«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы



Дата01.07.2016
өлшемі193.59 Kb.
#170575



«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы:

«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң жобасы).



2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі:

Қазақстанның басты байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. Әлемнің жетекші елдері ғалымдарының бағалауы бойынша Қазақстан табиғи ресурстардың қоры бойынша алтыншы орынды иеленген, алайда ол осы артықшылықты өзі үшін неғұрлым тиімділікпен пайдалана алмай келеді. Кейбір ғалымдардың есебі бойынша Қазақстанның барланған жер қойнауы шамамен 10 триллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Қазақстан бай табиғи ресурстарға ие, оның жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99-ы табылған, солардың 70-і барланған, алайда әзірше жер қойнауынан 60 элемент алынып кәдеге жаратылуда.

Осыған байланысты, табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін ҚР-ның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) жаңа редакциясын қабылдау мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіру, бұрынғы табиғи ресурстық заңнамада жинақталған кемшіліктерді жою жөніндегі маңызды әрі дер кездік шара болып табылады.

Алдымен, Заң өзіне жер қойнауын пайдаланудың жалпы мәселелерін ғана емес, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктерін де біріктіргенін атап өткен жөн. Бұрын мұнай операцияларын жүргізу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар ҚР-ның «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңымен регламенттелген (2010 жылғы 24 маусымдағы ҚР-ның Заңымен күші жойылды деп танылды).

Осылайша, Заң қатты пайдалы қазбаларға да, көмірсутекті шикізатқа да қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің тәртібін белгілейді.

Сонымен бірге, шаруашылық заңнамасын жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 51-8.6 хаттамасының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне (бұдан әрі – МГМ), Индустрия және жаңа технологиялар және Қаржы министрліктеріне жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі жөніндегі ұстанымды әзірлеу тапсырылған болатын.

Жоғарыда көрсетілген хаттамалық тапсырманың шеңберінде жүргізілген құқық қолдану тәжірибесін талдау барысында МГМ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

1) Заңның осалдықтарының бірі Заңның 72-бабында көзделінген сенімгерлікпен басқару институты болып табылады.

Заңның көрсетілген нормасын іс жүзінде қолдану нәтижесінде келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқару мәселелері жөніндегі жетіспеушіліктер анықталды.

Мәселен, Маңғыстау облысының Толқын және Боранкөл кенорындарында жер қойнауын пайдаланушы «Толқынмұнайгаз» және «Казполмұнай» ЖСС-мен келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіпте тоқтатылған.

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруға қабылдап алды.

Алайда Заңда келісімшарттық аумақты тапсыру мерзімі көзделінбеген, соның салдарынан келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату сәтінен бастап мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырғанға дейінгі мүлікті бүлдіргені немесе ұрлағаны үшін жауапкершілік мәселелері туындайды.

Заңның 61-бабының 2-тармағына сәйкес жаңа жер қойнауын пайдаланушымен келісімшартта Заңның 71-бабының 10-тармағына сәйкес, тапсырылған мүліктің құнын қоса алғанда,бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенімгерлікпен басқарушы ертеректе жұмсаған қаржылардың орнын толтыру, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыға сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Бұған қоса, Заңда орнын толтыруға жататын шығындардың сыныптамасы көзделінбеген.

Заңда содай-ақ технологиялық процестің үзіліссіздігі мен өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықтардың жіктемесі, сенімгерлік басқару, еншілес ұйымға сенімгерлік басқаруды қайта сеніп беру үшін сыйақы төлеу мүмкіндігі белгіленбеген.

Сенімгерлік басқарумен байланысты орын алған мәселелерді шешу мақсатында заң жобасныда Заңды «Келісім шарттық аумақты сенімгерлік басқару» атты жаңа 72-1 бабымен толықтыру көзделінген.

Бұдан басқа кен орнында технологиялық процестің үзіліссіздігі мен өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында лицензияны алу мәселесі жөнінде сенімгерлік басқаруға қатысты өтпелі ережелерді ескеру ұсынылады.

Келісім шарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүргізу үшін сенімгерлік басқарушыға ресімделуі біржарым айнадан кем емес уақытты алатын өндіріс саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне арналған лицензияны алу қажет.

Осыған байланысты заң жобасында «Лицензиялау туралы» заңда сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқару шартын жасау күнінен бастап алты айға дейінгі мерзімде лицензия алусыз лицензияланатын қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін ескеру көзделінген. Осы мерзім ішінде сенімгерлік басқарушы белгіленген тәртіпте лицензияны алуға міндетті болады.

2) Соңғы уақытта Қазақстан Каспий теңізінің ауданында мұнай өнідіру көлемін едәуір арттырды. Мұнын арты міндетті түрде мұнайдың аппаты төгілу тәуекелі мүмкіндігінің артуына ұласады. Талдау ауданның биоресурстарын жою және оның жағалауын жергілікті тұрғындары үшін бірнеше жыл жарамсыз етуге үлкен тоннажды бір танкердің немесе бұрғылау платформасының бір апаты жеткілікті екндігін көрсетіп отыр.

Қазақтанның Теңгіз, Қашаған, Қарашығанақ ірі кен орындары ілеспелі газда күкіртті оттегінің жоғары үлесімен, сондай-ақ аномалды жоғары қабаттық қысыммен сипатталатындығын атап көрсету қажет.

Сезімтал экологиялық орта жағдайындағы жұмысты ескерумен бұл ерекшеліктер өндірістің «дәстүрлі» жағдайларына (өрт кауіпсіздігі, аса улылығы және басқалалары) қоса жоғары кауіпсіздік шараларын талап етеді.

Өз кезегінде Қазақстанда мемлекет пен өндірістің өзара мүдделерін ескере отырып теңіздік ортаның ластануының алдын алу мәселелерін реттейтін жеке заң жоқ.

Қазіргі уақытта теңіз бен ішкі су қоймаларында жүзеге асырылуын қоса алғанда мұнай операцияларын жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылатын Заңда «мұнайдың төгілуі» ұғымы жоқ, теңізге мұнай төгілген жағдайда мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылының тетіктері белгіленбеген.

Айтсақ, жұмыстардың тиімділігін арттыру мен экологиялық залалдарды азайту үшін мұнайдың төгілуін жою жөніндегі опперацияларды барынша ерте кезеңде бастау талап етіледі.

Осы мақсатта заң жобасын «Мұнайдың теңізге төгілуі» деген жаңа 95-1-баппен толықтыру көзделіп отыр, оның шеңберінде «мұнайдың теңізге төгілуі» деген түсінік беріледі, сондай-ақ мұнайдың үш төгілу деңгейі (бірінші, екінші, үшінші) айқындалатын болады.

Сонымен қатар, заң жобасының аталған бабымен жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттері, мұнай төгілуінің алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі жоспарды бекіту, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйыммен жасалатын шарт көзделеді.

Бұған қоса, заң жобасымен мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі өңірлік жоспарларды бекіту жөнінде облыстық әкімдіктерге міндеттерді жүктеу, сондай-ақ мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамын, оның ережесін, теңізде және ішкі су қоймаларында мұнайдың төгілуінің алдын алу жөніндегі Ұлттық жоспарды бекіту және оларға ден қою жөнінде ҚР Үкіметінің құзыретін көздеу ұсынылып отыр.

Мұнай төгілуінің салдарларын жою мәселесін шешу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық қаражаттармен қамтамасыз етілуі аса маңызды аспект болып табылады.

Бұл ретте көлемді мұнай төгілу кезінде қоршаған ортаға залал және тазалау жұмыстары бірнеше миллиардқа жететіндігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Апапттарды жоюға және келтірілген залалдарды төлеуге жер қойнауын пайдаланушылардың жеткілікті қаржылық ресуртарының болуына мемлекет тікелей мүдделі екендігін атап көрсеткен жөн.

Жер қойнауын пайдаланушы болса сақтандыру лимитін таңдау кезінде көп жағдайда сақтандыруды қорғауға арналған шығындарды үнемдеу ниетін басшылыққа алады, бұл жауапкершіліктің лайықсыз шараларына, сондай-ақ сапасыз сақтандырушылық қорғауға апарып соқтыруы мүмкін.

Осыған байланысты заң жобасында жер қойнауын пайдаланушының мұнайдың төгілуін жою үшін қаражаттың болуы туралы банктік кепілдің болуы міндеттемесі көзелініп отыр.

3) Пайдалы қазбаларды барлауды, қазып алуды, қосарланған барлау мен қазып алуды жүргізу не барлаумен және (немесе) қазып алумен байланысты емес жерастылық құрылғыларды салу және (немесе) пайдалану, немесе қойнауларды мемлекеттік геологиялық зерделеу жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында келісімшарт жасау арқылы жүзеге асырылады.

Заңда келісімшарттарды тоқтатудың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттың ережелерін бұзуы келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайтын баптар белгіленген.

Алайда, Заңда жер қойнауын пайдаланушылар үшін оларда табылған бұзушылықтарды жою жөніндегі мерзімдер белгіленбеген.

Осыған байланысты заң жобасында бұзушылықтарды жою үшін мынадай мерзімдер қарастырылады: жазбаша хабарламаны алған күннен бастап, міндеттемелердің физикалық мөлшері бойынша – алты айдан аспайтын, міндеттемелердің физикалық мөлшеріне байланысты емес қаржылық міндеттемелер бойынша – үш айдан аспайтын, келісімшарттың өзге де жағдайлары бойынша – бір айдан аспайтын мерзімде.

Бұл ретте, міндеттемелердің физикалық мөлшерінің және қаржылық міндеттемелердің мәнін бір мағыналы түрде түсінік беру үшін заң жобасымен оларға анықтама беру көзделеді.

4) Заңның 66-бабына сәйкес жобалау құжаттамаларына техникалық-экономикалық негіздеме экономикалық сараптауға жатады.

Сонымен қатар, Заңда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган белгіленбеген.

Заңның көрсетілген нормасын іске асыру мақсатында заң жобасында жобалау құжаттарының техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

5) жер қойнауын пайдалану құқығын беру конкурстың немесе тікелей келіссөздер жүргізудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Заңның 66-бабына сәйкес тікелей келіссөздердің негізінде конкурс өткізбай-ақ жалпы пайдаланылатын темір және автомобиль жолдарын, жалпы пайаланудағы көпірлер салу (жаңғырту, жөндеу) кезінде жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау мен қазып алу жөніндегі операцияларға арналған келісімшарттар жасалады.

Өз кезегінде жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе қазып алу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеудің ұзқтығы инфрақұрылым объектілерін салу (жаңғырту) жобаларын дер кезінде іске асыруға бөгет етеді.

Осыған байланысты жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе қазып алу, соның ішінде жалпы пайдаланылатын темір және автомобиль жолдарын, жалпы пайаланудағы көпірлер салуға (жаңғырту, жөндеу) арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдерін оңайлату үшін заң жобасында жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе қазып алу құқығын берудің ҚР-ның Үкіметі белгілеген ерекше тәртібі орнатылады.

6) «ҚР Мұнай және газ министрлігіне, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге және Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны іске асыруға бөлінген республикалқ бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау қорытындылары туралы» ҚР Есеп комитетінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 17-24/5111 қаулысына сәйкес МГМ-ге тарату қорын құру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай тетігін көздеу тапсырылды.

Бәрімізге белгілі, жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет салдарларын жою кен орнын игерудің аяқтаушылық кезеңі болып табылады.

Заң жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіруге міндеттейді.

Бұл ретте жер қойнауын пайдалану салдарын жою, әсіресе Каспий теңізі басатын белдеуде орналасқан мұнай ұңғыларын, жабдықтарды жою жөніндегі жұмыстар ірі ақша салымдарын қажет ететіндіктен иесіз немесе тұрып қалған ұңғылар саны толассыз арта түсуде.

Осыған байланысты заң жобасында Заңның 111-бабы тарату қорының қаражаты жеткіліксіз болған кезде жер қойнауын пайдаланушының міндеттері бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі операцияларды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыру талаптарымен толықтырылады.

Бұдан басқа, тарату қорының қаражатын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын оқшаулауға арналған өтініште берілетін тарату қорының бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді де көздеу ұсынылған.

7) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Респкбликасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны МГМ етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБК) Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделінбеген.

Осыған байланысты заң жобасында ӘҚБК-не жер қойнауын пайдалану саласында заңнама талаптарын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілген.

Мәселен, ӘҚБК төмендегілер үшін жауапкершілікті көздемейді: көмірсутегілік шикізаттар кенорындарын зерттеу және сынамалық пайдалану жөніндегі жобалық құжаттар талаптарының бұзылуы; теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды аралдар, құрылғылар мен қондырғыларды пайдалану мен кәдеге жарату жөніндегі жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарының бұзылуы; мұнай мен газ саласындағы өкілетті органның рұқсатынсыз ілеспе және (немесе) табиғи газды факелдерде жағу және басқалары.

Бұл жағдай заң талаптарын бұзудағы кінәлі адамдарды әкімшілік жауапершілікке тартуға мүнкіндік бермейді.

Осыған байланысты заң жобасында заң талаптарын бұзғандығы үшін әкімшілік құқықбұзушылық құрамы көзделген.

Бұдан басқа ӘҚБК-ге өзгерістер мен толықтырулардың енгізігу себебі ӘҚБК-та жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықбұзушылықтар хаттамаларының жасалуы, қаралуы және әкімшілік жазаларды қолдану саласындағы уәкілетті органның құзыретін қарастырмайтындығы болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласында мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдалану, мұнайгазкәсіпшілік инфрақұрлымына, мұнай операцияларын жүргізу саласында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы №454 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрілігі Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі жер қойнауын пайдалану, мұнайгазкәсіпшілік инфрақұрылы саласындағы, мұнай операцияларын жүргізу саласындағы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымына бақылауды жүзеге асырады.

Осыған байланысты заң жобасында Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласындағы хаттамаларды жасау, әкімшілік құқықбұзушылықты қарау және тағайындау бөлігіндегі құзырлығын белгілеу саласында ӘҚБК-ге өзгерістер енгізілген.

8) Заң жобасында сондай-ақ стратегиялық маңызы бар жер қойнауының, кен орындарының учаскелерінде мемлекеттің басымдылық құқығын бекіту мәселелері жөніндегі нормаларды жетілдіру ұсынылады.

Мәселен, Заңға сәйкес мемлекеттің жер құқығын пайдаланумен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) объектілердің өтеулі және өтеусіз негізде иеліктен алуына құқығы бар.

­Өз кезегінде Заңдағы осы норома экономиканың ресурстық-энергетикалық негізін нығайтуды көдеп отыр.

Алайда іс жүзінде мемлекет ең алдымен ірі кен орындарына мүдделі.

Осыған байланысты мемлекеттің басым құқығы жер қойнауының стратегиялық маңызы бар учаскелеріне қатысты көзделгені орынды болар еді.

Бұдан басқа мұндай ұстаным бизнес үшін артық әкімшілік кедіргілерді алуға септігін тигізеді және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауы құқығын және (немесе) объектілерді иеліктен алумен байланысты қосымша рәсімдердің қажеттілігі жойылады.

9) ҚР-ның заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі опрацияларды жүргізу кезіндегі үшінші тұлғалар алдындағы тәекелдер мен жауапкершілікті сақтандыру жер қойнауып пайдаланушының міндеттемесі болып табылады.

61-бапқа сәйкес келісімшарттың негізгі бір жағдайы сақтандыру болып табылады.

Осыған байланысты, Заңның тура қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында, заң жобасында сақтандыру жағдайларының түгенделген тізбесі көзделініп отыр.

10) Пайдалы қазбаларды барлау мен қазып алу бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Жобалық құжаттарды жобалық ұйым әзірлейді.

Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың жобалық құжаттарды сақтауы бойынша авторлық бақылауды көздеу орынды, соған сай жобалық ұйымдар қадағалуды жүзеге асыруға тартылар еді.

Осы мақсатта заң жобасында жұмыс бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты беру кезінде оған жобалау ұйымының қорытындысын қоса беруге жер қойнауын пайдаланушыға қйылатын талап көзделінген.

11) Заң жобасында редакциялық сипаттағы өзге де өзгерістер көзделінген.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары:

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты халықаралық стандарттарға жауап беретін жер қойнауын пайдаланудың тиімді жүйесін заңнамалық енгізу арқылы мемлекеттің және оның азаматтарының мүдделерінде Қазақстан Республикасының шикізат саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.


4. Заң жобасын реттеудің мәні:

Заң жобасы жер қойнауын пайдаланусаласындағы қоғамдық қатынастарды реттейды.


5. Заң жобасының құрылымы:

Заң жобасының құрылымы екі баптан тұратын болады.

1-бапта ӘҚК-ға, «Лицензиялау туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР-ның 2010 жылғы 24 маусымдағы заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу көзделген.

2-бап Заңды қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.


6. Заң жобасы қабылданған жағдайдағы болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар:

Заң жобасы қабылдаудың құқықтық салдары: Заң жобасын қабылдау Заңның келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару бөлігіндегі кемістіктердің орнын толтыруға, жер қойнауын пайдаланушылардың теңіздегі қызметімен байланысты қосымша талаптарды белгелеуге, міндетті сақтандыруға жататын тәуекелдерді заңнамалық деңгейде анықтауға, Заңның талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық құрамдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы қабылдаудың жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдары: экологиялық ахуалды жақсарту, уәкілетті орган бақылауды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдалану саласында бұзүшылықтарды азайту, жобалық құжаттарда көзделген жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындауға байланысты жергілікті қамту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушының бағдарламаларды іске асырылуы, бюджетке салық түсімдерінің уақытылы түсуі.
7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасымен бір мезгілде (кейін) сәйкестікке келтіру қажеттілігі:

Қажеттігі жоқ.


8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелуі:

Заң жобасының мәні ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық кодексімен, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелген.


9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы:
Заң жобасымен Заңның қолданыстағы нормалары жетілдірілген, және де бұдан бұрын Заңмен регламенттелмеген құқықтық институттары, атап айтқанда, мұнай, сақтандыру, сенімгерлік басқару көрініс тапқан.

Сенімгерлік басқаруға қатысты шет ел мемлекеттерінің тәжірибесін зерттеу, заң жобасындағы мәселелер бойынша көзқарастың жоқ екендігін көрсетті.

Мұнайдың төгілуі бөлігіне байланысты, әлемдік тәжірибеде мұнайдың төгілуі орын алған жағдайдағы іс-шараларды жоспарлау, мұнайдың төгілуін жою жұмыстарын тиімді жүргізуді жоғарылатудың маңызды факторы болып табылады және көптеген мұнай өндіруші мемлекеттердің заңдарында көрініс тауып келеді.

РФ-дағы мұнайдың төгілуін алдын алу және жедел ден қою жөніндегі құқықтық реттеу, үзінді түріндегі сипат алған, құқықтық нормалар көнтеген заңдарға және заңға тәуелді актілерге бөлініп тасталған.

Сонымен, мұнайдың төгілуін реттейтін қатынастар РФ–ның федералдық заңдарында «Жер қойнауы туралы», «Апаттан құтқару қызметі және құтқарушының мәртебесі туралы», «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңдармен мұнайдың төгілу апаты жағдайында тараптар қатынасын реттейтін басқа федералды заңдармен, және көптеген заңға тәуелді құқықтық актілерменрегламенттелген.

РФ заңнамасында мұнайдың төгілуін жою туралы жоспарларды бекіту қөзделген.

Сонымен, Ресейдің ТЖМ-нің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 621 бұйрығымен бекітілген Ресей Федерациясы аумағында мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін алдын алу және жою туралы жоспарларды әзірлеу және келісу Ережесінің екінші бөлімі ұйымдарға жоспарларға оларды әзірлеуде қолданған нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді, сәйкес нормативтік құықытық актілерде және нормативтік-техникалық құжаттармен мамандандырылған талаптарға және шектеулерге, оның ішінде Ресей Федерациясы субъектілерінде белгіленген төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау міндеттейді.

Сараптама жүргізу ұйымдастыру атқарушы органмен жүзеге асырылады, ал сараптамалық баға келісім шарттық негізде жүргізіледі.

РФ-ның «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету туралы» Федералдық Заңының 10-бабы қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi апатты жағдайдың салдарын оқшаулау және жою іс-шараларын жоспарлау және жүргізу талаптарын бекіту, апатты-құтқару қызметтерімен немесе кәсіптік апатты-құтқарушылары құрамасымен қызмет көрсету келісімшарттарын жасасу, бұл жағдайда, Ресей Федерациясы заңнамасында көзделгендей, жеке кәсіптік апатты-құтқарушылар қызметтерін немесе кәсіптік апатты-құтқарушылары құрамасымен, және де жұмысшылар құрамынан штаттан тыс кәсіптік апатты-құтқарушылары құрамасын құру.

Сақтандыру, оның ішінде аталған талаптарды сақтауды алғанда, экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау Федералды кызметпен жүргізіледі.

Жоғарыдағы Ереженің 21-тармағына сәйкес мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін оқшаулау және жою бойынша іс-шараларына ұйымдардың дайындығы өз күшімен және (немесе) келісімшарт жүзінде апатты-құтқарушылар құрамасымен қосымша күш және қаражат тарту, төгілулердің ен жоғары есепті көлемін жоюға жетерліктей және белгіленген тәртіпте аталған жұмыс түрін жүргізуге құқылы аттестатталған тұлғалар жетеді.

РФ «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау туралы» Заңының 14-бабы ұйымдарға төтенше жағдайды жою үшін қаржылық және материальдық ресурстары резервтерін құруды міндеттейді. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюдағы материалдық ресурстар резервін құру және қолдану тәртібі РФ Үкіметінің 1996 жылдың 10 қарашасындағы № 1340 қаулысымен анықталады.

Ресей заңнамасымен мұнайдың теңізге төгілуі де топтастырылған:


  • жергілікті маңызы бар төгілу – бұл объектідегі немесе жақын маңайдағы күш пен құралдың көмегімен жоюға жетерлік төгілу. Бұл төгілу 500 т-дан аспайды. Оны ұйым өз күшімен немесе келісім-шарт негізінде жұмылдырылған бiрлесiп әрекет жасайтын ұйымдардың күші мен құралдары арқылы жояды;

  • аймақтық маңызы бар төгілу – бұл мұнайдың төгілуін аймақтағы күш пен құралдарды жұмылдыру арқылы жою. Әдетте бұл 5 мың. тоннадан аспайтын төгілу. Жою операциясына жетекшілік Мемтенізқұтқару қызметі бассейндік басқару – БАСУ-ға жүктелген. БАСУ сонымен қатар жергілікті маңызы бар төгілулерді де жояды, егер мұнай операцияларын жүргізіп жатқан ұйымның жауапкершілігі аумағынан тыс жасалса немесе ұйым өз күшімен мұнайдың төгілуін жоя алмаса;

  • федералдық маңызы бар төгілу – бұл 5 мың тоннадан асатын төгілулер және оны жоюға өзге бассейндердің немесе шектес мемлекеттің күш пен құралдарын тарту қажеттігі болуы. РесейдінКөлікминистрлігініңТеңіз және өзен көлігі Федералды қызметіне теңіздегі мұнайды жинау жұмыстарына жетекшілік жүргізу жүктеледі.

Сонымен бірге, заңнаманы жүйелендіру мақсатында РФ - да «Мұнай ластануынан Ресей Федерациясы теңіздерін қорғау туралы» Федералды заңын әзірлеу қажеттілігі туралы пікірталас көтерілуде.

АҚШ-да, Канадада экологиялық қауiп-қатер аймағында, мұнай терминалдарын және танкерлердің жүру қозғалысы қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау бойынша әртүрлі ескерту шаралары көзделген.Жағалаудағы экожүйелерге залалды азайту мақсатында бөлшекті ұйымдастырушылық, әкімшілік және экономикалық шаралардынегжей-тегжейлі жіктеу әзірленді: залалды әсер етуді шектейтін – паспортизация және ластаушыларды картографирлеу, ластау кадастрын құрастыру, табиғатты қолдануды тәртіпке келтіру, жерасты өнеркәсібі және құрылыстарын жақын арадағы және болашақтағы жетілдіру жоспарын әзірлеу, санитарлы-тазалау құралдарын құрылыспен байланыстыру, қоршаған орта мониторингі станциялары жұмысын жөнге келтіру, аймақтық және федералды деңгейдегі заңнамалық актілерді қабылдауға ұсыныс енгізу.

АҚШ-та, Канадада және Норвегияда жеке компанияларды мұнай төгілулерін жою бойынша жұмысқа тарту жүйесі, мұнай төгілуіндегі залалды жою немесе олардың мүшелеріне тиесілі кооперативтері қолданылады.

Төтенше жағдайлардағы іс-шаралар жоспары мұнай-операторлары компанияларымен немесе ұлттық үкіметтермен немесе бірлесе әзірленеді.

Мұндай жоспарларда мұнай төгілуінде жасалатын шаралар кезінде орын алған ресурстар мен әдістерге анықтама беріледі.

Мұнай төгілуі болған жағдайда іс-шараларды жоспарлауды реттеу нормативтері мемлекет пен аймаққа қарай айырмашылығының болуына қарамастан, көптеген әрекет жоспарлары мұнай төгілуі болған жағдайда мынаны қамтиды: әртүрлі тәуекел сценарийлері, оның ішінде ірі шығарындының ең нашар сценарийін қоса алғанда, мұнай төгілулерінен және тазартулардан осал аймақтарға басымдылық білдіру, жергілікті және аумақтық деңгейлердегі қол жетерлік апаттарды жою бойынша ресурстар тізімі және осындай ресурстарды жөнелтуді жүзеге асыратын қолданыстағы келісімдер; топтық құрылым және бақылау жүйесін сипаттау;қоршаған ортада әртүрлі шарттарда болжамдық мұнайдың төгілуінің ішінде нашарын тазартуға иелікте бар ресурстар қалай қолдану керек екендігін көрсететін сценарий немесе сценарийлер; алынған мұнай қосындысы бар қалдықтарды уақытша сақтау және оларды біржола жою бойынша жоспарлар;төтенше жағдай туралы хабарландыру рәсімі; жер бетінде, теңізде және ауадағы іс-әрекеттерді байланыс құрал жүйесі мен бірыңғай тізбекке байланыстыру жоспары.

Мұнайдың төгілуіне байланысты тәуекел сақтандыру мәселесі бойынша, РФ «Ресей Федерациясының Континентальды шельфі туралы» Федералды заңына теңіз ортасында мұнай мен мұнай өнімдерін төгілуі болған жағдайда мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін алдын алу және жою жоспарында көзделген қаржыландыруды қамтамасыз ететін, теңіз ортасында мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жою шараларын жүргізуге қосымша күш пен құралдарды тартуға кеткен шығындарды жабу және мұнай мен мұнай өнімдерінің теңізге төгілуінен қошаған ортаға келтірілген, оның ішінде сулы биологиялық ресурстар мен үшінші тұлғаларды қоса алғанда, залалдың орнын толтыру, сақтандыру келісімшартын бекіту туралы алдын алу шараларын жүргізіп жатқандығын атап кеткен жөн.

Аляска жағалауында «Эксон Валдиз» танкеринен мұнайдың төгілуі, Пиреней аралының маңайында 2002 жылы желтоқсанда «Престиж» танкерінің апаты, АҚШ пен Еуропаның бірқатар мемлекеттеріне теңіздегі мұнай және мұнай өнімдері операцияларының барлық түрлеріне нормативтік және құқықтық базаны қатайту жедел шараларын қолдануға негіз болды.

Теңіз табиғи кешендері мен экожүйелеріне залал келтірген «ластаушылардың» жауапкершілігін күшейтуге бағытталған әкімшілік, экономикалық және қаржылық механизмдер әзірлетіп, тәжірибеге енгізілді. АҚШ-да, оның ішінде мұнайды мемлекет суларында тасымалдайтын танкерлердің иелеріне АҚШ Федералды қорына және Аляска құрамасы қорына миллиард доллар көлемінде сақтандыру жарнасын енгізу міндеттілігі жүктелді.
10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржы шығындары:

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет