Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілген
Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-бөлім. Жалпы талаптар
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
5. Технологиялық сызбада қондырғылар, аппаратуралар, арматуралар қорғаныс құрылғылары, бақылау құралы және басқару органдары, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс құралдарында позициялар белгілері және нөмірлері көрсетіледі.
1-бөлімше. Жобалау жөніндегі жалпы талаптар
6. Жобалық шешімдерде мыналар қарастырылады:
1) қауіпсіз қашықтық және санитарлық-қорғаныс аумағының мұнай газ барлау объектілерінің орналасуы;
2) ұңғымалар өнімдерін герметикалық жинау жүйесі, дайындау және тасымалдау, зиянды заттарды және жолдағы газдарды жою;
3) қауіпті және авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, блокировкалау, қорғаныс және сигнал құралдары жүйесі;
4) жарылыс өрт қауіптілік объектілер көрсеткіштерін ескере отырып, қауіпті және авариялық жағдайлардың пайда болу ықтималдығын бағалау;
5) технологиялық процессті басқару пункттерінде ақпараттарды алуды және тіркеуді қамтамасыз ететін объектілерді автоматизациялау және телеметрикалық бақылау;
6) қауіпті факторларды және авариялық жағдайларды алдын ала байқауға арналған ауа ортасын автоматты бақылау жүйесінің құралдырымен қамтамасыз ету;
7) қондырғылар, трубақұбырлар, металл конструкцияларын бұзбайтын бақылау және тот басуға қарсы қорғаныс әдістерін қолдану;
8) технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін құру;
9) объектілерді өрт техникасымен және өрт сөндіру құралдарымен жинақтау;
10) авариялық байланыс және хабарлаудың тұрақты өндірістік және автономды жүйесін ұйымдастыру;
11) персоналды жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
12) өндірістік қалдықтарды, ыстық зиянды және улы заттарды оқшаулау және жою;
13) бұзылған және ластанған жерлерді қалпына келтіру және рекультивациялау шарттары қоршаған ортаны қорғау;
14) ұңғыма объектілерін қауіпсіз конвсервациялау және жою шарттары.
7. Зиянды және ыстық заттар бөлетін өрт қауіпті процесстері, авариялық тастаулары болуы мүмкін көздері бар ғимараттар мен имараттар желдің басымды бағыты, рельефі, климаты және сейсмикалық шарттары ескеріле отырып жобаланады.
Мұнай-газ кен орындары объектілерін ғимараттар мен имараттарды орналастырудың минимальды қауіпсіз қашықтығы осы Талаптың 4 қосымшасында берілген.
8. Тот басуға аргессивті заттармен қосылу жағдайында жұмыс істейтін технологиялық қондырғы мен құбырларды жобалау кезінде техникалық жағдайын бақылайтын құралдар және құрылғылар қарастырылады.
9. Жобалау құжаттарында қондырғы, құрылғы, трубақұбырларға қоршаған ортаға селитебті аумағы персонал мен тұрғындарға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың (әрі қарай – ҚЗӨФ) әсер ету жөніндегі шаралар қарастырылады.
10. Ғимараттар мен имараттар, бөлмелер және өндірістік алаңдар аумағында трубақұбырларды жер асты салуға жол берілмейді.
11. Өндірістік және санитарлық–тұрмыстық объектілер Қазақстан Республикасы құрылыстық және санитарлық нормаларына сәйкес желдеткішпен, жылумен, сумен жабдықтаумен және кәріздермен қамтамасыз етіледі.
12. Құрылғылардың өндірістік ғимараттары мен аумағындағы технологиялық ағындар, жер асты сулары және жаңбыр сулары үшін жабық өндірістік кәріздер жүйесі қарастырылады.
Өнеркәсіптік кәріздер желісі бойынша құдықтарда орналасқан гидравликалық тығындар қарастырылады.
13. Жарылыс қауіпті аумақтарда пайдалануға арналған жобаланатын қондырғы, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика құралдары (әрі қарай –БӨҚАҚ), жарықтандыру, сигнал беру және байланыс құрылғылары жарылыс қауіпті аумақтары және жарылыс қауіпті қоспалар сипатына сәйкес келетін жарылыстан қорғану деңгейімен жарылыстан қорғанатындай болып қарастырылады.
14. Барлық мүмкін жағдайларда жарылыс қауіпті аумақтың қалыптасуының алдын алуды, технологиялық қондырғыларды қауіпсіз тоқтатуды қамтамасыз ететін технологиялық үрдістердің аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі қарастырылады.
15. Ыстық булар мен газдарды, агрессивті және токсикалық сұйықтарды шығаруға арналған инертті газдарды қолдануды қоса алғанда жобалау шешімдерінде технологиялық ортадағы қауіпті қоспаларды жою және оттегінің болуын бақылау тәсілдері мен құралдары қарастырылады.
16. Жобалау құжаттарында төтенше жағдайлар, авариялар, өрт және жарақат алудың алдын алу және жою жөніндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік техникалық шаралары әзірленеді.
2-бөлімше. Объектілер құрылысы және іске қосу бойынша жалпы талаптар
17. Өндірістік объектілер, ғимараттар мен коммуникациялар құрылғысына арналған аумақтар жоспарланады, қауіпсіздік белгілерімен қоршалады (белгіленеді), санитарлық-қорғаныс және күзету аумағының шекарасы ескеріле отырып, жобалау құжаттарының құрамдас бөлігі болып табылатын МГК орналастыру жоспарына сәйкес салынады.
Қауіпті өндірістік объектілер құрылысы аумағын күзету түзімін және тәсілін құрылысты жүргізетін ұйым анықтайды, ал іске қосқаннан кейін объектілерді пайдаланатын ұйым анықтайды.
18. Салынып жатқан, жөнделетін және пайдаланудағы қауіпті өндірістік объектілер (ұңғымалар, мұнай және газ дайындау құрылғылары, резервуарлар, сорғыш және компрессорлық станциялар, терминалдар) материалдық- техникалық қамтамасыз ету базаларымен және ұйымдардың өндірістік қызметтерінің орналасу орнымен, өрт және авариялық – құтқару қызметтерімен сенімді және тұрақты көлік қатынасымен (кіре-беріс, жолдар) қамтамасыз етіледі.
19. Құрылыс –монтаждау жұмыстары алдында қауіпсіздік және өндірістік бақылауды қамтамасыз ету үшін келесі негізгі ұйымдастыру шарттары орындалады:
1) құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдарға және құрылымдық бөлімшелерге бекітілген және келісілген жобалау құжаттарын беру;
2) құрылыс ұйымдары, мердігерлер мен орындаушыларды мемлекеттік лицензиялау, мемлекеттік бақылау органдарында техникалық реттеу мен тіркеуге жататын жарылыс қауіпті объектілердегі жұмыстарды және басқа жұмыстарды жүргізуге арналған құқықтары мен рұқсатын тексеру;
3) қауіпті объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған тиісті өндірістік және техникалық базаның, рұқсат беру құжаттарының және білікті мамандардың болуы;
4) құрылыс аумағындағы ұйымдар мен объектілер, елді-мекендер әкімшілігі мемлекеттік бақылау органдары басшыларына құрылыс жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлау.
20. Құрылыс өндірісінің жұмыс жағдайына және қабылданған технологиясына байланысты, өндірістік объектілер персоналы жеке және ұжымдық қорғанудың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі. Персоналы бар әрбір өндірістік объекті диспетчерлік пунктпен және участок, цех, ұйым басшыларымен байланысатын тұрақты телефон (радиотелефон) байланысымен қамтамасыз етіледі. Персоналдың уақытша жұмыс істеу объектілеріндегі байланыс жағдайы жобалар мен технологиялық регламентте қарастырылады.
21. Жұмыс орындарында орындаушылардың өндірістік функцияларын қауіпсіз орындауы және қауіпті жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша уақытында шығарылуы қамтамасыз етіледі.
Ашық алаңдарда жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің қолайсыз метеорологиялық жағдайларынан қорғану жабулары орнатылады.
22. ҚЗӨФ әсер етуі мүмкін жұмыс орындары мен қауіпті өндірістік объектілер аумағындағы жұмыс аумақтарының ауасын жүйелі бақылайтын ескерту белгілері мен жазулар орнатылады.
Жұмыс қауіпсіздігі аумағы қауіпсіздік белгілерімен және жазулармен қоршалады және белгіленеді.
23. Құрылыс алаңдарындағы қауіпті аумақтар шекараларын жұмыс жетекшісі анықтайды және жұмысты ұйымдастыру жоспарына немесе наряд-рұқсат беруге сәйкес нұсқаулық жүргізу кезінде орындаушыларға хабарланады.
24. Жұмыс орындары, объектілер, жүретін және өтетін жолдар оларға баратын жолдар тәуліктің қараңғы кезінде жарықпен қамтамасыз етіледі.
Жасанды жарықтандыру берлгілері нормаға сәйкес орындалады, жарықтандыру деңгейін өлшеу пайдалануға беру алдында жүргізіледі, ғимаратты жарықтандыру жүйесін реконструкциялаудан кейін және жыл сайын жұмыс орындарында жүргізіледі.
25. Жеңіл от алатын немесе жарылыс қауіпті заттары бар материалдарды қолдану кезінде және сақтау орындарынан 50 м кем емес радиуста және өрт сөндіру құралдары болмағанда отпен жұмыс істеуге жол берілмейді.
26. Газдануы жоғары және ҚЗӨФ әсер ететін орындарда, соның ішінде оқшауланған ғимаратта, жабық ыдыстарда, құдықтар, траншеялар мен шурфтарда жұмыс істеуді бастау алдында ауа ортасының талдауы жүргізіледі және наряд-рұқсат беру рәсімделеді.
Газдалуы анықталған кезде қауіпті орында жұмыс жүргізу тоқтатылады, және жұмыс істеушілердің тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын қолдану және жұмыс аумағы алаңында және санитарлық-қорғау аумағының жақын орналасқан аумағындағы газ сигнал берушілермен шектік жіберілетін концентрациясын (әрі қарай-ШЖК) және зиянды шекті жіберілетін зиянды концентрациясын (әрі қарай-ЗШЖК) бақылау кезінде газдануды нормативтік мәнге дейін жойғанған кейін қайта қалпына келтіріледі.
27. Жұмыскерлерді 0,75 м биіктікке көтеру талап етілетін объектілерде сатылар, ал 0,75 м жоғары биіктікте – таяныштары бар сатылар қарастырылады. Жер, алаң және еден бетінен 0,25 м және одан жоғары биіктікте орналасқан трубақұбырлар үстінен адамдар өтетін орындарда өтетін көпірлер орналастырылады және трубақұбырлар орналасу биіктігі 0,75 м артық болғанда таяныштармен жабдықталады.
28. Өрт қауіпті жарылыс объектілер үшін (барлау ұңғымалары, мұнайды жинау және дайындау құрылғылары, резервуарлық парктер) дайындаушылар жобада көздеген алаңдар, төсемдер, сатылар қолданылады.
Толық тоқтатылған қондырғылар мен аппараттарды жөндеу кезінде жұмыс жүргізгенде қалыңдығы 40 мм кем емес тақтай төсемдер қолдануға жол беріледі.
29. Мұнай, газ өндіру нысандарының (ашық ыдыстар, трансмиссиялар) қауіптілігі мүмкін орындарда жіберуді жан-жақтан шектейтін қоршаулар орнатылады.
Қондырғылар мен механизмдерді толық тоқтатқаннан кейін және іске қосу құрылғыларында «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеуде» жазуы мен қауіпсіздік белгісі ілінгеннен кейін қоршауларды ашуға немесе алуға рұқсат етіледі. Қондырғылар немесе механизмді іске қосу жұмыс жетекішісінің нұсқауы бойынша қоршаудың барлық бөлшектерін орнына орнатқаннан және бекіткеннен кейін рұқсат етіледі.
30. Жұмыс жүргізу алаңының қауіпті объект аумағында көлік қозғалысының жылдамдығы тіке учаскелерде 10 км/сағ дейін және бұрылыстарда 5 км/сағ дейін шектеледі.
31. Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарға және қоршаған ортаны қорғау шараларына сәйкес аумақты қалпына келтіру және көркейту жүргізіледі.
32. МГК барлау объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде мыналар тексеріледі:
1) келісілген және бекітілген жобалау, техникалық және пайдалану құжаттарының, технологиялық регламентінің болуы;
2) қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес іске қосу және құрылыс құжаттарының болуы;
3) қауіпсіздік декларациясының және АЖЖ болуы;
4) объектілер персоналының біліктігінің сәйкес келуі;
5) объектілердің жобалау және пайдалану құжаттарына, өнеркәсіп, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, жер қойнауын қорғау талаптарына сәйкес келуі;
6) мұнай газ кәсіби қондырғыларын, техникалық құралдарды, трубақұбырларды, резервуарларды, және технологиялық процесстерді, бақылау және қауіпсіздік жүйесін, ТП АБЖ, авариялық және өрттен қорғану жүйесін жүргізу және олардың жобалау шешімдеріне, нормативтік құжаттарға, техникалық және пайдалану құжаттарға сәйкес келуі;
7) объектілер мен объектілер персоналының қауіпті авариялық және төтенше жағдайларды жоюға дайындығы;
8) объектілер мен персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс, газдалуды бақылау, өрт техникасы және сигнал беру, персоналды және тұрғындарды селитебті аумақта эвакуациялау құралдарымен жабдықталуы;
9) байланыс құралдарының болуы және оның жағдайы;
10) күзет ұйымдастыру және объектінің қорғау;
11) объектілерге қызмет көрсетуді, соның ішінде авариялық–құтқару қызметті, өрт қызметін, медициналық қызметті және объектілердің мақсаты мен сипатын ескере отырып, материалдық-техникалық, қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
33. Құрылысы аяқталған МГК объектілерін қабылдау және пайдалануға беру нормативтік құжаттарға сәйкес іске асырылады.
Іске қосу – жөндеу жұмыстары мен жанатын және қауіпті заттар қолдана отырып, қондырғыларды сынау, жарылыс өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін МГК барлауды жүргізетін ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жобалық шешімдерге және пайдалану құжаттарына сәйкес технологиялық регламенттер әзірленеді.
3-бөлімше. Қондырғыдар мен трубақұбырларды қауіпсіз
пайдалану жөніндегі негізгі талаптар
34. Мұнай газ өндіруді монтаждау, сынау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету дайындаушының құжаттамасына, жобаға және өнеркәсіп, өрт және экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жер қойнауын қорғау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Шетел дайындаушысының (жеткізіп беруші) құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен қамтамасыз етіледі.
35. Қауіпті объектілерде қолданылатын қондырғы үшін дайындаушы немесе жобалау ұйымы жол берілетін пайдалану мерзімін (ресурс), ал қондырғының құрамдас бөлігі болып табылмайтын трубақұбырлар мен арматуралар үшін – жобалау, техникалық және пайдалану құжаттамасы көрсетіле отырып, пайдаланудың есептік мерзімін белгілейді.
36. Мұнай газ кәсібінің қондырғыларын пайдалану жұмыс орындарында ауада зиянды заттардың болуы, шу, вибрация және басқа қауіпті және зиянды өндірістік факторлар белгіленген жарылыс өрт қауіпсіздік қоспалар мен санитарлық –гигиеналық нормативтерден артық болмайды.
37. ТГК барлауға арналған қондырғылар жарылыс өрт қауіпсіздігінің клмиаттық және сейсмикалық жағдайлары мен талаптарына, көмірсутектердің, материалдар мен технологиялық процестердің сипаттарына сәйкес таңдап алынады және мықтылығын, герметикалығын, тот басуға шыдамдылығын, қауіпсіз пайдалануды және авариялық жағдайларды жоюды қамтамасыз етеді.
38. Жарылыс өрт қауіпсіздігі аумағындағы қондырғылар келесі талаптар орындалу кезінде пайдаланылады:
1) ережелермен және жобалау шешімдерімен белгіленген біліктілікке сәйкес жарылыс қауіпсіз орындау;
2) МГК, ТПАБЖ қауіпті объектілерін аварияға қарсы және өртке қарсы жүйесіне енгізілген, бақылау құралдары мен басқару құралдарының бақылау, блокировкалау, сигнал беру құралдарының дұрыс жұмыс істеуі;
3) дайындаушының техникалық құжаттамасы болғанда.
39. Техникалық құрылғыларды жеке дайындау кезінде тапсырыс беруші бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес, құрылымдық құжаттама әзірленеді.
40. Жұмыскерлерге қауіпсіздік тудыратын механизмдер, бөлшектер, құрал-жабдықтар және қондырғының басқа да элементтері, қоршаушы және қорғаныс құрылғыларының беттері нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сәйкес сигнал беру түстеріне боялады.
41. Жүк көтергіш техникалық құрылғыларда көрінетін орындарда жүк көтергіштік белгі, тіркеу нөмірі және кезекті техникалық куәландыру күні көрсетіледі.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарда, бу және су жылыту қазандықтарында рұқсат етілген жұмыс қысымы, кезекті техникалық куәландыру күні және тіркеу нөмірі көрсетіледі.
42. Қондырғының электр тогы әсер ету қауіпсіздігі бар металл бөлігінде қорғаныс жерге қосуға арналған, көрінетін элементтер орнатылады. Осы элементпен қатар «Жерге қосу» белгісі бейнеленеді.
43. Жаңадан жинастырылған, модернизацияланған және күрделі жөндеуден өткен қондырғыны іске қосу нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес іске асырылады.
44. Монтаждау, іске қосу, техникалық куәландыру немесе пайдалану кезінде қондырғының өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде, оларды жою жөніндегі шаралар қабылданады.
Әрі қарай жұмыс істеу және пайдалануға анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жол беріледі.
45. Қондырғыны (аппаратуралар, трубақұбырлар учаскелері) іске қосу немесе тоқтату жарылыс қауіпті қоспаның (инертті газбен, бумен, үрлеу тиімділігін бақылау) пайда болуының, гидрат пайда болуының немесе сұйықтардың қатуының алдын алу жөніндегі шараларды орындау арқылы іске асырылады.
46. Қондырғы, аппарат, механизмдердің қозғалатын және айналатын бөліктерін ашу қоршалады немесе тыспен жабылады, іске қосудың жұмысқа қосылуын болдырмайтын, іске қосу құрылғысы бар блокировкалау жүйесімен жабдықталады. Тиісті талаптар барлауға және қондырғыны дайындауға арналған техникалық тапсырмамен белгіленеді.
Қоршаулар және тыстар, жұмыс істеушінің қоршалатын элементпен ойланбай жанасуын болдырмайтын қауіпсіз және сенімді бекіткіштермен қамтамасыз етіледі.
Радиоактивті, ионизирлеуші шағылысу көздері бар қондырғы мен аппаратура радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қорғаныс экрандарымен жабдықталады.
47. Қондырғы, құрал-жабдық, техникалық құралдарды модернизациялауға қондырғыны әзірлеуші (дайындаушы), жобалау ұйымының келісімі бойынша жол беріледі.
48. Қысыммен жұмыс істейтін қондырғы және монтаждаудан немесе дәнекерлеу арқылы және басқа ұқсас әдістермен жөндеуден өткеннен кейінгі трубақұбырлар акт жасау арқылы мықтылық пен герметикалыққа сыналады. Сынау мерзімділігі мен шарттары олардың техникалық жағдайларын, тот басу және температуралық процесстерін, дайындаушының пайдалану құжаттамасының, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын ескере отырып жобамен, технологиялық регламентпен анықталады.
49. Техникалық құралдар, қондырғы, ғимараттар мен имараттарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін олардың техникалық жағдайын бағалауға анықтау кезінде аттестацияланған ұйымдар қатыстырылады. Өнеркәсіп қауіпсіздік талаптары сәйкес келген кезде пайдалану мерзімін ұзартуға рұқсат алу өкілетті органда жүргізіледі.
50. Мұнай газ өндіруші ұйымдар МГК барлау объектілерінде қондырғыларды пайдалануға бергеннен кейін:
1) қондырғыны қауіпсіз пайдалануды және өндірістік бақылауды қамтамасыз ететін бақылау тұлғасын тағайындауды;
2) қауіпті объектілерді қауіпсіз пайдалану жағдайларын жасауды және қолдауды;
3) қондырғыны пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу үшін тиісті біліктілігі бар персоналмен жинақтау, денсаулық жағдайын және өндірістік даярлықты;
4) объектілерде ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен тізім бойынша нормативтік техникалық құжаттардың болуын;
5) автоматизациялау және механизациялау құралдарының дұрыс жұмыс істеуі, өндірістік басқару жүйесінің болуы және технологиялық процесстерді бақылауды;
6) қондырғыларды жүйелі диагностикалау, сынау, техникалық куәландыру жүргізуді;
7) ғимараттар, имараттар, аумақтар, жұмыс орындарының қауіпсіз жағдайын бақылауды;
8) бақылау, аварияға қарсы және өртке қарсы қоғаныс, байланыс, хабарландыру жүйесін ұйымдастыру мен жабдықтау және авария, өрт төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттерді қолдануды;
9) жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді;
10) өрт қондырғылары мен құрал-жабдықтардың тұрақты дайындықта болуын қамтамасыз етеді.
51. Ауаға қауіпті және зиянды булардың, газдар мен шаңдардың бөліну мүмкіндігі бар ғимараттарда, өндірістік алаңдарда, санитарлық-қорғаныс аумақтарда технологиялық процесстер өзгерген (ауытқулар) кезде станционарлық және тасымалдаушы газ анализаторлар пайдалана отырып, ауа ортасын бақылау іске асырылады.
Ауа ортасының жағдайы туралы мәліметтер жұмыс орнында санитарлық қорғаныс аумақтарында белгіленеді және журналда тіркеле отырып, диспетчерлік пунктке беріледі.
Авариялық сигнал беру және ауа ортасының жағдайын бақылау құралдары жұмыс істеу қалпында болады, ал олардың жұмыс істеу қабілеттілігі технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.
52. Бақылау, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесін резервті энергиямен қамтамасыз етумен және МГК барлауын басқару пунктімен байланысы қамтамасыз етіледі.
Басқару пункттерінде технологиялық параметрлерді, қондырғының техникалық жағдайын және ауа ортасының газдануын бақылауға және тіркеуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар орналастырылады.
53. Жекелеген ұңғымаларда немесе құрылғыларда жұмыс жүргізуге арналған мобильді сорғыштар мен компрессорлық станциялар сыртқы тығындауыш және қорғаныс құрылғыларымен, технологиялық процесстердің қауіпсіздік құралдарымен, адамдардың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, газ сигнал берулермен, өрт құрал–жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
54. БӨҚА, блокировкалау және сигнал беру жүйесін ревизиялау және тексеруді МГК барлаудың әрбір объектілері үшін ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте және жоспарлы-ескерту жөндеу (әрі қарай – ЖЕЖ) кестесі бойынша метрологиялық қызметтер жүргізеді.
55. Метрологиялық қызмет пломбасы немесе штампы жоқ, тексеру және пайдалану мерзімі өткен, зақымдануы бар, технологиялық ортаға, өндірістік және климаттық жағдайларға сәйкес келмейтін БӨҚА орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді.
56. Манометрлер жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екі бөлігінде болатындай етіп таңдалады. Манометрлер циферблатында жұмыс қысымының максимальды жол берілетін жұмыс қысымы көрсетіледі. Бақылау алаңынан 2-5 м дейінгі қашықтықта орналасқан манометр циферблатының диаметрі 160 мм кем емес. Манометрлер жұмыс аумағының жарылыс өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес жұмыс және авариялық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
57. БӨҚА пневматикалық жүйелер үшін ауаны құрғату және қауіпсіздік шарттарына сәйкес келуі, технологиялық процесс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетілген уақытта жұмыс істеу үшін сығылған ауаның авариялық қорын қамтамасыз ететін ресивер қарастыралады.
58. Электр қоректендіруі бар БӨҚА және басқару щиттері қолданылатын кернеулікке байланыссыз жерге қосуға жатады.
59. Диспетчер пункттерінің басқару щиттерінде орналасқан БӨҚА тиісті технологиялық сызбаға сәйкес анықталатын параметрлер көрсетіле отырып белгіленеді.
60. Өндірістік ғимараттарды, аппаратураларды, қондырғыларды, трубақұбырларды, арматураларды, қорғаныс құрылғыларын және БӨҚА қыздыру және жылыту жөніндегі шаралар ауаның теріс температурасында және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда сенімді және қауіпсіз пайдалану қарастыралады.
61. Қондырғылар, құрылғылар, резервуарлық парктерді, трубақұбырларды, мұнай өнімдерін құю және төгуге арналған эстакадаларды (терминалдар) пайдалану кезінде өнімдер мен басқа құрамдардың қатуының алдын алу жөніндегі шаралар орындалады.
Қондырғылар мен трубақұбырларда жылу оқшаулау тексеріледі, анықталған кемшіліктер жойылады.
Технологиялық трубақұбырлар, арматуралар, кері және қорғаныс қалқаншалар жобада және дайындаушының құжаттамасында көрсетілген пайдалану шарттарына және температуралық режимге сәйкес оқшауланады.
Төмен температура кезінде қондырғыны, трубақұбырларды, арматураларды іске қосу алдында олардың техникалық жағдайы және участоктардың қатуының, басқару органы мен БӨҚА ішкі қуысында мұз тығындарының болмауына тексеріледі.
Қатып қалған элементтерімен участоктары бар аппаратураларды және құбырлардың іске қосуға жол берілмейді.
62. Қатып қалу анықталған жағдайда қондырғының және құбырлардың зақымдануының болуына сырттан қаралады және жылыту үшін жалпы жүйеден ажырату жүргізіледі.
Жеке қондырғыны немесе құбырлардың учаскелерін ажырату мүмкін болмаған және авария қауіптілігі болған жағдайда оны тоқтату жүргізіледі және оның қатып қалуын жою жөніндегі шаралар қолданылады.
Жылыту әрекеті және тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі.
Мұз тығынын жылыту қатып қалған участоктың шетінен бастап бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Қатып қалған құбырларды, аппаратураларды тығыны ашық болғанда және ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
63. Тығындауыш арматураны, кері және қорғаныс қалқаншаларды ашу үшін ілмектер, ломдар және трубалар қолдануға жол берілмейді.
64. Аппараттарды, ыдыстарды, трубақұбырларды, су құбырлары мен бу құбырларын ажыратқаннан кейін сұйықтарды технологиялық регламентке сәйкес бумен, инертті газбен, үрлей отырып, дренажды жүйеге төгу жүргізіледі.
65. Жүйелер мен қыздыру қондырғылары технологиялық регламент талаптарына сәйкес тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша акт жасалады.
66. Мұнайдың жоғары тұтқырлығы, құрамында парафин, смола және асфальтеннен жоғары болған кезде:
1) трубақұбырларда, технологиялық аппараттарда, ыдыстар мен резервуарларда мұнай тұтқырлығы мен температурасы жобада (регламентте) көзделгеннен кем болмауы;
2) қондырғылар, аппараттар, ыдыстар, резервуарлар және трубақұбырларды жылу серіктерімен жылу қорғау және жылыту;
3) мұнайды айдау және технологиялық процесстердің үздіксіздігі қарастыралады.
67. Технологиялық процесс және айдау аяқталғаннан кейін тұтқырлығы жоғары немесе парафинды мұнайы бар қондырғылар мен трубақұбырлары технологиялық регламентке сәйкес тұтқырлығы аз қатпайтын мұнай өнімімен жуылады.
68. МГК барлауындағы объектілердегі электр қондырғылар мен құрылғылар құрылғының қолданыстағы талаптарына және тұтынушылардың электр құрылғыларды пайдалану талаптарына сәйкес пайдаланылады.
69. МГК барлаудың жарылыс өрт қауіпсіздік объектілері жұмыс және авариялық жарықтандырумен және жарылыстан қорғалған және механикалық зақымданудан қорғаныс тормен жабдықталған 12 В кем емес кернеуліктегі тасымалдаушы шырақшамдармен қамтамасыз етіледі.
70. Технологиялық процесті, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғанысты автоматты бақылау және басқару жүйесінің электр детекторлары жарылыс қорғаныс орындаумен дайындалады және вибрация, газ гидраттары пайда болу, парафин, тұз және басқа заттардың бөліну жағдайында пайдалануға есептеледі немесе технологиялық ортамен тікелей байланысуға жол бермейтін жағдайда орнатылады.
71. МГК барлау объектілерін найзағай және статикалық электр әсерінен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар жобада, дайындаушының техникалық құжаттарында қарастыралады.
72. Қондырғылардың, аппаратуралардың, резервуарлардың, трубақұбырлардың және басқа ғимараттардың тот басудан қорғау құрылғылары мен әдістері дайындаушының техникалық құжаттарына, өнеркәсіп, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жобаланады және пайдаланылады.
Күкірт сутегі бар өнімдерді пайдалану кезінде қондырғы мен трубақұбырлар тот басуға төзімді материалдардан дайындалады.
Жер асты трубақұбырлары мен резервуарлар тот басудан электро химиялық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Қондырғылар мен трубақұбырларды қорғаныс бояу және оқшаулау техникалық куәландырудан және сынаудан кейін жүргізіледі.
Қондырғылар мен трубақұбырлардың жағдайына техникалық жетекші бекіткен кестеге сәйкес мерзімде қарау, қабырғалар қалыңдығын және тозу шамасын анықтау әдісімен бақылау орнатылады. Тексеріс нәтижесі төлқұжатқа жазылады.
73. МГК барлау объектілерінің ғимараттары мен имараттары тұрақты жұмыс істейтін қиылысқан–тартпа желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ауа алмасу еселігі санитарлық нормаларға сәйкес есептеледі.
74. Қауіпті объектілердегі ғимараттар мен өндірістік алаңдар газ, өрт және авариялық сигнал беру детекторлары бар ауа ортасын бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Авариялық сигнал беру кезінде персоналдың іс-әрекеті АЖЖ көрсетіледі.
Жұмыс аумағы ауасының газдануы анықталған кезде қызмет көрсету персоналына және басқа құрылғыларға болатын мүмкін қауіптілігі туралы жедел хабарланады, газдалған участок белгіленеді немесе қоршалады және АЖЖ сәйкес газдану көзін жою жөніндегі шаралар қабылданады.
Аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі, жарылыс қауіпті және шектік жол берілетін концентрацияларды анықтауға арналған газ сигнал берушілер дұрыс жұмыс істемеген кезде, олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады, ал жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жетекшісінің тұрақты бақылауы бойынша ЖЖА сәйкес құрылғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін әрекеттер жасалады.
75. Газдар мен буларды газ жинау жүйесіне немесе факельді құрылғыға шығару жүргізіледі.
Көмірсутек газдары зиянды заттарды тазартқаннан және нейтрализациялағаннан кейін пайдаланылады немесе жобаға сәйкес жойылуға жатады.
Күкірт сутегі және басқа зиянды заттары бар газдар, оларды факельдің тұрақты жануын тұрақты қолдай отырып, нейтрлизациялау және жандырусыз атмосфераға шығарылуына жол берілмейді.
Газдарды авариялық жағу кезінде шекті-жол берілетін концентрациясына бақылау жасалады, ал атмосфераның жер қабатында және жер үстінде журналда тіркей отырып, объектілердің өндірістік, санитарлық-қорғаныс аумағында жүргізіледі.
76. Қорғаныс құрылғылары мен қалқаншалар, бітегіш және реттеуші арматуралар ыдыстар, аппаратуралар, колонналар, резервуарлар, қазандықтар, трубақұбырлардағы қысымның артуынан жобаға, нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланылады.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар манометрлермен, деңгей көрсеткіштерімен, бітегіш арматуралармен және қорғаныс құрылғыларымен, іштен қарауға арналған люктермен, босатуға арналған дренажды желімен және газдар мен булардың шығуына арналған желілермен жабдықталады.
Қорғаныс қалқаншаларын, егер оларда жіберу мен бұзылғандық анықталса, оларды тартуға (түзету жүргізуге) және блокировкалауға жол берілмейді. Бұл жағдайда ыдыстарды немесе аппараттарды жөндеуге ажырату жүргізіледі. Қалқаншаларды ауыстыру наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.
Қорғаныс қалқаншаларынан газ шығаруға арналған құрылғы атмосфералық қалдықтар түсуден қорғалады және төменгі жағында сұйық шығуға арналған бұрандасы бар дренажды патрубка орнатылады.
77. Қондырғыны пайдалану кезінде жұмыс орнындағы шу және вибрация деңгейі белгіленген санитарлық нормалар, дайындаушының техникалық құжаттары бойынша анықталады.
Жол берілетін нормадан артық болған жағдайда шуды сөндіргіштер, дистанционды басқару, дыбыс оқшаулаушы кабиналар және есту органдарын қорғау құралдары, қауіпті аумақта болу уақытының шектелуі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |