Жерлерді сатып алу жоспарын іске асыру жөніндегі есеп Қазақстан: «Кернеуі 500, 220 кВ желілер Қазақстанның Ұэт-на жалғанатын 500 кв алма ҚС-ны салу»



Дата17.06.2016
өлшемі236.44 Kb.
#141415
group 2
«KEGOC» АҚ
Бекітілген

Басқарма төрағасының өндіріс

жөніндегі орынбасары

А. Ақмурзин

_______________________________




Жерлерді сатып алу жоспарын іске асыру жөніндегі есеп
Қазақстан: «Кернеуі 500, 220 кВ желілер Қазақстанның ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы

2015 ж. 20 мамыр



2015 ж. 20 мамыр

1.Кіріспе 3

2.Жобаның сипаттамасы 3

2.1 Жобаның құрамдас бөліктері 3

3.Трассаның өтуі және оның ықпал етуінің қысқаша сипаты 4

4.Жерді сатып алу процесі 5

4.1 Жобада қозғалған шаруашылықтар мен жерлерді бірдейлендіру 5

4.2 Жерді уақытша пайдалану үшін иеліктен шығару 6

4.3 Жерді тұрақты пайдалану үшін иеліктен шығару 6

4.4 Жерлерді сатып алу процесінің қағидаттары 6

4.5 Мүдделері қозғалған жер иелеріне кеңес беру 7

4.6 Құрылыс кезеңінде шағымдар беру және оны қарау тетігі 8

5.Мүлік құнын бағалау 8

1-қосымша 11

2-қосымша 13

3-қосымша 15

4-қосымша 16



5-қосымша 17

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі

Мүддесі қозғалған жерді пайдаланушылардың тізімі

Жерлерді сатып алу жоспарын іске асыру жөніндегі есеп


  1. Кіріспе

  1. Дүниежүзілік банктің «Мәжбүрлі көшіру» 4.12 операциялық саясатында ықпал ету шараларын жоспарлау және оны азайтуға барынша аз талаптар айқындалды, олар егер жерлерді сатып алу немесе тиісті ықпал ету талап етілетін жобаларды іске асыру үшін сақталуы тиіс болса. «Кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілері Қазақстанның ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы (бұдан әрі – Жоба) үшін Жерлерді сатып алу саясатының тұжырымдамалық шеңбері (бұдан әрі - ЖССТШ) әзірленген болатын, соған сәйкес «KEGOC» АҚ, Қарыз беруші және орындаушы ұйым Жерлерді сатып алу жоспарын іске асыру жөніндегі осы есепті (бұдан әрі - ЖСЖІЕ) дайындады, онда Жобаны іске асыру кезеңінде пайдаланылатын жерлерді сатып алу жөніндегі рәсімдер мен процестерге шолу жасалды.

  2. ЖССТШ-ны табысты іске асырудың нәтижесінде жер иелері мен оны жалға берушілердің барлық талаптары қанағаттандырылды. Жобаны іске асыру кіші-гірім ықпал ету шараларын іске асыруға әкеп соқты, өйткені 110 жер иесі ықпал ету шараларына ілікті және олардың жер учаскелерінің кемінде 10%-ы ғана Жобаға қажет болды. Халықты көшіру немесе орналастыру қажеттілігі болмады. Ықпал ету шараларын азайту мақсатында Жобаның трассасын және Жобаны іске асыру және оны аяқтағаннан кейін кері байланыс тетігін әзірлеу сияқты шаралар қабылданды, сондай-ақ Жобада мүдделері көтерілген халықпен жүйелі түрде консультациялар өткізу жолымен халықтың қатысуы ынталандырылды. Осы есепте толық көрсетілгеніндей, ЖССТШ Жобаны іске асыру шеңберінде жерді сатып алу көлемі мен ауқымын, сондай-ақ қағидаттар мен рәсімдердің қажеттілігіне қарай пайдаланылғанын сипаттайды.

  1. Жобаның сипаттамасы

  1. Жобаның даму саласындағы мақсаты экологиялық жауапкершілік пен қаржылық орнықтылықтың қағидаттары негізінде Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсат үздіксіз электрмен жабдықтау үшін жүйеде қосымша қуатты қамтамасыз ету және оны резервтеу үшін Алматы облысының жеткізуші желілерінің өткізу қабілетін арттыру жолымен қол жеткізілді. Жоба аяқталғаннан кейін келесі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер алынады деп күтілуде:

  • Алматы облысындағы тұтынушылар үшін қолжетімді қуат көлемін арттыру және бұдан кейін жүктемелерді шектеуді қысқарту; және

  • электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыру.

  1. Жоба Алматы түбіндегі Алма қосалқы станциясынан (бұдан әрі – ҚС) Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына жақын жердегі ОҚМАЭС ҚС-ға дейін 321 км астам жерді қамтиды. Жобаны қаржыландыру ХҚДБ мен «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) қаражаттары есебінен жүзеге асырылды. ХҚДБ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен 71,4 млн. АҚШ доллары мөлшерінде айырықша инвестициялық қарыз қаражатын берді. «KEGOC» АҚ өз қаражатынан 114,3 млн. АҚШ долларын қамтамасыз етті. Күтпеген шығыстар мен салықтарды қоса алғанда, бірақ құрылыс кезеңіндегі пайыздар мен бір жолғы алымдарды есепке алмағанда, Жобаның жалпы сметалық құны 185,7 млн. АҚШ долларын құрады. ХҚДБ екі құрамдас бөлікті: (i) 500 кВ ОҚМАЭС ҚС және Алма ҚС әуелік электр жеткізу желілерін (бұдан әрі - ӘЖ) салуды; және (ii) ОҚМАЭС ҚС-дан Алма ҚС-ға дейін құрылыс жобасын басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді қаржыландыруды жүзеге асырды.

2.1 Жобаның құрамдас бөліктері

  1. Жоба жаңа ҚС-ны салуды және оның жоғары вольты электр жеткізу желісіне жалғануын жаңа ӘЖ-ні салу, сондай-ақ тиісті ҚС-ның техникалық құралдарын жаңғырту жолымен қамтамасыз етті. Жобаның басты мақсаты Алматы облысы үшін электрмен жабдықтаудың жаңа торабы – Алма ҚС-ны салуды білдіреді. Жобаның басқа құрамдас бөліктеріне тиісті ҚС-ны жаңғырту мен кеңейту және ӘЖ-ні салу кіреді. Жоба үш құрамдас бөліктен, ал олар бірнеше кіші-гірім құрамдас бөліктерден тұрады, олар төменде келтірілген:

1-бөлім – Электр жеткізу желілерін салу


  1. 500 кВ ОҚМАЭС ҚС – Алма ҚС ӘЖ-ні салу;

  2. 500 кВ Алма ҚС – Алматы ҚС ӘЖ-ні салу;

  3. 220 кВ Алма ҚС – Кенсай ҚС ӘЖ-ні салу;

  4. Алма ҚС-да 220 кВ АЖЭО-3 – Робот ҚС ӘЖ-нің кірмелерін салу; және

  5. Алма ҚС-да 220 кВ АЖЭО-3 – Шелек ҚС ӘЖ-нің кірмелерін салу.

2-бөлім – ҚС-ны салу, кеңейту және жаңғырту


  1. 500 кВ Алма ҚС-ны салу;

  2. 500 кВ Алматы ҚС-ны кеңейту және қайта құру; және

  3. 500 кВ ОҚМАЭС ҚС-ны кеңейту және қайта құру.

3-бөлім – Консультациялық және техникалық қызметтер


  1. тендерлік құжаттар мен техникалық ерекшеліктерді дайындауды, алаңдарға баруды, барлық орындалған жұмыстардың сапасын бақылау мен мониторингісін жүргізуді, сондай-ақ мердігерге төленген төлемдер мен есептемелерді тексеруді қоса алғанда, 500 кВ ОҚМАЭС ҚС – Алма ҚС ӘЖ-ні салу үшін сатып алу мен жобаны басқару жөніндегі консультациялық қызметтер; және

  2. ӘЖ трассасын таңдау кезінде қолдау көрсетуді, инженерлік іздестірулер мен құрылысы барысында келісім-шарттардың іске асырылуын техникалық қадағалауды қоса алғанда, ӘЖ трассасын таңдау және бекіту жөніндегі техникалық қызметтер.

  1. 500 кВ ОҚМАЭС ҚС- Алма ҚС құрылысы және қосалқы станцияларды салу, кеңейту мен жаңғырту 2014 жылдың 27 ақпанында аяқталды.

  1. Трассаның өтуі және оның ықпал етуінің қысқаша сипаты

  1. «KEGOC» балансында жоғары вольты ҚС мен желілер: желінің жалпы ұзындығы – 24,374 км және 74 ҚС бар, жалпы қуаттылығы – 33,7 ГВт. «KEGOC» АҚ жеткізуші жүйесі үш өңірлік энергия жүйелерден тұрады: (a) Солтүстік желі ресей энергия жүйесімен жалғанған, (b) Оңтүстік желі Орталық Азияның энергия жүйесімен жалғанған, және (c) Батыс желі.

  2. Жоба біріктірілген энергия жүйесінің Оңтүстік желі шеңберінде жұмыс істейді. Трассаның бастапқы пункті 500 кВ ОҚМАЭС ҚС АТҚ, соңғы пункті – 500 кВ 500/220 кВ Алма1 ҚС АТҚ болып табылады. Трасса Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарының және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының аумағы арқылы өтеді. Желі үшін жеке адамдар мен компанияларға (бірлескен «жер иелері») тиесілі 126,602 га жер мен 490,175 га мемлекет жері қажет болды. Трассаның жалпы ұзындығы 321,7 км құрайды, оның 73,9 км жеке адамдарға, 22,5 км жеке фирмаларға және 225,3 км мемлекетке тиесілі. Жоба сегіз жобалық секциядан тұрады, олар іске асыру барысында құрылыс лоттарына айналдырылды. Олар сипаттамалар мен қорғанудың тиісті жіктеу шаралары мен қорғану шараларының құрылымы жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, төменде келтірілген.

  3. 1-секция (500 кВ ОҚМАЭС ҚС – Алма ҚС) 1-2 бұрыштардан басталады және 500 ОҚМАЭС ҚС – Алматы ҚС қолданыстағы ӘЖ-нің шығыс жағында 50 м қолданыстағы 500 кВ ӘЖ-нің дәлізін қиып өтеді. Трасса теміржол тұйығы мен 3 бұрышына дейінгі асфальт жолды кесіп өтіп, 2-бұрыштың сол жағына қарай бұрылады.2 3-бұрыштан 18-бұрышқа дейін өтіп, Каншенгель с., трасса 100 метр жерде қатарлас қолданыстағы 500 кВ ОҚМАЭС ҚС – Алматы ҚС арқылы өтеді. 18-бұрыштан бастап трассаның 21-бұрышына дейін қолданыстағы 110 кВ ӘЖ мен шаруа қожалығын айналып өтеді. 21-24 бұрыштары арасында трасса Алматы – Астана қатарлас жолында 0,8 -1 км өтеді.

  4. Трассаны таңдау және жобалау кезеңінде «KEGOC» АҚ жеке меншік жер иелеріне ықпал етуді азайту шараларын қабылдады және трассаны Балқаш көлін, Ақсүйек селосын, Сорбұлақ өзенін, қосалқы шаруашылықтарды, канализация арналары мен әскери полигонды айналып өтетіндей етіп жобалады. Соның нәтижесінде бұл бастапқы жоспарлағанға қарағанда 2,7 км ұзынырақ ӘЖ трассасын салуға әкеп соқты. 321,7 км трассаның кемінде 30%-ы жеке меншік жер иелеріне шамалы ғана әсер етті. Ықпал етуге ұшыраған және жеке меншік жер иелеріне тиесілі трасса қиып өтетін жерлерге негізінен ауыл шаруашылығы мақсатында жерлер – жайылым, айдалған және тәлімі жерлер, сондай-ақ басқа жерлер (сортаң, құмды, такыр3) кіреді.4 Жерлер екі 500 кВ ӘЖ мен үш 220 кВ тіректерді орнату үшін қажет болды. Соңғы есеп бойынша «KEGOC» АҚ тіректерге арнап жер учаскесін сатып алды (қоры 2 м болатын тірек негізі салынатын жер). Тіректі орнату схемасына сай 500 кВ ӘЖ тіректеріне арналған жер учаскесі 20 м × 20 м, 220 кВ ӘЖ үшін – 4,5 м × 4,5 м. жер учаскесін құрады. Санитарлық-қорғану аймағы үшін желі құрылысы аяқталғаннан кейін бірден 500 кВ ӘЖ үшін ені 30 м және ені 220 кВ ӘЖ үшін 25 м пайдалану жөнінде шектеу қойылады. Осы шектеулер ғимараттарды салуға және ағаштар отырғызуға тыйым салады және жерді, жайылымды өңдеуге және жерді пайдаланудың басқа түрлеріне ықпалын тигізбейді. Соның нәтижесінде Жобаны іске асыру үшін тұрғын үйлерді ауыстырудың және басқа ғимараттарды берудің қажеттілігі болмады, тек жер сатып алынды.

  5. Бірдейлендіру процесінің нәтижелерін сай 110 жер иеленуші ықпал етуге ұшырады.5 Тұрғын үйлер мен ғимараттарға және қосалқы шаруашылықтарға, немесе елді мекендер ретінде есептелетін фермерлік шаруашылықтарға (кіші-гірім қала, село және шағын ауылдар) ешқандай ықпал етуге ұшыраған жоқ. Жобаның ықпал етуіне ұшыраған 67 жеке меншік жер иелерінен уақытша негізде және 43 адамнан тұрақты негізде кіші-гірім жер учаскелері иеліктен шығарылды. Ықпал етуге ұшыраған жер иелері арасында 30 жер иесі өтемақы алған жоқ, өйткені қозғалған жер учаскесі мемлекетке, немесе «KEGOC» АҚ-ға тиесілі болды немесе жалға алу мерзімі аяқталуы негізінде мемлекеттік меншікке өтті. Осындай құқықты беру тиісті мемлекеттік органның ресми хаттарымен ресімделді және жерді өтемақылар төлемей, уақытша және тұрақты пайдалану үшін иеліктен шығару туралы 2010 жылғы 4 сәуірдегі № 3-575 қаулының жеткіліктілігіне негізделеді. Қалған ықпал етуге ұшыраған 80 жер иесі жерді пайдалану шарттарына қол қойды және ақшалай өтемақыларын алды. 2008 жылдан бұрынғы консультациялар және 2014 жылдың ақпанындағы консультациялар процесінде жерді сатып алуға қатысты ешқандай қарсылықтар немесе ескертулер түскен жоқ, бұл жерлерді сатып алу себепті желілер трассасын қайта қарау қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды жасауға әкеп соқты. Тұрмысы төмен адамдардың ешқандай санаты қозғалған жоқ.

  1. Жерді сатып алу процесі

4.1 Жобада қозғалған шаруашылықтар мен жерлерді бірдейлендіру

  1. Кез келген тіркелген жер учаскесінің топографиялық координаттары және оның Қазақстанда орналасуы туралы ақпарат Әділет министрлігінің жанындағы Тіркеу орталығында сақталады. Сондай-ақ осы ақпарат Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру Ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де (бұдан әрі – ЖерҒӨО) бар. «KEGOC» АҚ мердігерінің шарты бойынша тартылған Жобаны әзірлеушілер мүдделері кең түрде қозғалған жер иелері туралы ЖерҒӨО аудандық бөлімшелерінен ақпараттар алды. Олар жобаланатын трасса мен қиып өтетін немесе трассамен қозғалатын жер учаскелерінің белгілері бар карталарды алды. Жобалаушылар трассалардың топографиялық түсірілімі нәтижесінде алған жеке ақпараттары бар осы карталарды жасады.

  2. Қозғалған жер учаскелерін бірдейлендіру екі басты бағытқа негізделеді: 1) қолданыстағы жер кадастры және трассаны таңдау кезеңінде ұсынылған жерді пайдалану деректері және ЖерҒӨО трассаны келісуі, және 2) жобалау ұйымы жүргізген геодезиялық жұмыстар, осы кезеңде ӘЖ-ні салу уақытында ені 30 м бұрылатын қолданыстағы жолақ шегінде барлық жерді пайдаланушылар анықталды.

  3. Жобада мүдделері қозғалған адамдарды бірдейлендіру үшін пайдаланылатын тәсіл және қозғалған жер учаскелері қолда бар жобалаушылардың кадастрлық түсіріліміне және инженерлік түсірілімдеріне негізделді. Жобаның ықпалына ұшыраған адамдар мен жерлер туралы деректерден басқа алынатын жер учаскелерінің пайыздық арақатынасы негізінде айтарлықтай ықпал етуге ұшырауы мүмкін сол жер меншігі туралы деректерді алуға мүмкіндік болды. Жерге орналастыру жобасы әзіленді, оған ӘЖ трассасы бойынша берілетін жер учаскесінің алаңын нақтылау кіреді, сондай-ақ картографиялық материалдар жаңғыртылды.

  4. Бірдейлендірілген жер учаскелеріне бірдейлендіру құжатын дайындау үшін мүдделері қозғалған жер иелерімен консультациялар өткізілді. Жер иелерімен олардың жерлерін иеліктен шығару туралы келісімге қол жеткізілді. Осыдан кейін, «KEGOC» АҚ құрылысты салу үшін уәкілетті органдарға сұрату жіберді. Жер учаскелері таңдап алынды және құзыретті органның (оның құрамында уәкілетті органның мүшелері бар) иессіздендіру жолақтарын беру мүмкіндігі туралы қорытындысы алынды. Көрсетілген жерді иеліктен шығаруға әкімдіктің қаулы жобасы дайындалды; учаскелерді бұруға қаулы алынды.

4.2 Жерді уақытша пайдалану үшін иеліктен шығару

  1. Жобаны іске асыру барысында жер иелерінен жерлерді уақытша пайдалану үшін иеліктен шығару 2009-2013 жылдары ЖССТШ-ға сәйкес жүзеге асырылды. 67 жер иелерінен уақытша пайдалану үшін алынған жерлер олардың жерлерінің кемінде 10%-ын құрады. Трасса елді мекендерді (мәселен, қалаларды, ауылдар мен шағын селолық елді мекендерді) қиып өтпейді және тұрғын үйлер немесе шағын бау-бақшалар орналасқан жерлерге қайндай да болмасын ықпалы жоқ. Пайдаланылатын ставка 3-қосымшада көрсетілген. Осы жағдайлар бойынша шешім төменде келтірілген:

    Құқықтарды беру тәсілі

    Жер учаскелерінің саны

    Банкроттықты тану туралы шешімге сәйкес Алматы облысы, Талдықорған қ., Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық Сотының қаулысы.

    1

    Іле ауданы әкімдігінің қаулысы

    21

    Жамбыл ауданының УЗО хаты

    2

    Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы

    1

    Іле ауданының УЗО хаты

    2

    Шарттық келісім

    80

  2. «KEGOC» АҚ уақытша пайдалану үшін жерді иеліктен шығаруды аяқтады. Барлық жер учаскелері жер иелеріне қайтарылды, өйткені 500 кВ ОҚМАЭС-Алма ӘЖ қазіргі уақытта пайдаланылуға беріледі.

4.3 Жерді тұрақты пайдалану үшін иеліктен шығару

  1. Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарында және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында саны 898 дана желі тіректері үшін жер учаскелері тұрақты пайдалануға иеліктен шығарылды және Жоба аяқталғаннан кейін «KEGOC» АҚ-ның меншігіне берілді. 43 жер иелерінен тұрақты пайдалану үшін алынған жер учаскелері олардың жер көлемінің 10%-нан аспайды. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жер иелері ақшалай өтемақы алды. Жерлерді иеліктен шығару мемлекеттік органдардың мынадай қаулыларына сәйкес жүзеге асырылды:

  • Жамбыл облысы әкімдігінің 25.09.2013ж. № 262 қаулысы;

  • Алматы облысы, Іле ауданы әкімдігінің 19.04.2010ж. № 3-575 қаулысы;

  • Алматы облысы, Іле ауданы әкімдігінің 24.09.2014ж. № 9-944 қаулысы.

4.4 Жерлерді сатып алу процесінің қағидаттары

  1. Жерлерді сатып алу процесін жүзеге асыру кезінде «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының заңдары мен Жобада мүдделері қозғалған адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы адамдарға ақшалай төлемақылар төлеуді қарастыратын Дүниежүзілік банктің операциялық саясатының 4.12 тармағын қолданды. Дүниежүзілік банктің Саясаты мен еліміздің ішкі заңдарының қағидаттарында айырмашылық болған жағдайда Дүниежүзілік банк саясатының артықшылық күші болады.

  2. Аталған қағидаттар жерлерінн, құрастырмалары мен басқа материалдық активтерін жоғалтуға әкеп соққан шаруашылықтарды уақытша немесе тұрақты пайдалану үшін иеліктен шығару кезінде қолданылды; жерлерді пайдаланудағы немесе бизнестегі өзгерістер; жерді, шаруашылықтың құрылғыларын пайдаланудағы және бизнесті жүргізудегі шектеулер. Қағидаттар Жобаны іске асыру нәтижесінде мүддесі қозғалған, ықпал етуге ұшыраған адамдарға қолданылды. Содан кейін жерді пайдаланушылармен бағалаушы компаниялар орындаған ысырап бағаларына сәйкес шарттар жасалды, екі кезең бойынша өтемақылар төленді:

  • 1-кезең – құрылысты салу кезеңіне жерді уақытша алуға байланысты шығындардың орнын толтыру;

  • 2-кезең – ӘЖ тіректеріне жер учаскелерін сатып алу; осындай жерлердің көлемі жерді «KEGOC» АҚ-ның меншігіне беру кезінде жер учаскелерін таңдау актілерінде көрсетілді.

  1. Өтемақылар құрылыс басталғанға дейін алымдар мен салықтарды шегермей, бағалау нәтижелеріне сәйкес төленді. Өтемақылар мөлшерін анықтау кезінде мыналар ескерілді:

  • Жер учаскесінің құны немесе жерді пайдаланушының құқығы;

  • Жер учаскесін өңдеуге, оны пайдалануға, қорғаныс іс-шараларының жүргізілуіне, топырақтың құндылығын арттыруға байланысты, олардың инфляция деңгейі ескерілген шығындар;

  • Иеліктен шығару салдарынан туындаған жер иесінің (жерді пайдаланушының) барлық шығындары (жерді өңдеу, жинау, егін егу, жиналмаған астық шығындары);

  • Жіберіп алған пайдасы.

  1. Халық көшірілген жоқ, өйткені бірде-бір адам Жоба бойынша көшіру/орын ауыстыру қажеттілігі болмады. «KEGOC» АҚ жерлерді сатып алу кезінде ЖССТШ-ның мынадай қағидаттарын басшылыққа алды:

  • Өтемақы еркектер, сондай-ақ әйелдер үшін бірдей талаптармен төленеді.

  • Өтемақы мүдделері қозғалған жер иелері/шаруашылықтар үшін өздерінің табыстары мен тіршілік деңгейін Жоба іске асырылғанға дейінгі деңгейге жеткілікті болатындай болуы тиіс.

  • Мүдделері қозғалған адамдар құнсыздануды есепке алмағанда, уақытша ысыраптары мен теріс ықпалдарды қоса алғанда, жоғалған мүліктің, табыс пен бизнестің орнын алмастыратын толық құн мөлшерінде өтемақыны алуға құқылы.

  • Мүдделері қозғалған адамдар иеліктен шығару процесі кезінде консультация алады, ал жерді сатып алу Жобаның бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады және «KEGOC» АҚ толығымен қаржыландырады.

  • Пайдалану туралы нысанды құқық немесе келісімдер болмаған жағдайда мүдделері қозғалған адамдар оларға қолдау көрсету және өтемақы төлемінен айырылмайды.

  • Әйелдер және басқа жәбір көрген адамдар жетекшілік ететін шаруашылықтарға ерекше көңіл бөлінеді; олардың тұрмыс деңгейін сақтап қалу немесе жақсарту үшін қажетті қолдау көрсетіледі.

4.5 Мүдделері қозғалған жер иелеріне кеңес беру

  1. «KEGOC» АҚ Мүдделері қозғалған жер иелеріне кеңес берді; Жоба бойынша және өтемақыға арналған олардың құқықтары бойынша олардың әрқайсысына уақтылы ақпарат берілді. Бұдан басқа, Жерлерді сатып алу жоспарын әзірлеу барысында «KEGOС» АҚ шағымдармен жұмыс істеу үшін байланыс арналарын анықтады. Жоба бойынша барлық шағымдар жауапты өкілге мына факс бойынша 8-7172-690-451 немесе www.kegoc.kz. компанияның веб-сайтына жіберілді.

  2. Мүдделері қозғалған жер иелері «KEGOC» АҚ жерлерді уақытша немесе тұрақты пайдалану үшін жерді сатып алуға шартқа отырғанға дейін олардың әрқайсысы бойынша ақпараттық кездесулер/ кеңес беру өткізілгені туралы хабарландырылды. Қоғамдық тыңдаулар бастапқыда 2008 жылғы 14 қарашаға жарияланды, бірқатар кеңес берулер 2008 жылдың соңына және 2009 жыл ішінде жария етілді. Уақытша пайдалану үшін жерлерді иеліктен шығару және өтемақылық төлемдерді есептеу рәсімдері ақпараттық кездесулер/кеңес берулер барысында жерді пайдаланушыға түсіндірілді. Жерді тұрақты пайдалануға сатып алғаны үшін өтемақының жалпы мөлшері салынатын әрбір тірекке сатып алған жердің 1 шаршы метрі үшін тәуелсіз бағалау компанияларының есептемелерінде көрсетілді, ол танысу үшін мүдделері қозғалған жер иелері үшін қолжетімді болды. Олар жерлерінің сатып алынатыны және осы жер учаскелері үшін өтемақы көлемімен келісетіні туралы хабардар етілді.

4.6 Құрылыс кезеңінде шағымдар беру және оны қарау тетігі

  1. Жерлерді сатып алу іс-шаралары «KEGOC» АҚ мен Дүниежүзілік банкттің миссиясының бақылауымен жүргізілді. Іске асырылуын бақылауды «KEGOC» АҚ және аудандық/облыстық әкімшіліктер жылына бір рет бақылау жүргізді. Жерлерді сатып алу және бақылау және бағалау жөніндегі жарты жылдық есепті дайындау процесін бағалау Дүниежүзілік банке тапсырылды. Бақыланатын жұмыстардың жекелеген элементтеріне мыналар енгізілді:

  • Ақпараттық науқан және мүддесі қозғалған адамдарға кеңес беру.

  • Жерлерді сатып алу және өтемақыларды төлеу жөніндегі іс-шаралар мәртебесі.

  • Жер учаскелерін ауыстыруға таңдау және бөлу.

  • Қозғалған құрастырмалар мен басқа активтерге өтемақылар.

  • Жіберіп алған пайдасына өтемақылар.

  • Шағымдарды қарау тетігі: шағымдардың қысқа мазмұны, шешілу мәртебесі және шешілмеген мәселелер.

  1. Шағымдарды қажет болған жағдайда оларды реттеу үшін қарау тетігі әзірленді және енгізілді. Шағымдар төмендегі тәсілдердің көмегімен KEGOC назарына жеткізіледі:

      • KEGOC (www.kegoc.kz) сайтындағы қызу желі

      • KEGOC жобасының инженері үшін факс (8-7172-690-451)

      • Жұртшылықпен кеңес өткізу

  1. Дауларды жоғарыда көрсетілген арналар арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда жерді пайдаланушы жергілікті басқару органдарына жүгіне алады және осы дау бойынша шешім 2 аптадан асатын уақытта шешілмеген жағдайда дау сот тәртібімен шешіледі. Жобаны іске асыру барысында ешқандай шағымдар KEGOC түскен жоқ,

  1. Мүлік құнын бағалау

  1. ЖССТШ-да Жоба бойынша негізгі заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексі болғаны атап көрсетілді. Бұдан басқа, жерлерді сатып алу процесі мынадай нормативтік-құқықтық базамен реттелді:

  • «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңы;

  • 2007 МСО мүлігін бағалау стандарттары жөніндегі халықаралық комитеттің халықаралық бағалау стандарттары;

  • Қазақстанның бағалаушылар қауымдастығының стандарттары;

  • Бағалау саласындағы қазақстандық стандарттар: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Негізгі терминдер мен анықтамалар» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 325 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 326 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің құныны бағалау» бағалау стандарты; Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 327 бұйрығымен бекітілген Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар.

  1. Құрастырмалар үшін өтемақылар мөлшерін есептеу үшін пайдаланылған бағалау әдістері (i) шығындарға, (ii) пайдаға, және (iii)белгілі бір бағасы көрсетілген ұқсас құрастырмамен салыстырмаларға негізделген жалпы қабылданған практикаларға сәйкес келді. Жоба шеңберінде пайдаланылған барлық бағалау әдістері Қазақстан Республикасы Жер кодексі 2-бөлімінің 4-тармағына негізделі.

Салыстырмалы әдіс


  1. Қолданылатын салыстырмалы әдіс ауыстыру қағидаттарына, негізінен тұрғын жайларға негізделді. Осындай тәсіл осы аумақ шегіндегі ұқсас жер учаскелері мен жеке меншіктегі жер учаскелерін салыстыруды білдіреді. Бағалаушы жергілікті газеттерде немесе жергілікті телеарналарда жарияланатын осы аумақ шегіндегі ұқсас меншіктегі және жер учаскелерін сату туралы хабарландыруларды есепке алды. Тәуелсіз сатып алушылар мен сатушылар ұсынған ашық нарықта жақында сатылған ұқсас объектілер салыстырылды.

Пайданы есептеу әдісі


  1. Пайданы есептеу әдісі) күту қағидаттарына негізделген, яғни ақылды сатып алушы (инвестор болашақта кіріс немесе пайда алу мақсатында жер учаскесін сатып алады. Мұндай әдіс болашақта кіріс әкелуге қабілетті объектінің құнын анықтау үшін коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерді (мәселен, бос тұрған коммерциялық және ауыл шаруашылығы жерлері) бағалау үшін ғана қолданылады. Құны болашақтағы орынды кірістің мөлшерін білдіреді. Осы әдісті қолдану дисконттау және капиталдандыруды пайдалана отырып, олардың пайда деңгейіне ықпалын тигізуі мүмкін экономикалық талаптар мен үдерістерге жан-жақты талдау жасауды талап етеді. Сондай-ақ құжаттар негізінде (салық декларациялары, пайдалар мен шығындар туралы есептер және т.б.).

  2. «KEGOC» АҚ жер салығын, ауыл шаруашылығы ысыраптары үшін өтемақыларды есептеу үшін жерлерге тексеру жүргізді, сондай-ақ жер учаскелеріне бағалау құнын есептеп шығарды, төлемдерді ҚР Үкіметі жүзеге асырды. Қазақстанның Жер кодексі 6-бабының 4-тармағына сай бағалау мемлекеттік жерлерді және жер иелерінен жеке меншікті сатып алу үшін міндетті; бағалау жөніндегі әдіснама жақ-жақты баяндалған. «KEGOC» АҚ «ЖерҒӨО» РМК АӨФ және «Жамбылконсалтинг» ЖШС және «Бағалау және сараптама» ЖШС.6 тәуелсіз бағалау компаниялары тартылды.

«ЖерҒӨО» РМК АӨФ


  1. ЖерҒӨО» РМК АӨФ – міндетіне жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингісі кіретін уәкілетті орган. «KEGOC» АҚ Жоба бойынша мынадай қызметтерді сатып алды:

  • Геодезия секторы: әзірленген жерге орналастыру жобалары.

  • Жер кадастрын жүргізу секторы: картографиялық материалдарын жасау және экспликациялау.

  • Іздестіру және мониторинг секторы: топырақтық іздестірулер жүргізу:

  • ауыл шаруашылығы ысырабына ақыны есептеу;

  • бонитет балдарын есептеу, соған сүйене отырып, жерді пайдалануға салықтың мөлшері анықталды;

  • жерді пайдаланғаны үшін жалға алу ставкасын белгілеу;

  • «KEGOC» АҚ-ның жеке меншігіне жер учаскесін бөлу кезінде жер учаскесінің кадастрлық құнын бағалау

Тәуелсіз бағалаушылар


  1. «Жамбылклнсалтинг» ЖШС және «Бағалау және сараптама» ЖШС мыналарға жауапты болды:

  • құрылыс кезеңінде жіберіп алған пайда мен жер учаскесінің бөлігін алған кездегі залалдың мөлшерін анықтау;

  • ӘЖ-ның құрылысы аяқталғаннан кейін «KEGOC» АҚ-ның тұрақты пайдалануына сатып алу үшін жер учаскелерінің әділ құнын анықтау.

  1. Мүдделері қозғалған жер иелеріне өтемақы олармен жасалған тиісті шарттарда көрсетілген ауыстыру құнына сәйкес төленді. Қозғалған жер учаскелеріне арналған кадастрлық құжаттамада көрсетілгендей, нақты кадастрлық құнға қарамастан ауыстыру құны қозғалған жер учаскелерінің бағалау нарықтық құны бойынша анықталды. Бағалау құжаттарында пайдаланылған нарықтық құнды тәуелсіз бағалау компаниялары, «Бағалау және сараптама» ЖШС және «Жамбылконсалтинг» ЖШС жергілікті жерлердің заңнамасы және аталған өңірдегі ұқсас жер учаскелерінің салыстырмалы құны негізінде есептеді.

  2. Тірекке салуға кететін жер учаскелерінің құнын есептеу кезінде «Жамбылконсалтинг» ЖШС және «Бағалау және сараптама» ЖШС Жоба бойынша желі трассасына тек қана ауыл шаруашылығы желілері, айдалған жерлер, жайылым жерлер, егістік алқаптар мен қорға алынған жерлердің пайдаланылғанын ескерді.

  3. «KEGOC» АҚ сатып алатын мемлекеттік қордағы жер учаскесі 3-қосымшада көрсетілген базалық ставкаға сәйкес ӘЖ құрылысы аяқталғаннан кейін уәкілетті органнан сатып алынды. Нормаланған базалық ставкалар мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық компаниялар иелігіндегі жерге қатысты ғана пайдаланылды. Басқа барлық жеке тұлғалар әділ нарық құны бойынша өтемақы алды. Жердің басқа мақсатқа тағайындалуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлері мен ормандық жайылымдардың ысыраптары үшін мемлекетке жалға алу төлемі осыған ұқсас төленді.

    1-қосымша

1-кесте: Қозғалған жерлер



    Сипаттамасы

    Саны

    500 кВ ОҚМАЭС – Алма ҚС

    Ұзындығы, км

    Соның ішінде

    Жамбыл облысы бойынша

    Алматы облысы бойынша


    321,7


    93,4

    228,3


    Бұрылыс бұрыштары

    44

    ӘЖ-ден ауытқу коэффициенті

    8,0

    4. Ауыл шаруашылығы жерлері:

    а) Жамбыл облысы бойынша:

    жайылым, км

    b) Алматы облысы бойынша:

    айдалған жерлер, км

    жайылым жерлер, км



    93,4

    10,0


    218,3



2-кесте:Мүдделері қозғалған жер иелері






    аудан

    Мүдделері қозғалған барлық жер иелері

    Өтемақылар төлеуге жасалған шарттар

    1

    Іле

    79

    79

    2

    Жамбыл

    30

    0

    3

    Мойынқұм

    1

    1

    Барлығы

    3

    110

    80




    2-қосымша

3-кесте: Өтемақылар төлеуге арналған құқық матрицалары


    Жобаның құрамдас бөліктері

    Элемент

    Жобаның ықпалы

    Жобаның шеңберінде мүддесі қозғалған адамдардың санаты

    Төлеу құқығы



    Электр жеткізу желісі

    Тіректер

    Тіректерді орналастыру-ға жерлерді сатып алу/алу

    Иесі / жалға беруші

    Нарықтық құн бойынша өтемақы

    Салықтарды, транзакциялау, тіркеу және ауыстыру алымдарын шегергенде, нарықтық ақпарат әдісімен алынған жерлер және жер үстіндегі активтер үшін ақшалай өтемақы (нарықтық құны)

    Иесі

    Жер үстіндегі активтер үшін өтемақы

    Салықтарды, транзакциялау, тіркеу және ауыстыру алымдарын шегергенде, нарықтық ақпарат әдісімен алынған жерлер және жер үстіндегі активтер үшін ақшалай өтемақы (салыстырмалы тәсіл)

    Электр жеткізу желісі

    Құрылыс кезеңінде жерді уақытша пайдалану

    (құрылыс кезеңінде жалға алу)



    Иесі

    Ысырап болған астық пен басқа ысыраптар үшін өтемақы

    Салықтарды, транзакциялау, тіркеу және ауыстыру алымдарын шегергенде; нарықтық құн бойынша ішкі табыстың ақшалай өтемақысы (2 жылда);



    Жалдаушы

    Ысырап болған астық пен басқа ысыраптар үшін өтемақы

    Салықтарды, транзакциялау, тіркеу және ауыстыру алымдарын шегергенде; нарықтық құн бойынша ішкі табыстың ақшалай өтемақысы (2 жылда);







    Мемлекеттік мекемелердің жерлері

    Мемлекеттік мекемелердің ставкасына сәйкес

    Мемлекеттік мекемелердің ставкасына сәйкес


    3-қосымша

4-кесте:Бағалауды есептеу




    Жерлер санаты

    Өтемақыны есептеу әдісі

    Ауыл шаруашылығы жерлері (айдалған жерлер, жайылым жерлер, егіс алқаптары)

    Салықтарды, транзакциялау, іркеу және ауыстыру алымдарын шегергенде, құрылыс кезеңінде жерді уақытша пайдалану кезіндегі өтемақы (нарық құны бойынша):

    70% өзіндік құны кезінде бастапқы есептік жыл ішіндегі таза пайда (ТП) (тәуелсіз бағалау компаниясы қабылдайды):

    Түсімділігі * егіс алқабы * сатып алу бағасы* 1,25 * 1,324 *0,3


    Мемлекеттік қор (қорға алынған жерлер)

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890қаулысымен бекітілген базалық ставкаларға сәйкес.




    Болжанылатын ішкі пайда (2 жыл мерзімдік құрылыс кезеңінде жерді уақытша пайдалану үшін алынатын жер учаскесінен жіберіп алған пайдасы) мына формула бойынша есептеледі:

    Түсімділігі *егіс алқабы * сатып алу бағасы * 1,25 * 1,324 *0,3

    мұндағы:

    1,25 – ауыл шаруашылығы өнімдерінің орташа сатып алу бағасын 25 %-ға болжамды арттыру ;

    1,324 – өсімдік шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуін талдаудан болатын бағалардың өсімі.

    70% – ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжанылған өзіндік құны.

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру үшін алынған жер учаскесінен болуы мүмкін жіберіп алған пайданы есептеу кезінде мынадай бастапқы деректер қолданылды:


5-кесте:Көздері


    Сипаттамасы

    Көзі

    Жерді пайдаланушының учаскесінде өсірілетін өсімдіктердің түрлері

    Жерді пайдаланушының жер учаскесін тексеру актісі.

    Ауыл шаруашылығы өнімінің құны (өзіндік құны және сатып алу бағасы бойынша), теңге

    Қазақстандық интернет ресурстар: www.almatyobl.stat.kz, www.stat.kz, www.krisha.kz,

    Түсімділігі, центнер/1га

    Қазақстандық интернет ресурстар: www.almatyobl.stat.kz, www.stat.kz, www.krisha.kz,




    4-қосымша



Жоба бойынша трассаны шолу жоспары





    5-қосымша




1 4-қосымшаны қараңыз: Жоба бойынша трассаға шолу жасау жоспары

2 4-қосымшаны қараңыз: Жоба бойынша трассаға шолу жасау жоспары

3 Тақыр әдетте маусымдық жаңбырдан кейін саз балшықты жазық шұңқырларда судың толтырылуынан пайда болады. Су буланғаннан кейін топырақтың үстіңгі қабатында жарықшақтары бар қыртыс пайда болады.

4 1-қосымшаны қараңыз, 1-кесте: Қозғалған жерлер

5 1-қосымшаны қараңыз, 2-кесте: Мүдделері қозғалған жер иелері

6 Толығымен бағалаудың осы есептері 3-қосымшада, 4-кестеде ұсынылды: Бағалауды есептеу



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет