зањдарына жататын нормативтік-актілер шыѓаруѓа ќ±ќылы жєне олар барлыќ єкімшілік бµліністерінде бірдей к‰шке ие болады. Б±л жер ќ±ќыѓы субъектілерініњ ќ±ќыќтыќ дєрежесі, басќа аумаќта орналасќан жер ќ±ќыѓы субъектісініњ ќ±ќыќтыќ дєрежесіне тек Республикалыќ зањдарда кµрсетілген жаѓдайларда ѓана ерекшеленуін білдіреді. Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері арқылы барлығына бірдей сипатқа ие бола алады.
Жер құқығының қайнар көздері дегенміз – жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсаты – мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерінің әдет-ғұрып ережелері есепке алынбайды.
Белгілері:
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған;
Жер қатынастарын реттеуге бағытталған;
Бірнеше рет қолданылады;
Жер құқық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |