Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет85/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96
treatise203 (2)

10-шi тaқыpып. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық жағдайы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық жағдайының түciнiгi және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құрамы. Суармалы жерлердiң құқықтық жағдайы. Ауыл шаруашылығы өнімін өндiрушiлерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi берудiң және пайдаланудың ерекшелiктерi. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендіру және жер қатынастарын реттеу ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы. Шаруа (фермер) қожалықтарының жерлеріне жеке меншік құқығы. Жер үлестерiн анықтау тәртiбi. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына беру ерекшеліктері.
Мал айдау жолдарына берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы. Қалалардағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердiң құқықтық жағдайы. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң жер пайдалану құқықтарын қорғау. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердi бiр түрден екiншi түрге ауыстырудың тәртiбi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне келген шығынның орнын толтырудың тәртiбi және негiздерi.


11-шi тaқыpып. Елдi-мекен жерлерiнiң құқықтық жағдайы.
Елдi-мекен жерлерiнiң түсінігі және құрамы. Елдi-мекен жерлерiнiң мaқcaтты пайдаланылуы, қалалардың, поселкелердiң, ауылдардың, селолардың шектерiн белгiлеу және ауыстыру тәртiбi. құрылыс жерлерiнiң түсінігі және құрамы. Жалпы пайдаланудағы жерлердiң құқықтық жағдайы. Елдi-мекен жерлерiнiң арнайы санаттарын пайдаланудың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Жасыл желек және қала маңы жерлерiнiң құқықтық жағдайының түciнiгi және жалпы мiнездемесi. Елдi - мекендерде жер учаскелерiн беру және алып қою ерекшеліктері.


12-шi тaқыpып. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң құқықтық жағдайы.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң түciнiгi және құрамы. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер туралы заңдар. Осы санаттағы жерлердi беру және пайдалану тәртiбi. Өнеркәсiп жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Пайдалы қазбаларды өндiру және өңдеуге берiлген жерлердi пайдалану ерекшелiктерi. Көлiк кәсiпорынының жер пайдаланушы ретiндегi құқықтары мен мiндеттерi. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Ерекше жағдайда пайдаланылатын аймақтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет