Жер шарындағы немесе белгілі бір аймақтағы климат жағдайының табиғи өзгеруі. Бұл құбылыс, ондаған, жүздеген жылдарға, кейде геолиялық дәуір бойына созылады. Климат ауытқуының астрономиялық, атмосфералық және геологиялық-геоморфольдік себептері болады. Астрономиялық себептер – Жер бетіне түсетін Күн энергиясы мөлшерінің ауытқуына, Жердің айналуы мен оның полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Атмосфералық себептер – жанартау атқылау, аймақтағы өсімдік жамылғысының дамуы мен адамдардың тіршілік әрекеті әсерінен атмосфера құрамының өзгеруіне, яғни ауада көмір қышқыл газының, су буының және шаң-тозаңның көбеюіне негізделген. Бұлардың салдарынан Жердің радиациялық балансы күрт көбейеді немесе азаяды, ауа темп-расы жоғарылайды не төмендейді. Геологиялық-геоморфологиялық себептер – құрлықтың жер бедері мен құрлықтар пішіндерінің өзгеруінен туады.
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді
Қазіргі таңда ғаламдық жылыну фактісі күмән тудырмайды. Метеорология бақылауларының мәліметтері бойынша, соңғы 100 жылда жер бетіндегі орташа ауа температурасы 0,74 ºС-ке жоғарылаған және одан әрі біртіндеп ұлғаюда. Қазақстандағы жылыну үдерісінің қарқыны әлемдік масштабқа қарағанда жоғары. Бұған ғылыми зерттеулер дәлел.
«Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Рамалық конвенциясына сәйкес Үшінші ұлттық хабарламаны дайындауға ҚР-ның көмек көрсетуі» Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Ғаламдық Экологиялық Қор жобасының аясында арнайы баяндама әзірленуде. Баяндамада елдегі климат өзгерісінің алдын алу үшін орындалған шаралар мен жоспарланған әрекеттер, елдегі парниктік газ қалдықтарының деңгейі туралы мәліметтер келтірілген.
Төменде 1941- 2011 жылдар аралығында Қазақстандағы+ ауа температурасының қалай өзгергені, жалпы Қазақстан климатындағы өзгерістер туралы қысқаша шолу ұсынамыз.
Соңғы 70 жылда Қазақстан аумағында барлық маусымда жер бетіндегі ауа температурасының өсімі байқалды. Қазақстан бойынша орташа жылдық ауа температурасы 0,28 ºС жылдамдығымен әрбір 10 жыл сайын көтеріліп отырды. Жылыну үдерісі қысқы кезеңде (0,35 ºС/10 жыл) жиі байқалды. Одан кейін күз бен көктемде (0,32 және 0,27 ºС/10 жыл), жазда ауа температурасы қатты жоғарылаған жоқ (0,18 ºС/10 жыл).
Егер облыстар бойынша қарастырсақ, онда ең жоғары қарқынмен ұлғайған орта жылдық ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында байқалды (0,37 ºС/10 жыл), ал ең төменгі ОҚО, ШҚО, Алматы облысы мен Маңғыстау облыстарында орын алды (0,24…0,26 ºС/10 жыл). Қалған облыстарда орташа жылдық температура 0,28…0,31 ºС/10 жыл шамасында болды.
Қазақстанның барлық облысындағы метеостансалардың көпшілігінде жер бетіндегі ауа температурасының тәуліктік максимумдары мәндерінің ұлғаюы байқалады. Дегенмен, статистикалық маңызды мәндер негізінен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстары аумақтарына тиесілі болып келеді. Температуралардың тәуліктік максимумдары әр 10 жыл сайын 0,01…0,40 ºС-қа жоғарылайды, кей жерлерде 0,41…0,60 °С/10 жыл көбейеді.
Қазақстанның батыс және оңтүстік аумақтарында 35 ºС жоғары ауа температурасы жиі болды. Солтүстік өңірлерде 1941-2011 жылдар аралығында ыстық күндердің қайталану деңгейі өзгерген жоқ.
Хауыздардың аумағында ең төменгі тәуліктік температура 0°С-тан төмен болып келетін аязды күндердің азайғаны байқалды. Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда аязды күндер азайды (5-6 күн/10жыл). Қалған аумақтарда осындай күндердің саны әр 10 жыл сайын 1-4 күнді құрады.
Осындай мәліметтерден Қазақстандағы климаттың өзгергенін көруге болады.
Запрещено любое использование материалов рубрики «Блоги»: воспроизведение, перепечатка, ретрансляция во всех средствах массовой информации, в том числе на сайтах в Интернете.
1994 жылғы 21 наурызда күшіне енген Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негізгі Конвенциясына (БҰҰ КӨНК, 1992 ж.) әлемнің 180 елі қол қойды. Конвенция тараптардың парник газдары тастауларын Жер климатының қауіпсіз деңгейінде тұрақтандыру ниетін білдіреді. Қазақстан Республикасы Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негізгі Конвенциясын 1995 жылы алғашқылардың бірі болып бекітті, ал 2009 жылғы наурызда еліміз парник газдары тастауларын қысқартудың экономикалық аспаптары мен тетіктерін белгілеген Киот хаттамасын ратификациялады..
Доха қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климатты өзгерту жөніндегі шекті конвенция тараптарының XVIII конференциясы өз жұмысын аяқтады.
Оған әлемнің 194 елінен 15 мыңнан астам адам қатысты. Аталмыш конференцияға ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәрлен Ысқақов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ-нен хабарлады.
Конференция күн тәртібінің маңызды мәселелер санатында климаттың өзгеруіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда, Киото хаттамасының екінші кезеңіндегі міндеттемелерді айқындай түсу, қаржыландыру саласындағы кезекті қадамдар және Жасыл климат қорына қаражат тарту тетіктері.
Қазақстан Киото хаттамасын 2009 жылдың 26 наурызында ратификациялаған болатын. Аталмыш құжат дамыған және көшпелі экономикалы елдердің көмірқышқыл газын ауаға шығару қарқынын қысқартуға және тұрақтандыруға мәжбүрлейді. Киото хаттамасының күшінде болуының бірінші кезеңдік мерзімі 2012 жылдың соңында аяқталмақ.
Конференция нәтижесінде қатысушы мемлекеттер Киото хаттамасының екінші кезеңдік мерзімін 2020 жылға дейін создыру туралы шешімді көпшілік дауыспен қабылдап, «Киото-2» құжаты аясындағы міндеттемелерді Еуропалық Одақ, Австралия, Белоруссия, Исландия, Қазақстан, Лихтенштейн, Монако, Норвегия, Швейцария, Украина қабылдады.
Біздің ел үшін «Киото-2» құжатын қабылдау хаттаманың икемді нарықтық тетігі арқылы жобаларды жүзеге асыру мақсатында инвестиция тартуға жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |