ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮСІНІГІ (ГЛОССАРИЙ)
- Меншіктің абсолюттік құқығы: ешқандай басқа тұлғаның жерге басқару құқығы жоқ меншіктің шартсыз құқығы.
- Сот тәртібінде мойындау: жерге және меншікке құқық ресми түрде белгіленетін процесс.
- Бағалау: меншіктің нарық құнын анықтау.
- Салық салу: меншіктің салыстырмалы нарық құны негізінде алынатын салық мөлшерін анықтау.
- Құқықты табыстау: бір тұлғадан басқаға меншікке беру. Мысалы, жалға алу немесе кепілдік туралы куәлік негізінде.
- Жер кадастры: жер учаскелері туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.
- Заң кадастры: жер учаскесі иесінің және пайдаланушының құқығын заңды түрде тіркеу.
- Салық кадастры: жер учаскесінің бағасын көрсетіп, тіркеу.
- Жер пайдалану кадастры: пайдаланатын жер тіркеу.
- Көп нысаналы кадастр: жер учаскелерінің әр түрлі сипаттамаларын тіркеу.
- Кепілдікке беру: меншік құқығы. Мысалы, қарызды өтеу мақсатымен пайдалану.
- Азаматтық құқық: азаматтар құқығына қатысты мемлекетпен белгіленген құқықтық нормалар құқығы /Рим құқығы/.
- Кондаминиум: меншікті бірлесіп иелену, әсіресе көп пәтерлі үйлерде.
- Контракт: жүзеге асырылуы заңмен қамтамасыз етілетін келісім.
- Кәдімгі құқық: ұзақ қолдану негізінде белгіленген, жазылмаған құқық нормалары.
- Меншікті табыстау: бір меншік иесінен басқасына жерге меншік құқығын беру әдісі /толық меншік, ипотекалық кепіл, бақылау, жалға беру және т.б./.
- Мәліметтер базасы: мәліметтердің тәртіптелген, кешенді қатары.
- Мәліметтер базасын басқару жүйесі /МББЖ/: мәліметтер базасын басқару үшін бағдарламалар қатары.
- Цифрлік карталарды жасау: есептеуіш техниканы қолданып, карталарды құрастыру.
- Сервитут: басқаның /сервитутпен ауыртпалықтанған мүлік құқығынан басымдылығы бар жер иеленушінің басым учаске/ құқығы; біреудің мүлігін пайдалану шектеулі құкығы.
- Меншік: құқық тұрғысынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығы.
- Салықтанатын құн: салық салу мақсатында пайдаланатын жылжымайтын мүліктің құны.
- Фригольд: жерді иелену шегінде иесіне мүмкіндігінше ең көп құқықтар берілгендегі, жалға алынған жер меншігінен айырылатын, толық жер меншігі.
- Геодезиялық тор: жер бетінде жайлары дәл аныкталған пунктердің кеңістік жүйесі.
- Геоақпараттық жүйе: кеңістік сипаттамаларын пайдаланып, жер туралы мәліметтерді жинау, сақтау, тексеру, қорыту және беру жүйесі.
- Ипотека: меншік қарыз алушы тұлға иелігінде қалатын қаржылай несие алу мақсатында мүлікті кепілдікке беру.
- Жер: жер беті үстіндегі ауа, материалдар және топырақпен байланысты барлық объектілер.
- Жер учаскесі: меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік болып келетін жер учаскесі.
- Жер реформасы: жерді пайдалану, иелену сапасындағы өзгерістермен байланысты әр түрлі процестер.
- Жер кадастры: құқық титулын табыстау туралы құжаттарды тіркеу үшін пайдаланатын публикалық кадастр.
- Жер ресурстарын тиімді пайдалану: жерді экологиялық және экономикалық тұрғыда ресурс ретінде пайдаланумен байланысты әрекет.
- Жерді иелену: жерге құқықты жүзеге асыру формасы.
- Жерді табыстау: жерге меншік құқығын беру.
- Жер учаскелерін тіркеу: құқықтық титулды табыстау бойынша құжатты тіркеу формасында немесе жерге меншіктік құқықты тіркеу жолымен жерге құқықтарды тіркеу процесі.
- Жер құны: әр түрлі әдістермен анықталатын меншіктің құны.
- Жалға алу құқықтарында иелену: келісілген сомаға және белгіленген уақыт кезеңіне айырбас ретінде жер иесі жер иелену құқығын жалға алушыға беру келісіммен жалға алу негізінде жерді иелену.
- Нарық құны: бәсеке және ашық нарық жағдайларында ақшамен көрсетілетін жылжымайтын мүліктің ең ықтималды сату бағасы.
- Шекаралар /описание/: бөлуші сызықтар /межа/ бағыттары және ұзындақтары, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
- Бұрынғылық: бұрынғылық күшінде құқыққа ие болу.
- Құқықты жеке табыстау: жерге құқықты публикалық тіркеусіз беру.
- Жылжымайтын мүлік: жер және жермен байланысты объектілер, үйлерді, пәтерлерді және басқа объектілерді қоса.
- Жалға беру құны: жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беру төлемінің сомасы негізінде анықталатын бағасы.
- Иелену: жерге меншік құқығын жүзеге асыру;
- Растр: автоматты сканерлеу арқылы құрастырылған сол немесе басқа ауданды қамтушы регулярлы матрица.
- Мемлекеттік жер кадастры – мемлекеттің орнатқан жерлерді есепке алу, тіркеу және бағалау жүйесі мен тәртібі.
- Жерлердің мемлекеттік есебі – жерлердің барлығың, сипаттамасын, олардың санаттар, пайдаланушылар, иеленушілер бойынша бөлінуымемлекеттік есепке алынады.
- Жер қатынастары – жерді өндіріс құрал ретінде басқару, емдену, пайдалану қатынастары.
- Жерге орналастыру – жерлерді өндірістік құрал ретінде орналастыру жұмыстар жүйесі.
-Меншік құқығы – Жылжымайтын мүлікті емдену, басқару және пайдалану азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығы. Меншік құқығың мемлекеттік тіркеуден өткізү құқықты.
Достарыңызбен бөлісу: |